«Жемқорлық туралы не білеміз?» сыныптан тыс іс-шарасы

2015 жылғы 7 қазан күні оқушыларға құқықтық тәрбие беру мақсатында Орал қаласындағы №29 негізгі жалпы білім беретін мектебінің 7-8 сынып оқушыларының қатысуымен «Жемқорлық туралы не білеміз?» тақырыбында сыныптан тыс сабақ «дөңгелек үстел» түрінде өтті.
Сабақ барысында оқушыларға білім алудың маңыздылығы және адамдардың жаман қылықтарының зияндылығы мәселелерітүсіндірілді. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты.
Сонымен қатар, Департаменттің консультанты Б.Хайруллин «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі бағыттары» бойынша ақпараттандырды.


