Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарына арналған «Алжир» Мұражайлық-мемориалдық кешенінде ірі қаржылық бұзушылықтар анықталды

Астана қаласы бойынша Қаржылық бақылау инспекциясы Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарына арналған «Алжир» Мұражайлық-мемориалдық кешенінде тексеру жүргізді.

 

Тексерушілер Саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандары күніне еш қатысы жоқ іс-шараларға 7 млн. теңгеден астам негізсіз шығындарды анықтады. Бұл сома «Vip кейтеринг» көшпелі шығу қызметтерін көрсету бойынша әкімнің атынан қабылдау қызметіне шығындалған.

Біліктілікті растайтын құжаттары, дипломдары және сертификаттары жоқ жеке тұлғалармен режиссерлік-қою қызметтерін көрсетуге шарттар жасауда да бұзушылықтар анықталған.  Негізсіз жұмсалған қаржы сомасы 1,1 млн. теңгеден асады.

Тексеру барысында «АЛЖИР» ММК басшылығы бюджеттік қаржыны шығындаудан өздерін де құр қалдырмағаны белгілі болды. Осылайша, жалпы сомасы 1,9 млн. теңге көлеміндегі еңбекақыға негізсіз төлемдер, сыйақылар және материалдық көмек директорға, орынбасарларына және бас есепшіге  төленген.  Тіпті бір айдан кем жұмыс істеген қызметкерлерге де заңнама талаптарына қайшы 127,9 мың.теңге сомасындағы сыйақы төленген. 1113,1 мың теңге сомасындағы еңбекақыны касса арқылы төлеу айғақтары анықталды.

Мемлекеттік бюджет есебінен 9,4 мың теңгеге ұшақпен ұшу төлемдеріне шығындар және 92,6 тыс. теңге сомадағы ұялы байланыс шығындарына жұмсалған.

Тексеру нәтижелері бойынша бақылау материалдары Мемлекеттік кірістер департаменті жанындағы қалалық Экономикалық тексеру қызметіне шешім  қабылдауға жіберілді.

Астана қаласы бойынша ҚБК №3 Бақылау бөлімі

 
0
0
495

Осы тақырып бойынша

Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарына арналған «Алжир» Мұражайлық-мемориалдық кешенінде ірі қаржылық бұзушылықтар анықталды - Yvision.kz