70-ке жуық офицер тәрбиешілердің оқу-әдістемелік жиындарына қатысады (ФОТО)
ҚР Қарулы күштерінің 70-ке жуық офицер тәрбиешілердің оқу-әдістемелік жиындарына қатысады, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

ҚР Қарулы Күштерінде ҚК түрлері бас қолбасшыларының орынбасарлары, әскер тектерінің, өңірлік қолбасшылық әскерлерінің қолбасшыларымен, әскери оқу орындарының бастықтарымен, Ақмола өңірлік гарнизонының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі әскери бөлім командирлерімен, Астана, Алматы қалаларының Қорғаныс істері жөніндегі департаменттерінің бастықтарымен және ҚР ҚК түрлерінің срежанттарымен оқу-әдістемелік жиын өтті.

«Тәртіп пен патриотизм Қазақстан жастарының сәтті болашағының кепілі. Тәрбие құрылымдары офицерлерінің тапсырмасы тәрбие және идеологиялық жұмыстың тиімділігін арттыру, ҚР Қарулы Күштерінде әскери тәртіп пен құқықтық тәртіпті нығайтудан түрады. Өзінің конституциялық Отанды қорғау борышын атқарып жатқан мерзімді сарбаздардың моральдық-психологиялық дайындығына, шақырылушылардың сапалы іріктелуіне үлкен көңіл бөлінеді», - деді ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасары – ҚР ҚК БШ Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы генерал-майор Мұхамеджан Таласов.

Жиынды өткізу барысында қатысушылардың алдында ҚР Қорғаныс министрлігі мен ҚР ҚК Бас штабы департаменттерінің бастықтары, офицерлер сөз сөйледі. Барлығы оқу-әдістемелік жиынға шамамен 70 адам қатысты.

Сондай-ақ, 4500-ден аса қазақстандық ҚР ҚМ әскери-техникалық мектептерінде дайындықтан өтті. Белгілі бір жағдайлар бойынша бұдан бұрын әскери қызмет өткермеген 22 мен 27 жас аралығындағы 4 566 қазақстандық 2015 жылы ақылы негізде әскери-оқытылған резервті даярлау бағдарламасы бойынша әскери мамандықтарды оқып-үйренді. Дайындық Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында, яғни, әскери-техникалық мектептерінде жүргізіледі. Қазір ол мектептер Қазақстанның 15 қаласында бар. Іріктеу бір жыл бойы жүргізіледі. Үміткерлер медициналық комиссиядан өтеді, одан кейін 40 күнге нағыз әскери қызметшіге айналады, қызмет өткереді, әскери істі зерделейді.
Дайындық атқыш, оқшашаршы, гранатаатқыш мамандығы бойынша жүргізіледі. Бір жарым айлық оқудан кейін бітіру емтихандары. Қызметті сәтті атқарған жігіттер әскери мамандық бойынша біліктілік және сертификатқа ие болады, соның негізінде Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы әскери билет беріледі. Әскери комиссариаттар «қатардағы жауынгер» әскери атағын бере отырып, әрбіреуін әскери міндеттінің есебіне (жұмылдыру резервіне) қояды.
Оқу кезеңінде оқу демалыстары ұсынылады, сондықтан әрбір оқып-үйренушінің жұмыс немесе оқу орны кепілді түрде сақталады. 2013-2014 жылдары 10 000-нан аса қазақстандық ақылы қызмет өткерді. Орта-Азия өңірінің елдері арасында мұндай қызмет Қырғызстан мен Өзбекстанда қолданылып жүр.
