Мазмұнға өту

Жаңа

«ҚазАгро» ұлттық холдингі 92,8 млрд теңгеге егін егу және жинау жұмыстарын қолдады

Қазақстанның негізгі астық егуші аймақтарында дәнді дақылдарды жинау белсенді жүргізілуде.Биылғы жылдың көктеміндегі егістік науқаны ауа-райының қолайсыз жағдайларының себептерімен біраз созылып кеткені белгілі, деп хабарлады холдингтің баспасөз қызметі.

Бүгінде күзгі жаңбырлар мен салқын түскенге дейін жинау жұмыстарын дер кезінде өткізу аса маңызды.  Басты аграрлық шараларды сапалы әрі уақытылы өткізуге «ҚазАгро» ұлттық холдингі өз көмегін көрсетуде,  ол осы кезге дейін республиканың аграрлық құрылымдарын 92,8 млрд. теңгеге қаржыландырды. Осы қаражаттардың негізгі бөлігін Холдингке агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолдау жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін республикалық бюджеттен бөлінген 60 млрд. теңге көлеміндегі несие қаражаты құрайды.  Бүгінгі күні осы қаражаттарды игеру шамамен 59 млрд.теңгені немесе шамамен жоспардың  98%-ын құрады.  Ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің 2 251 өтінімі қаржыландырылды.

ЕДБ арқылы агробизнесті қорландыру құралы «ҚазАгро» ұлттық холдингімен өткен жылғы сияқты фермерлердің қаржыландыруға қолжетімділігін кеңейту мақсатында қолданылды.  Банктердің бағдарламаға қатысу саны 2014 жылмен салыстырғанда 4-тен 8-ге дейін екі есеге өскенін атап өту қажет.  Олар бойынша қаржыландырудың жалпы көлемі 33,5 млрд. теңгені құрайды. Бүгінгі таңда 100% қаражат игерілген.

Бюджеттік несиеден басқа, «ҚазАгро» холдингінің   еншілес компаниялары меншікті қаражаты есебінен көктемгі-егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландырды. Мысалы, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ – «Егінжай» бағдарламасы бойынша, «Аграрлық несие корпорациясы» - Несие серіктестіктері жүйесі арқылы, «ҚазАгроҚаржы» АҚ – ауылшаруашылық техникасының лизингі бағдарламасы бойынша.

Аграрларға егін жинау науқанын уақытылы жүргізу үшін көмек ретінде «ҚазАгроҚаржы» желісі бойынша ауыл тұрғындарының отандық өндіріс комбайндарын жеңілдікті сатып алу бағдарламасы енгізілді. Бұл бағдарлама бойынша шарттар 10% көлеміндегі аванстық төлем мерзімін 2015 жылғы 15 қарашаға дейін ұзарту арқылы 7 жыл мерзімді көздейді.  Ауа-райы жағдайларының мүмкін бұзылып кету қаупін ескере отырып, ұқсас жағдайлар дән тазалағыш және дәнді кептіргіш жабдықтарды лизингке сатып алу үшін көзделген.

Егін жинау жұмыстарын қаржыландыру шеңберінде бүгінгі таңда жалпы сомасы 26,6 млрд.теңгеге 1 913 бірлік техниканы сатып алуға өтінімдер қабылданды, оның ішінде 15,3 млрд.теңге сомасына 1 392 бірлік техниканың қаржы лизингі шарты жасалды.

Астық сақтау қуаттылығын кеңейту мақсатында «ҚазАгро» ұлттық холдингі астық қоймаларын салу және жаңартуға өтінімдерді қабылдауды және қарастыруды жүзеге асырады.  2014 жылы сақтау сыйымдылығы 76,5 мың тонна қуаттылықты құру/кеңейту бойынша 5 жоба іске қосылды. Ағымдағы жылы 200 мың тоннадан кем емес сақтау қуаттылығын пайдалануға беру жоспарланады, қуаттылығы 422 мың тонна жобалар іске асырылу сатысында.

Ақпарат көзі

 
0
0
218

А.Есімов: ЭКСПО-ның басты мақсаты – болашақтың энергиясын көрсету

Алматы әкімі Бауыржан Байбек пен «Астана ЭКСПО-2017» ҰҚ» АҚ-ының басқарма төрағасы Ахметжан Есімовтың қатысуымен Алматыда «Астана ЭКСПО-2017» ұйымдастыру әрі жүргізуге қатысты форум өтіп, онда ынтымақтасмтық туралы Меморнадумға екі жақты қол қойылды, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Құжатта Алматыда «Астана ЭКСПО-2017» ұйымдастырудың негізгі бағыттары көрсетілген. Бұдан өзге алматылық кәсіпорындар мен ЭКСПО-ның бас мердігерлері арасында жалпы құны10 млрд теңге болатын бірқатар келісімге де қол қойылды. Форумды ашқан қала басшысы алдағы болатын көрменің қала үшін мультипликативті тиімділігі мен елге берер мол мәнін атап өтті. Ол «Астана ЭКСПО-2017» алматылық тауар өндірушілерінің белсенді түрде қатысуы нысандардағы қазақстандық сипаттың үлесін арттырады деді.

«Президент Нұрсұлтан Назарбаев, айтып өткендей, ЭКСПО – қазіргідей күрделі дағдарысқа қарсы бағдарлама болып саналады. ЭКСПО инвестицияны молайтып, туризмді және басқа да салаларды дамытуға, құрылысқа жаңа технологияларды тартуға ықпал етеді. Ең бастысы - ЭКСПО жаңа жұмыс орындарын ашып, салық түсімін арттырады, соның арқасында біз маңызды міндеттер мен жобаларды жүзеге асырамыз»,   - деді Б.Байбек.

Өз кезегінде «Астана ЭКСПО-2017» ҰҚ» АҚ-ының басқарма төрағасы Ахметжан Есімов отандық экономиканың локомотивіне айналған Алматының жоғары потенциалын және Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей қолдауы арқасында «Астана ЭКСПО-2017» дағдарысқа қарсы бағдарлама екендігін жеткізді.

«Сөз жоқ, ЭКСПО-ны Алматысыз өткізу мүмкін емес. Бұл жоба «Бизнестің жол картасы- 2020», «Нурлы жол» және басқа да бағдарламаларға игі ықпал етеді. Президенттің бастамасы бойынша отандық бизнеске қатысты үлкен бағдарламалар өмірге келуде, ал ЭКСПО арқылы болашақ энергиясы паш етіледі. Бұл өте ауқымды жұмыс, оның біздің еліміз ғана емес, әлемнің болашақ энергетикасы үшін де маңызы орасан»,  - деді А.Есімов.

ҚР Тұңғыш Президентінің қоры форумы аясында Алматы қаласы тауар өндірушілерінің көрмесі өтті, онда 40 компания өз өнімдерін көрсетті. Олардың арасында құрылыс материалдары, қондырғылар, арнайы техника, мебель, киім, сувенир және полиграфия өнімдері бар.

Шара аясында «Ritz-Carlton» және «Inter Continental» отелдеріне «Recommended by EXPO» (ЭКСПО ұсынған) төсбелгісі табыс етілді.

Жасаған Меморандум бойынша Алматы әкімдігі мен «Астана ЭКСПО-2017»ҰҚ» АҚ-ының арасында 2015-2017 жылдары «Астана ЭКСПО-2017» мерзімінде әрі сапалы жүргізу үшін шаралар Жоспары жасалып, бекітілді.

Ақпарат көзі

 
0
0
1635

«Еуразия Барысына» қатысатын шетелдік палуандар анықталды

Тараз қаласындағы «Тараз-Арена» спорт кешенінде 9 қазанда өтетін қазақ күресінен ІІІ халықаралық «Еуразия Барысы» турниріне Қазақстаннан өзге Түркия, Польша, Ресей, Грузия, Қырғыз Республикасы, Өзбекстан, Моңғолия елдерінің құрамалары қатысып, өзара мықтыны анықтайды. Үшінші мәрте өтетін халықаралық турнир Қазақ хандығының 550 жылдығына арналады.

Биылғы турнирде қатысушылардың салмақ дәрежелеріне қатысты өзгеріс бар. Бұған дейінгі екі турнирде палуандар 5 салмақ дәрежесі бойынша белдессе, биыл 7 салмақ бойынша күреседі (55, 66, 74, 82, 90, -100, +100 келі). Жылдағы үрдіс бойынша төрешілер құрамына шетелдік мамандар шақырылды.

Былтырғы «Еуразия Барысы» турнирінің чемпиондары Моңғолия биыл жаңа құрамда бақ сынайды. Бақыт Однай жаттықтыратын команда кұрамы мынадай:

1. 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Сумия Батгал

2. 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Ганбол Херлен

3. 74 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Ганбаатар Одбаяр

4. 82 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Мунхбат Дагвадорж

5. 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Ган Тувшинжаргал

6. 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Бунддорж Джанчивдорж

7. 100 келіден жоғары салмақ дәрежесі: Алтангерел Давааням

 

Грузия құрамасы жарысқа қатысуға сақадай-сай. Карен Арутюнян баптайтын палуандар тізімі төмендегідей:

1. 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Иосе Церцвадзе

2. 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Гиоргий Калдани

3. 74 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Каха Мамулашвили

4. 82 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Заур Гагнидзе

5. 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Паата Гвиниашвили

6. 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Гиоргий Коберидзе

 

Түркия құрамасы биыл Таразда өтетін турнирге үшінші мәрте қатысқалы отыр. Олардың құрамында мына палуандар белдеседі:

1. 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Ахмет Озбай

2. 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Искендер Озканоглу

3. 74 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Ибрагим Узун Халил

4. 82 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Илкер Гулдурен

5. 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Сахин Турсак

6. 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Юнусэмре Байндир

7. 100 келіден жоғары салмақ дәрежесі: Мурат Гемалмаз

 

Қырғыз Республикасының құрамасы «Еуразия Барысы» турниріне биыл екінші мәрте қатысады. Олардық құрамасы қазақ күресінен халықаралық жарыстарда жүлде алып жүрген палуандардан жасақталған.

1. 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Кұлынбек Естебаев

2. 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Санжар Османалиев

3. 74 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Мирлан Ералиев

4. 74 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Кененбек Шамшидинулы

5. 82 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Мадияр Нуркалыкулы

6. 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Нурбек Раймалыулы

7. -100 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Тілек Кұралов

8. + 100 келіден жоғары салмақ дәрежесі: Максим Стихин

 

Польша балуандары «Еуразия Барысы» турнирі басталғалы қатысып келеді. Қазақ күресінің жүлдесіне таласы бар польшалық палуандар биыл бабында.

1.  55 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Ваврзкивич Марек

2.  66 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Гарбачик Бартоломей

3.  74 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Пузыра Филип

4.  82 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Радослав Козчински

5.  90 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Микола Трзешнивский

6.  100 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Сарек Пётр

7.  100 келіден жоғары салмақ дәрежесі: Зарзечны Якуб

 

Ресей балуандары 2013 жылы турнирдің қола жүлдесін иеленген. Олар биыл келесі тізімде көрсетілгендей құрамда белдеседі.

1. 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Алексей Кузьменко

2.  66 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Акоп Акопян

3.  74 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Сергей Николаев

4.  82 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Андрей Перевелюк

5.  90 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Андрей Гусаров

6.  100 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Дмитрий Минаков

7.  100 келіден жоғары салмақ дәрежесі: Максим Ширяев

 

Өзбекстан құрамасы палуандарының тізімі:

1. 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Лазиз Мажидов

2. 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Асадулло Бозоров

3. 74 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Камоладдин Расулов

4. 82 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Алишер Кудайбердиев

5. 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Ильхом Жураев

6. 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: Равшан Кусанов

7. 100 келіден жоғары салмақ дәрежесі: Мухси Киссомиддинов

 

«Еуразия Барысында» Қазақстан намысын қорғайтын палуандар тізімі 7 қазанда белгілі болады. Қазір Тараз қаласында қазақ күресінен ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиындары өтуде. Сайыс билеттері «Тараз-Арена»спорт сарайының кассаларында сатылады.

 
0
0
550

ММА «KUNLUNFIGHT 4 CAGE SERIES» Әлем біріншілігінде Бейбіт Назаров «Алтын белбеуін» екінші рет қорғап қалды

Бейбіт осыған дейін сәуір айында Алматыда өткен осындай Әлем біріншілігінде «KUNLUNFIGHT» тұжырымы бойынша Әлем чемпионы атағын жеңіп алған болатын

Астана қаласындағы «Сарыарқа» велотрегінде өткен аралас жекпе-жектен ММА «KUNLUNFIGHT 4 CAGE SERIES» Әлем біріншілігінде Бейбіт Назаров осы турнирде өзінің «Алтын белбеуін» екінші рет қорғады.

Турнирге 15 елден ең мықты деген 22 спортшы қатысты. Ол қарсыласы Massimo Capusello-ны 20 секунд ішінде жеңіп, алтын белбеуін қорғап шықты.

Бейбіт осыған дейін сәуір айында Алматыда өткен осындай Әлем біріншілігінде «KUNLUNFIGHT» тұжырымы бойынша Әлем чемпионы атағын жеңіп алған болатын. Кейін, көп ұзамай маусым айында Бейжің қаласында өткен кезекті әлемдік додада ол жергілікті сайыпқыран Бухао Тянды жеңіп, өз белбеуін бірінші рет қорғаған болатын.


0
0
224

Серікбол Сайлаубек: Көзілдірікті денсаулығыма байланысты шешпеймін

Бүгін «Таңшолпанда» әнші Серікбол Сайлаубек қонақ болып, шығармашылығындағы жаңалықтарымен бөлісті.

Бүгін «Таңшолпанда» әнші Серікбол Сайлаубек қонақ болып, шығармашылығындағы жаңалықтарымен бөлісті.

«Мамыр айынан бастап, Алматы облысы, Жамбыл облысы, Түркістанды аралап, 51 тегін  концерт қойдым. Оған дейін үнтаспам шыққан еді, оны да халыққа тегін тараттым.  Халықтың маған ақшасы емес, батасы қымбат. Сондықтан барлық жерде концерт 2 сағатқа созылды. Мәдениет үйінде емес, Орталық алаңда өткіздім. Алдағы уақытта Маңғыстау, Қызылорда және  солтүстік облыстарға бару жоспарда бар», - дейді ол.

Сондай-ақ, әнші көзілдірікті шешпейтінінің себебін түсіндірді.

«Халықтан ештеңені жасырмаймын. Бір көзім мүлдем көрмейді. Екінші көзім -4,5. Мына көзілдірік арнайы жасалған. Сондықтан денсаулығыма байланысты көзілдірікті шешпеймін», - дейді ол.

Серікбол Сайлаубектің сұхбатын толығырақ «Таңшолпаннан» тыңдаңыз.


0
0
417

Қызылордалық полицейлер «Заңсыз келуші-2015» жедел-профилактикалық іс-шарасын қорытындылады

Қызылорда облысының Ішкі істер департаменті Қызылорда облысы мен Байқоныр қаласы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті және шекара қызметінің 2019 әскери бөлімімен бірлесіп, 2015 жылдың қыркүйек айының 28-і мен қазан айының 2 күні аралығында облыс көлемінде «Заңсыз келуші-2015» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді.
Іс-шара нәтижесімен облыс көлемінде шетел азаматтармен жасалған 1033 құқық бұзушылық анықталып, елден тыс жерлерге 60 шетел азаматы шығарылып, жеке басын анықтау үшін қабылдау тарату орнына 59 азамат   қамалды.
Сонымен бірге, шетелдіктерді заңсыз жұмысқа тартқан және ҚР-да болу ережелерінің сақталуын қамтамасыз етпеген Қазақстан Республикасының 102 жеке және заңды тұлғалары әкімшілік жауапқа тартылды.
Қазақстан Республикасы аумағынан шығарып жіберу туралы сот шешімдерін орындамағаны үшін Өзбекстан Республикасының 13 азаматына қатысты Қылмыстық кодекстің 393 бабымен сотқа дейіңгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Мысалға, 2015 жылдың 2 қазан күні көші-қон полициясы басқармасының қызметкерлерімен облыс орталығында Өзбекстан Республикасының азаматы Ф.Б.  тоқтатылып, жеке басын куәландыратын құжаттары тексерілді.
Тексеру барысында, Ф.Б.-мен ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 2-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының 2015 жылғы 18 қыркүйектегі қаулысымен оған қатысты Қазақстан Республикасы аумағынан шығару туралы шешім қабылданғанымен, оны орындаудан жалтарып жүргендігі анықталды.
Қазіргі таңда, Өзбекстан Республикасының азаматы Ф.Б-ға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 393-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Қызылорда ОІІД  Баспасөз қызметі

0
0
375

«Таңшолпанда» — «Бабадан қалған байтағым» ақындар айтысының жеңімпазы Әсем Ережеқызы

Бүгін «Таңшолпан» бағдарламасында «Бабадан қалған байтағым» атты ақындар айтысының бас жүлде иегеріӘсем Ережеқызы қонақ болды.

«Ақтөбеде өткен айтыс - Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған республикалық дода. Еліміздің түкпір-түкпірінен 9 ақын, Ақтөбе өңірінен 9 ақын қатысты», - деді ол.

Бағдарлама барысында айтыскер ақын шәкірттері туралы да айтты.

«Қыркүйек айында Алматыда өткен республикалық айтысқа шәкіртім Бибігүл Тілеболдинова қатысты. Сондай-ақ, Айсәуле Бейсенхан менен тәлім алады. Алдыма келіп, кеңес сұраған жастардан көмегімді аямаймын», - дейдіӘсем Ережеқызы.

Сондай-ақ, ол қазіргі жас айтыскерлерге көңілі толатынын, олардың айтысқа деген құлшыныстары ерекше екенін айтып өтті.

Ал, айтыстан жеңілген кездегі көңіл-күйі туралы былай дейді: «Жеңу мен жеңілу де шартты нәрсе болып барады. Біз сөзден жеңілмеуге тырысамыз. Өйткені айтысқа дайындықпен барамыз. Тек кейде қазылардың бағалауы әртүрлі болады. Бірақ айтыстан бәйге алмасам да, ренжімеймін».

Әсем Ережеқызы сұхбатын толығырақ «Таңшолпаннан» тыңдаңыз.

 
0
0
1149

Бүгін — Шона Смаханұлы мен Жұбан Молдағалиевтің туған күні

Ақын, сатирик Шона Смаханұлы әдебиетке өткен ғасырдың 50-жылдары келді.

Жұбан Молдағалиев – майдангер ақын. 1940 жылы әскерге алынып, 1947 жылы майданнан аман-есен оралған. Елге келген соң, бірден шығармашылықпен айналысқан.

1949 жылы «Жеңіс жырлары» деген атпен тұңғыш жыр жинағын шығарған. Өзінің адуынды жырларымен әдебиет әлеміне тез танылды. «Мен - қазақпын» поэмасымен қазақ әдебиетінің ірі тұлғасына айналды.

Ақын, сатирик  Шона Смаханұлы әдебиетке өткен ғасырдың 50-жылдары келді. «Тотияйын» атты тырнақалды туындысымен сатира әлеміне еніп кетті.

Одан бері жарық көрген «Шимайбек пен Шыңқ етпе», «Қу түлкінің сыбағасы», «Көріп жүр ғой көздерің...» атты кітаптары шыққан.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.


0
0
819

«Ұлы Дала дауысы». «Дәстүрлі ән» аталымында 10 үміткер бағын сынайды

Олар: Армат Исламғалиев, Бейбіт Мұсаев, Дәуренбек Әркенов, Жақсыкелді Маясаров, Зүлфия Баймұрзаева, Күлімхан Жұмалиева, Қазыбек Адыкеев, Нұрболат Құсайынов, Нұрым Асқанов, Перизат Тұрарова.

IV Халықаралық «Ұлы дала дауысы» радиофестивалінің «Дәстүрлі ән», «Күйші», «Этноаспаптық ұжымдар» аталымдары бойынша үміткерлерге дауыс беру басталды. Үздік орындаушыларға http://daladauysy.kaztrk.kzсайты арқылы дауыс беруге болады.

Айта кетейік, «Дәстүрлі ән» аталымында - 10, «Күйші» аталымында – 6, «Этноаспаптық ұжымдар» аталымында 6 үміткер бағын сынайды.

Дауыс берудің апталық қорытындысын 8 қазанда сағат 19:05-те Қазақ радиосының әуе толқынына шығатын «Ұлы Дала дауысының» күнделігінен» тыңдай аласыздар.

«Ұлы Дала дауысының» жүйріктерін бірге анықтайық, үздік әнге дауыс беріңіздер!


0
0
900

Адалдық-адамдықтың белгісі

2015 жылдың 1 қазан күні Орал қаласындағы №18 жалпы орта білім беретін мектебінде «Адалдық-адамдықтың белгісі» атты 5 сынып оқушыларының  қатысуымен тәрбие сағаты өткізілді. Сабақ жастардың бойында адамгершілік, сауаттылық, шыншылдық қасиеттерін арттыру мақсатында сынып жетекшісімен ұйымдастырылды. Оқушылар түрлі мысалдар келтіріп, жағдайаттар шешу, әр түрлі сұрақтарға жауап беру арқылы сабаққа белсене қатысып өздеріне керекті көптеген мағұлмат алды.

Сабақта оқушыларға Департамент консультанты дәріс оқыды.  Сонымен қатар, оқушыларға тақырыптық бейне таспалар көрсетілді.

 
0
0
2545