«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы «Қайрат»-«Астана» матчын тікелей эфирде көрсетеді
Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының орталық ойынын бүгін сағат 17:50-де Ұлттық арнадан тікелей эфирде көріңіз.

25 қазанда футболдан Премьер Лиганың 30-шы туры аясында Алматыдағы «Орталық стадионда» жергілікті «Қайрат» пен елордалық «Астана» клубтары кездеседі.
Кездесуді «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы сағат 17:50-де тікелей эфирде көрсетеді.
Қазіргі кезде «Қайрат» 39 ұпаймен чемпионатта көш бастап тұр. Ал, 34 ұпайы бар «Астана» 2-ші орында келеді. Алайда, астаналық команда біріншілікте бір ойынға кем ойнаған.
