Мазмұнға өту

Жаңа

Литвадағы халықаралық жарыста қазақстандық санитариялық авиация командасы 3-ші орынға ие болды

Республикалық санитариялық авиация орталығының командасы жедел медициналық көмек көрсету бойынша халықаралық жарыста жүлделі орынға ие болды, деп хабарлады Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Республикалық санитариялық авиация орталығының командасы Дубингяй қаласы және Гиряйчяй  елді мекенінде өткен (Литва Республикасы) жедел медициналық көмек көрсету бойынша халықаралық жарыста  үшінші орынға ие болды.

Литва жедел медициналық көмек ұйымдарының Ассоциациясы, «Kriziu tyrimo centras» (Дағдарыстарды зерттеу орталығы) ЖАҚ және Литва шұғыл медицина қоғамы ұйымдастырған шараға Қазақстаннан Республикалық Санавиация орталығы медициналық қызмет жөніндегі директордың орынбасары Ғұмырбек Ағыбаев, сонымен қатар Борис Сартаев, Елена Рябинина сынды дәрігерлер, фельдшер Светлана Ушакова қатысты.

Жарысқа қатысушылар жедел медициналық көмек көрсету кезінде Америка жүрек ассоциациясының (АНА American Heart association) және Еуропа реанимациялық кеңесінің (ЕRС European Resuscitation Council) жаңа ұсынымдарын басшылыққа алды. Ситуациялық тапсырмаларды орындау барысында манекендер қолданылды. Байқауға қатысушылар 10 минуттың ішінде пациентті алғашқы және толық (екінші реттік) тексеруден өткізу, анамнез жинау, басым ауру белгілерін анықтау, қажетті емдік шараларды белгілеу мен тасымалдау тапсырмаларын орындады.

Қазақстандық мамандар өздерінің біліктілігі пен машықтарын көрсетіп, сонымен қатар, Еуропа елдерінде қолданылатын стандарттарға сай жедел медициналық көмек көрсету бойынша тәжірибе жинап қайтты.

Жедел медициналық көмек ұйымдарының Ассоциациясы мен Литва шұғыл медицина қоғамы қазақстандық командаға шараны ұйымдастырудағы ынталылығы пен ынтымақтастығы үшін алғыс білдірді.

Литваға Республикалық санавиация орталығы дәрігерлерінен басқа Алматы қалалық шұғыл медициналық көмек стансасының тобы, сонымен қатар, Астана қаласының оқу-клиникалық орталығының қызметкерлері бақылаушылар ретінде қатысты.

Жедел медициналық көмек көрсету бойынша халықаралық байқау Литвада жыл сайын 9 жыл ішінде өткізіліп келеді. Ағымдағы жылы жарысқа Еуропа мен Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінен 31 команда қатысты.

Ақпарат көзі

 
0
0
412

Астанада 2015 жылдың үздік ұстазы пәтер кілтіне ие болды

Қазақстанда Мұғалімдер күні қазанның бірінші жексенбісінде кең ауқымда аталып өтеді. Білім саласы қызметкерлерінің мерекесіне орай Астананың Бейбітшілік және келісім сарайында салтанатты жиын өтті. Аталмыш шараға білім саласының ардагерлері, қалалық білім беру мекемелерінің басшылары және қоғамдық мекемелердің өкілдері қатысты, деп хабарлады елордалық әкімдіктің ресми сайты.

Елордалық ұстаздарды Астана қаласы әкімдігінің өкілдері де құттықтады. Дәстүр бойынша жыл сайынғы елорда әкімінің гранты табыс етіліп, жеті номинациясы бойынша үздік білім ордалары анықталды.

«Ең үздік балабақша» атағы балабақшаларды іріктеу нәтижесінде  №35 «Ертегі» балабақшасына берілді.

«Ең үздік мектеп» байқауының жеңімпазы болып мектептер ішінен №40 орта мектебі атанды. «Ең үздік гимназия» атағы №6 гимназияға берілді. Ерекше көзге түскен мектеп пен гимназияға «Астана Бәйтерек» кубогы мен сертификаттар табыс етіліп, қос мекеменің үздік ұстаздарының жалақысына 50 пайыз көлемінде үстеме қосылды.

«Ең үздік колледж» атағы Қоғамдық тамақтану және сервис колледжіне берілді.

«Ең үздік қосымша білім беру мекемесі» атағына «Шығыс» Балалар орталығы лайық  деп танылды.

«Ең үздік арнайы білім беру мекемесі» атағы «№1 психология-медико-педагогикалық кеңес беру» орталығына берілді.

«2015 - Жыл Ұстазы» байқауының Бас жүлдесі №66 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі – Бастемова Светлана Сүлейменқызына бұйырды. Бас жүлде иесіне Астана қаласында пәтер табыс етілді.

2015-2016 оқу жылының басында жалпы білім беретін мектептерде 405 жас мамандар жұмысқа қабылданды. 3 жылдай еңбек өтілі бар 786 жас мұғалім еңбек етуде.

Астана қаласында соңғы бес жыл ішінде 1580 педагог жұмыстағы жоғары көрсеткіш үшін марапатталған, оның ішінде 106 – төсбелгіге, 112 – мемлекеттік наградаларға, 121 – ҚР Білім және ғылым министрлігі атынан құрмет грамоталары мен алғыс хаттарға, 115 – қала әкімдігі атынан алғыс хаттарға, 1150 – Астана қаласының Білім басқармасының алғыс хаттары мен грамоталарына ие болған.

Мұғалімдер күніне арналған мерекелік шарада қазақ эсрадасының жұлдыздары Роза Рымбаева, Күміс Базарбаева, Алмас Кішкенбаев, Тұрсынбек Қабатов, Мәдина Сәдуақасова, Бақыт Шадаева, Алматы қаласының «Театр теней» және Оқушылар сарайының шығармашылық ұжымы өнер көрсетті.

Ақпарат көзі

 
0
0
464

Қазақстанда алғаш рет кепілдіксіз несие берілді

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ алғаш рет «Береке» шағын қаржы ұйымына кепілдіксіз 200 млн. теңге болатын несиенің алғашқы траншы – 150 млн. теңгесін берді. Бұл қадам өз кезегінде әрі қарай ауыл тұрғындарының қаржылық қызметтерге қолжетімділігін арттыру мақсатында қабылданып отыр, деп хабарлады қордың баспасөз қызметі.

Ағымдағы жылдың шілде айында Қордың директорлар Кеңесінің шешімімен шағын қаржы ұйымдарын кепілдіксіз несиелендіру туралы бағдарлама шартына өзгеріс енгізілген еді.

Мұндай қолдауды алу үшін шағын қаржы ұйымына қаржылық жағдайының тұрақты болуы, төлемдік қабілеті бар, бюджетке салықтық және басқа да міндетті төлемдер бойынша, екінші деңгейлі банктер мен басқа да қаржы институттары алдында мерзімі өткен берешегінің болмауы, жағымды несиелік тарихы сынды талаптар қойылады. Сонымен қатар, нарықта жұмыс істеу тәжірибесі 36 айан кем болмайтын, несиелік қоржыны кемінде 150 млн. теңгені құрайтын, Қоғамда жұмыс істейтін рейтинг беру методикасына сәйкес несиелік рейтингінің болуы міндетті.

«Қарыз 10 миллионнан 350 млн. теңге сомасына дейін беріледі. Түпкі қарыз алушылар жеке тұлғалар – 3 млн. теңгеге дейін, заңды тұлғалар – 8000 мыңдық айлық есептік көрсеткіш сомасына дейін ала алады. Кепілдіксіз несие жылдық 12 % сыйақы үстемесімен беріледі, ал жылдық тиімді сыйақы үстемесі 12,6 %-дан аспайтын болады.  Түпкі қарыз алушылардың сыйақы үстемесі шағын қаржы ұйымдарының ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес анықталады, алайда ол көрсеткіш 2012 жылдың 24 желтоқсанындағы №37 ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының Қаулысымен бекітілген жылдық тиімді сыйақы үстемесі мөлшерінен аспайды», - делінген хабарламада.

«Береке» шағын қаржы ұйымы» ЖШС Шығыс Қазақстан облысы аумағында тіркелген. Қарыз алушылары негізінен ШҚО, Павлодар облыстарының тұрғындары. 1997 жылы Семей өңірі әйелдерін шағын несиелендіру үшін БҰҰ Даму бағдарламасы мен Мейірімділік Халықаралық Корпусының пилоттық жобасы ретінде жұмысын бастап, 2003 жылдың мамырында «Береке» қазақстандық шағын несие ұйымы» қоғамдық қорына айналды. 2014 жылдан бері қоғамдық қордан «Береке» шағын қаржы ұйымы» ЖШС болып қайта құрылды. Осы уақыт аралығында ұйым 4 721 ауыл халқын несиелендірген.

Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы берілетін қаржы әрі қарай ауыл халқы мен шағын және моно қалаларда өз ісін ашамын не кеңейтемін деген жеке және заңды тұлғаларға ауылда мал шаруашылығымен айналысуға, шағын және моно қалаларда, ауылда бизнестің басқа да түрлерімен айналысуына бағытталатын болады.

Жалпы, 2008 жылдан бері Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры шағын несие (шағын қаржы) ұйымдарын қолдау мақсатында 9,4 млрд. теңге бағыттап, нәтижесінде 22,7 мың түпкі қарыз алушыға несие берілді.

Ақпарат көзі

 
0
0
257

Айгүл Иманбаеваның шығармашылық кеші

Былтыр ол «Сен ғана...» атты шығармашлық кешін өткізген.

Әнші, актираса Айгүл Иманбаеваны халық 2001 жылғы «Ұят болмасын» бағдарламасындағы келін образымен таниды. Ол ең алғашқы жеке ән кешін 2007 жылы «Таңғы елес» деген атпен өткізген.

Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының иегері 2011 жылы «А.И» атты жеке драма театрын ашқан. Айгүл Иманбаева көрермендерге  Ж.Ануйдің «Медея» трагедиясы мен Ш.Бошпековтың «Темір қатын» комедиясын ұсынып үлгерді.

Айгүл Иманбаеваның ән кешін бүгін 20:05-те  Ұлттық арнадан тамашалай аласыздар.


0
0
313

«Сенбілік кездесуде» — Исраил Сапарбай

Исраил Сапарбай 15.5.1941 жылы Өзбекстан, Самарқанд облысы Кушрабад ауданында туған.

Шымкент педогогикалық институтының филология факултетін бітірген соң ол бірнеше жыл облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жұмыс істеген. 1976 – 83 жылдары Қазақстан Жазушылар одағының Шымкент облысаралық бөлімшесінде әдеби кеңесші қызметін атқарып, 1983 жылдары «Жалын» баспасына аға редакторлыққа ауысқан.

1984 – 85 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінде поэзия бөлімінің меңгерушісі, 1985 – 92 жылдары «Жазушы» баспасында поэзия бөлімінің меңгерушісі, «Қазақфильм» телестудиясы бас редакторының орынбасары болған.

Республикалық «Жалын» бәйгесінің жүлдегері. 70-ке тарта әндер мен 150-ге тарта ән мәтіндерінің авторы. Исраил Сапарбайдың «Ауылдан келген ару», «Әмір-Темір», «Абай-Тоғжан», «Сыған серенадасы», «Махаббат мейрамы» пьесалары театр сахнасында қойылып жүр. Түркі поэзиясы Халықараралық фестивалінің, Қазақстан Жазушылар одағының, І.Жансүгіров атындағы сыйлықтың, Тәуелсіз «Платиналы Тарлан» сыйлығының лауреаты, ақын Исраил Сапарбаймен өткен «Сенбілік кездесуді» бүгін сағат 21:00-де көріңіз.


0
0
584

«Қара шаңырақ» телехикаясын көріңіз

Туындының қайталау бөлімдерін сенбі-жексенбі күндері сағат 17:50-де тамашалай аласыздар.

«Қара шаңырақ» телехикаясы - отбасы құндылықтарын насихаттайтын бірден-бір отандық туынды. Телехикаяның көрерменін бірден тапқан себебі – қарапайым қазақ отбасы, әке аманаты, ана махаббаты, бауырлардың сыйластығы. Туындының халыққа жақындығынан болар,  көрерменнің сұрауы бойынша, телехикая Ұлттық арна эфирінен сенбі-жексенбі күндері қайта көрсетіліп жатыр.

Күнделікті өмірде кездесетін қуаныш пен қайғы, сәтсіздік пен сатқындық, әркімнің отбасында болатын басқа да жағдайлар телехикаяда көрініс тапқан.

Кәсіпкер Әлішер, спортшы Дәулет, қара шаңырақпен қатар, шаруашылықтың да тізгінін ұстаған Мәди. Бұл үш кейіпкер үш түрлі, мақсаттары да әрқилы. Бірақ, оларды біріктіретін бір нәрсе бар. Ол – Қара шаңырақ.

Бүгін 17:50-де телехикаяның 38-39 бөлімдерін  Ұлттық арнадан көріңіз.

 
0
0
371

«Мақшардан жеткен хаттар» драмасын көріңіз

Режиссер Хиунг-мин Лидің фильмінде басты рөльдерді Ким Джэ Джун, Хан Хё Чжу сомдайды.

Саки деген  қыз өз жақындары мен туыстарының хабарын о дүниеге жеткізетін хат тасушыны кездестіреді. Хат тасушы о дүниеге орала алмайды, себебі, жер бетінде оның аяқталмаған ісі бар.

Бұл іс - өзінің сүйіктісінің өліміне сене алмай жүрген Сакидің күйзелісін бүгін Ұлттық арнадан сағат 15:50-де көре аласыздар.


0
0
720

«Қазақстан» телеарнасында әзілкештердің «жекпе-жегі»

«Күлкінің бір минуты өміріңізді ұзартады» деген халық сөзі бар. «Әзілің жарасса, атаңмен ойна» нақылын ұстанған дана халқымыз, әзіл сөзді, қалжыңды ерекше бағалайды. «Көңілашар» театрының әртістерінің нағыз, тума талант әзілкештерінің әзілдері халық ойынан шығады деген ойдамыз.

Жобаның әрбір бағдарламасы бұл – күлкілі монологтардан, жақсы әндер мен мың бұралған бишілердің және керемет көңіл-күйдің ғажайып кеші!

«Көңілашар» жобасының ұйымдастырушылары қазіргі қоғамның өзекті мәселелерін көрермендерге жеткізудің жолы ретінде әзілді таңдады.

Еліміздің ең үздік әзілкеші Тұрсынбек Қабатов бастаған бағдарламаның бір топ қатысушылары жалпы адамзатқа тән құндылықтарды насихаттайды.

Жобаның продюсері, әрі жүргізушісі Тұрсынбек Қабатов өз жобасы жайында: «Бұл бағдарлама көрермендерге әзіл мен мысқылдау арқылы маңызды мәселелер туралы ой салады. Елімізде танымал әзілкештердің жоқтың қасы. Біздің көрермендер үшін жаңа бағыттағы әзіл қажет. Сапалы әзілдердің аз болуына байланысты, көрермендеріміз шетелдік телеарналарға ауысуда.

Бағдарламамызда Қазақстанның түкпір-түкпірінен халық арасынан шыққан үздік әзілкештерді таңдаймыз. Олар бұл өнерді театрдан меңгерген жоқ, кәсіби әртіс те емес. Қазақстанның барлық өңірлеріне барып, кастингқа қатысқан үш жүз адамның ішінен жүз жиырма адамды іріктедік. Іріктеуден өткен адамдар «Қазақстан» телеарнасының эфирінде жеңіс үшін бақ сынасатын болады. Финалға жобаның үздік бес қатысушысы шығады және олар «Әзіл әлемі» театрының резиденттері атанады. Бұл бастамаға «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрайымы Нұржан Мұхамеджанова ұсыныс жасап, осылайша біз «Көңілашар» атты жобаны жасадық».

Бағдарламада бірнеше айдар болады, олар: «Актерлік шеберлік», «Импровизация» және т.б. «Актерлік шеберлік» айдарында қатысушылар өздерінің әртістік шеберлігін көрсетсе, «Импровизация» айдарында олар өздерінің ойлауын және күрделі жағдайлардағы тапқырлығын көрсетеді. Қатысушылардың өнерін Көңілді тапқырлар отауының (КВН) жұлдызы – Құмар Лұқманов, «Дарын» мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасының халық әртісі – Сайлау Қамиев, сондай-ақ «Әзіл әлемі» театрының директоры және әртісі – Тұрсынбек Қабатовтан құралған                  әділ-қазылар алқасы бағалайтын болады.

Еліміздің ең күлкілі адамдары көрермендердің көзайымы және «Көңілашар» бағдарламасының жеңімпазы атану үшін күресетін болады. «Ережесіз күлкі» бағдарламасын «Қазақстан» телеарнасының эфирінен                     5-қазаннан бастап дүйсенбі-бейсенбі аралығында сағат 23.35-те тамашалаңыздар.

 
0
0
426

«Ардагерлерді ардақтайық»

Қазанның 1 күні «Жас Отан» ЖҚ белсенді жастары "Ардагерлерді ардақтайық" жобасының щеңберінде Петропавл қ. тұратын ардагер Чопоров Алексей Васильевичке барып қайтты. Ардагер Жапониямен соғыста шығыс фронтында соғысқан. Топ командирін жарақаттағанда, Алексей Васильевич командир қызметін атқарып, өз жауынгерлерін күреске жетелеген. Содан соң оған сержант атағын берген. Соғыс біткен соң әлі 7 жыл әскери қызмет атқарып, кейінірек Петропавл қаласына қайтып, басында құрылысшы, содан соң депутат қызметінде жұмыс атқарған. Жастар қарияны үн-түнсіз тыңдап, оның ержүректігіне таң қалумен болды. Алексей Васильевич – қазіргі жастар үлгі етер нағыз батырдың өзі, соғыста өз Отаны мен оның келешегін, яғни бізді қорғаған ержүрек азамат! Кездесу барысында жастар қариямен ашық сөйлесіп, тәлім-тәрбие алды. Бұндай іс-шаралар жиі өткізіліп тұрады. Бұның бірден-бір себебі: өнегелі, үлкенге құрмет көрсетер жас өскелең ұрпақты тәрбиелеу, сонымен қатар,ортамызда жүрген қарт адамдарды, ардагерлерді ардақтап, көмек көрсетіп, қол ұшын созу. Өйткені бұндай жастағы адамдар үшін көңіл мен қарым-қатынас әсіресе маңызды, қажетті нәрсе.

1 октября активисты МК «Жас Отан» в рамках проекта "Ардагерлерді ардақтайық" навестили ветерана, проживающего в г. Петропавловск Чопорова Алексея Васильевича. На войне с Японией ветеран воевал на восточном фронте. Когда его командира ранили, Алексея Васильевича назначили на эту должность, и он повел своих подчинненых в бой. Затем получил звание сержанта. После войны еще 7 лет служил, затем вернулся в г.Петропавловск, где в начале работал строителем, а уже после этого стал депутатом. Алексей Васильевич настоящий пример для подражания нашей молодежи, человек, защищавший в бою свою Родину и ее будущее, то есть нас. И активисты затаив дыхание слушали каждое слово из уст героя. На встрече молодые люди имели возможность не только пообщаться, но и многому у него научиться. Такие мероприятия проводятся часто. Основной целью данных мероприятий является воспитание примерной, воспитанной молодежи, уважающюю свое старшее поколение, а так же помощь проявление уважения к нашим ветеранам. Так как в таком возрасте людям больше всего не хватает просто внимания и общения.

0
0
3308

Республикалық санитариялық авиация орталығының командасы жедел медициналық көмек көрсету бойынша халықаралық жарыста жүлделі орынға ие болды

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Республикалық санитариялық авиация орталығының командасы Дубингяй қаласы және Гиряйчяй  елді мекенінде өткен (Литва Республикасы) жедел медициналық көмек көрсету бойынша халықаралық жарыста  үшінші орынға ие болды.

Литва жедел медициналық көмек ұйымдарының Ассоциациясы, «Kriziu tyrimo centras» (Дағдарыстарды зерттеу орталығы) ЖАҚ және Литва шұғыл медицина қоғамы ұйымдастырған шараға Қазақстаннан Республикалық Санавиация орталығы медициналық қызмет жөніндегі директордың орынбасары Ғұмырбек Ағыбаев, сонымен қатар Борис Сартаев, Елена Рябинина сынды дәрігерлер, фельдшер Светлана Ушакова қатысты.

Жарысқа қатысушылар жедел медициналық көмек көрсету кезінде Америка жүрек ассоциациясының (АНА American Heart association) және Еуропа реанимациялық кеңесінің (ЕRС European Resuscitation Council) жаңа ұсынымдарын басшылыққа алды. Ситуациялық тапсырмаларды орындау барысында манекендер қолданылды. Байқауға қатысушылар 10 минуттың ішінде пациентті алғашқы және толық (екінші реттік) тексеруден өткізу, анамнез жинау, басым ауру белгілерін анықтау, қажетті емдік шараларды белгілеу мен тасымалдау тапсырмаларын орындады.

Қазақстандық мамандар өздерінің біліктілігі пен машықтарын көрсетіп, сонымен қатар, Еуропа елдерінде қолданылатын стандарттарға сай жедел медициналық көмек көрсету бойынша тәжірибе жинап қайтты.

Жедел медициналық көмек ұйымдарының Ассоциациясы мен Литва шұғыл медицина қоғамы қазақстандық командаға шараны ұйымдастырудағы ынталылығы пен ынтымақтастығы үшін алғыс білдірді.

Литваға Республикалық санавиация орталығы дәрігерлерінен басқа Алматы қалалық шұғыл медициналық көмек стансасының тобы, сонымен қатар, Астана қаласының оқу-клиникалық орталығының қызметкерлері бақылаушылар ретінде қатысты.

Жедел медициналық көмек көрсету бойынша халықаралық байқау Литвада жыл сайын 9 жыл ішінде өткізіліп келеді. Ағымдағы жылы жарысқа Еуропа мен ТМД елдерінен 31 команда қатысты.

 
0
0
428