#Zhascamp2015-айтылған үздік ойлар. Бұны әрбір азамат білуі тиіс!
Шыны керек, Кэмп өз саласындағы үздіктер қатарында баланатын эксперттерді жинады. Зәуреш Батталова, Джохар Утебеков, Максим Сиваков, Марат Жыланбаев, Мейрам Бегентаев сынды қазақстандық азаматтар өз ойларын ортаға салып, өмірлік жолдары жайлы сыр шертті.
Қоғам жанашырларының кейбіреуімен жекелей сұхбаттасуға мүмкін болды, алайда, уақыт тапшылығынан барлығымен кездесіп үлгерген жоқпын.
Назарларыңызға - #Zhascamp2015-айтылған үздік ойларды ұсынамыз:
1. Зәуреш Батталова - азаматтардың міндеті жайында

"Сіздер, азаматтық қоғам мүшелері ретінде мемлекет тарапынан экономика, саяси, мәдени салаларда қабылданған заңдардың толық көлемде атқарылуын бақылауларыңыз керек. Сіздердің қатысуыңызға мемлекет бөгет болу, қарсы болуға құқылы емес".
2. Максим Сиваков - адамның ойы жайында.

"Мемлекет БАҚ арқылы адамдардың пікірлерімен манипуляициялайды. Ақпаратты қабылдаған сайын, Сіз оны өз ойыңыз деп көресіз.
"Мен Қырғызстан парламенттік сайлауы кезінде жұмыс жасадым. Бірінші аптада ""Ноян" облысының халқы "мыналарды" қолдайды деген ақпарат шықты. Бір аптадан соң "Ноян" аймағының халқы өзгені қолдайды деген ақпарат шықты. Осылайшы адамдар "көпшіліктен қалмай" аталған партияға дауыс береді".
3. Джохар Утебеков - жастардың құқықтық білімі жайында.

"Халықтың юриспруденция саласынді білімінің аз болуы мені таң қалдырмайды. Мен ең жиі беретін кеңес - МАИ қызметкерлерімен өзіңді қалай ұстау жайында. Неліктен, себебі құқық қорғау органдарының ішінде халық олармен ең жиі кездеседі. Автомобилистерді жолда тоқтатады, камераға түсіреді. Үлкен адамдар, күнделікті осындай жағдайларға тап болса да, көптеген қарапайым заңнамаларды білмейді".
"Мен Фэйсбугімдегі 5000 достарымның жартысын өшіріп тастап, олардың орнына жастарды қуана қосар едім".
4. Марат Жыланбаев - жетістік жайында.

"Мен 27 жасымда спортпен айналыса бастадым. Өз методикамды жасап шығарып, бір жылдың ішінде үлкен жетістікке жеттім. Мен 3 әлемдік рекорд орнатып, Гиннес Рекордтар кітабына ендім. Әлі күнге дейін менің рекордтарымды әлемдегі ешбір адам бұза алған жоқ".
5. Мейрам Бегентаев - заңнама жайында.

"Жастар саясаты туралы заңнаманы қолға алғанда, біздер көптеген ұйымдармен ақпарат алмастық, кеңестік. Заң жобасы қабылданған кезде, жастар саясатын, шынымен де, жақсарттық. Бұны мен ғана жасаған жоқпын. Оны жасауға көмектескен бірталай ұйымдар бар. Егер мен ғана жасадым десеңіздер, онда үлкен еңбектін далаға кеткені. Түнгі 3-4-ке дейін телефоннан босаған жоқпыз. Хат алмастық. Үлкен жұмыс атқардық. Соның арқасында "қоғамдық кеңес" деген байланыс каналы пайда болды. Ал олардың қаншалықты тиімді жұмыс жасап жатқанын біз бүгін талқылау үстіндеміз. Алайда, ондай дүниені "кеңестер" жайында ештеңе білмейтін адамдармен талқылай алмаймыз".
