Кадет мектебінде
30 қыркүйекте Павлодар мамандандырылған кадет мектебінде кездесу кешінің құрметті қонағы болдым. Шара Қазақ хандығының 550 жылдығына және Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына орай ұйымдастырылды. Мемлекетшілдік, отаншылдық тақырыптарына жазылған өлеңдерімді оқып, курсанттардың сұрақтарына жауап бердім. Олар да өз өнерлерін көрсетіп, кеш тартымды әрі мәнді-мағыналы өтті.