Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Германия депутаты: Н.Назарбаевтың ұсыныстары өте маңызды

24.kz

4ce6a7000ac06a4deb55bcc1d1413ecf_L

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Нью-Йоркте айтқан ұсыныстары Германия Парламентінде қызу талқыға түсті.

Депутаттарды әсіресе БҰҰ-ның штаб-пәтерін Азияға көшіріп, Астанада инвестициялық жобалар мен жасыл технологияны дамыту халықаралық орталығын ашу идеясы қызықтырды. Олардың пайымдауынша, Нұрсұлтан Назарбаев Ұйымның мінберінде тұрып, мұндай ауқымды идеяларын кездейсоқтықтан жариялаған жоқ.

Юрген Климке, Неміс Парламентінің депутаты:

- Бұл мәселені Н.Назарбаев кездейсоқ көтеріп отырған жоқ. Қазақстанның және Азияның БҰҰ-ға деген үлкен қызығушылығы бар. Бізге ынтымақтастық керек, терроризмге төтеп беретінімізді, тұрақсыздықты болдырмайтынымызды халыққа түсіндіру керек. Қазақстан Президенті айтқан ұсыныстар өте маңызды, оны мен қолдаймын. Ол тақырыптар талқылауды қажет етеді, оны саналы жасауымыз қажет.

http://gbpp.org/kz/2015/10/9187#

1
0
410

Осы тақырып бойынша

Германия депутаты: Н.Назарбаевтың ұсыныстары өте маңызды - Yvision.kz