Мазмұнға өту

Жаңа

Караоке қалай пайда болды?

«Караоке» ұғымы жапонның: «кара» (бос) және «окесутора» (оркестр) сөздерінен шыққан. Бірнеше онжылдық бұрын пайда болған бұл көңіл-көтеру құралы бүгінгі таңда біздің өмірімізге кеңінен еніп кетті: оны сіз кафелерден, туристік орындардан, телебағдарламалардан немесе дәл өзіңіздің үйіңізден көре аласыз. Алайда карокенің тарихы мен оны ойлап тапқан адам жайлы білетін адам кемде-кем.


0
0
579

Жасыл экономика. Арал өңірінде «жасыл» экономика ілгерілеп келеді

Бүгінгі таңда бұл аймақ күн мен жел энергиясын шаруалар игілігіне пайдалану үшін біршама жұмыстар атқаруда.

Солардың бірі ауданындағы «Қожағұл ата» шаруа қожалығы. Енді мұндағы малшылар табиғат қуатынан электр тоғын ала алады. Сондай-ақ шаруашылық эко-бизнес жүргізуді де дендеп қолға алмақ. Өңір үшін мұндай заманауи технологиялар таңсық болғандықтан насихат жұмыстары белсенді жүргізілуде. Алдағы уақытта мұнда Арал айналасындағы «жасыл» белдеулерді анықтау бойынша бірқатар шаралар да жүзеге асырылмақ.

http://gbpp.org/kz/2015/10/10444

 
1
0
285

Қазақстандық электромобиль үкіметтің қызметтік паркінде тесттен өткізіледі

Қазақстандық электромобиль үкіметтің қызметтік паркінде тесттен өткізіледі, – деп хабарлайды Tengrinews тілшісі ”БИПЭК АВТО-АЗИЯ АВТО” компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Отандық автомобиль кәсіпорнында құрастырылған микровэн KIA Soul EV деп аталады.

Электромобиль бір ай бойы Кабмина қызмет паркінде тексерістен өткізіледі. Автомобиль сыйымдылығы сағатына 27 шақырымды қамтамасыз ететін полимерлі литий-ионды батареямен жабдықталған. Қуаты 110 аттың күшіне тең Soul EV электромобилінің максималды жылдамдығы сағатына 145 шақырым болады. Жаңа автомобильдің термобақылағыштың арқасында кез келген температуралық режимде жұмыс істейтіні белгілі болды.

“Қазіргі кезде республика  жолдарында 200 электромобиль ғана бар. Дегенмен бір жыл ішінде экологиялық таза транспорт құралы Қазақстанда екі есеге өсті. KIA Soul EV электромобилін үй режимінде де қуаттауға болады”, – “АЗИЯ АВТО” АҚ Ерік Сағымбаев.

Еске сала кетейік, Жапония мен Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметтік және жеке секторлары бірлескен комиссиясының отырысында ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов Инвестициялар және даму министрлігінің басшысы Әсет Исекешевке елде балама қуат көзі бар автокөліктерді дамыту мәселесін қарастыруды тапсырған еді. ”Бүгін гибрид автокөліктер немесе тұтас электромобильдерді дамыту мүмкіндігі туралы ұсыныс айтылды, бірақ ол үшін Үкімет тарапынан кейбір жеңілдіктер мен ынталандырулар талап етіледі”, – деді Мәсімов. ҚР Сыртқы істер министрлігі мұндай жобаларды жапониялық әріптестермен бірлесіп іске асыру мүмкіндігі қарастырылатынын айтты.

http://gbpp.org/kz/2015/10/10440

1
0
382

Қ.Тоқаев БҰҰ Резидент –үйлестірушісі С.Туллға тиімді жұмыс үшін алғыс айтты

ҚР Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы БҰҰ даму бағдарламасының тұрақты өкілі, БҰҰ Резидент –үйлестірушісі Ствен Туллды қабылдады, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Қ.Тоқаев БҰҰ тұрақты төрағасын Қазақстандағы тиімді жұмысы үшін алғыс айтты. БҰҰ қолдауымен біздің ел мыңжылдық дамуының мақсаттарына жетті, Қазақстанда маңызды инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асты. Оның ішінде «жасыл» энергетика саласы да бар. Қазақстанға  БҰҰ бас хатшысы мен әлемдік ұйым өкілдере бірнеше мәрте сапарлады. Сенат Спикері атап өткендей, Қазақстан БҰҰ мақсаттарымен байланысты.

С.Тулл БҰҰ бас ассамблеясының сессиясында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың  БҰҰ реформаларының 30 жылдық болжамын жоғары бағалады. Оның пікірінше, Елбасының баяндамасы жаңа басталмаларды қамтығандықтан өте қызықты әрі тұшымды болды.

http://gbpp.org/kz/2015/10/10450

 
1
0
322

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі «Абай» ескерткіш монеталарын айналысқа шығарды

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2015 жылғы 14 тамыздан бастап «Банкноталардағы портреттер» монеталар сериясынан «Абай» ескерткіш монеталарын айналысқа шығарады, деп хабарлады Қазақстан  Республикасы Ұлттық банктың баспасөз қызметі.

Аталып өткендей, монеталар номиналдық құны 500 теңгелік, «рroоf» сапалы алтыннан және күмістен және номиналдық құны 50 теңгелік нейзильбер қоспасынан жасалынған. Алтыннан, күмістен және нейзильбер қоспасынан жасалған монеталардың бет және сырт жақтарындағы бейнелер бірдей. «Рroof» сапалы алтын және күміс монеталардағы бейне жылтыр бетке салынған.

Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін сан, алтын және күміс монетада «500», нейзильбер қоспасынан жасалған монетада «50» және «ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Сол және оң жақ бөлігінде ұлттық ою-өрнек элементі бір деңгейде бейнеленген, айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» және орыс тілінде «РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН» деген жазу бар. Жоғарғы бөлікте Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі орналасқан. Айналдыра шығыңқы жиек.

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде қазақтың ағартушысы Абайдың портреті орналасқан 20 теңгелік банкноттың бет жағының бір бөлігі бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «АБАЙ» деген жазу, соғылған жылын білдіретін «2015» деген сан және банкноттан алынған графикалық элементтер бар. Жоғарғы бөлігінде монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін жазу, алтын монетада «Au 999 7,78 g», күміс монетада «Ag 925 31,1 g» бар. Айналдыра шығыңқы жиек.

Монеталар: 1) 999 сынамды алтыннан жасалған, массасы – 7,78 грамм болса, диаметрі – 21,87 мм, дайындау сапасы – «proof», таралымы – 1 мың дана; 2) 925 сынамды күмістен жасалған, массасы – 31,1 грамм болса, диаметрі – 38,61 мм, дайындау сапасы – «proof», таралымы – 3 мың дана; 3) нейзильбер қоспасынан жасалған, диаметрі – 31 мм, массасы – 11,17 грамм, таралымы – 100 мың дана, -делінген хабарламда.

Естеріңізге сала кететін болсақ, үстіміздегі жылы Қазақстанда қазақтың ағартушысы әрі ойшылы, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушысы, философы Абай Құнанбаевтың 170 жылдығы мерей тойы аталып өтуде.

Ақпарат көзі

 

0
0
288

ҚР Ұлттық музейі мен Беларусь Республикасының Ұлттық көркемөнер музейі ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды

ТМД елдері шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдерінің «Достастықтың гуманитарлық кеңістігі: ортақ құндылықтар мен мәдениеттер диалогы» атты Х форумы аясында Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі мен Беларусь Республикасының Ұлттық көркемөнер музейі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлады Ұлттық музейдің баспасөз қызметі.

Ресми рәсімде Беларусь Республикасы Ұлттық көркемөнер музейінің бас директорыВладимир Прокопцов екі елдің жетекші музейлерінің өзара ынтымақтастығы мәдениетаралық байланыстың буынын бекіте түсетінін атап көрсетті. Оның сөзінше, қос музей бір-бірімен тығыз қарым-қатынас жасап қана қоймай, мәдени, рухани достыққа дәнекер болуы керек.

«Келесі жылы біз Қазақстанның Ұлттық музейін Беларуссияға музейлер форумына шақырамыз және сіздердің бізге келетіндеріңізге сенеміз. Бүгін қол қойылған меморандум біздің байланыстарымызға ерекше серпін береді деп үміттенемін», - деді В. Прокопцов.

Сөз арасында Ұлттық көркемөнер музейінің бас директоры форумның жоғары дәрежеде өткенін тілге тиек етті.

«Осы форумның арқасында мен Астананы, Ұлттық музейді көрдім. Мемлекеттеріңіз, бас шаһарларыңыз, Ұлттық музейлеріңіз керемет екен», - деді ол.

«Біз тамыры терең экономикалық байланысымызды  рухани сабақтастыққа ұластыруымыз керек. Екі елдің музейі халық үшін қызмет етуі тиіс. Біз біріккен жобаларды жүзеге асырып, жиі-жиі тәжірибе алмасып отырсақ,  нақты нәтижеге қол жеткіземіз. Бізге жасампаздық пен жаңашылдыққа ұмтылу қажет. Ынтымақтастық туралы меморандум мақсаттарымызды айқындап қана қоймай, оның жүзеге асуын және нәтижелі болуын қамамасыз етеді деп ойлаймын», - деді Д.Мыңбай.

Айта кетейік, меморандум аясында тараптар өзара тиімді ынтымақтастық үшін ғылыми-зерттеу және мәдени-білім беру жобаларын бірлесіп әзірлеу және іске асыру;Мәдениет, тарих, өнер және музей ісі саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының басым бағыттарын айқындау бойынша консультациялар өткізу; Бірлескен ғылыми және ғылыми-практикалық конференцияларға, семинарларға және симпозиумдарға қатысу және өткізу; Бірлескен ғылыми бағдарламалар ұйымдастыру; сондай-ақ тарих, өнер және музей ісі саласында материалдар мен  нәтижелерді (қол жеткізген жетістіктер) ұсыну; Бірлескен көрмелер, жарияланымдар ұйымдастыру; Тараптардың басылымдарында ғылыми мақалалар жариялау мүмкіндігін беру; Жұмыс бабындағы кездесулер ұйымдастыру; Тараптар өкілдерінің біліктілігін арттыру мақсатында тағылымдамалар ұйымдастыру  шеңберінде ғалымдармен және мамандармен алмасу; Ғылыми ақпарат, құжаттама, әдебиет және библиографиялық басылымдармен алмасу, сондай-ақ жеке экспонаттар мен коллекциялардың көшірмесін жасауға мүмкіндік беру мәселелерін нақтылады.

Ақпарат көзі

 
0
0
735

Ғ. Тоғызбаев: Үздіксіз кәсіби жетілдіру мәселелерін шешуге барлық деңгейдегі медицина қызметкерлерін тарту қажет

Бұл жөнінде бүгін Алматы қаласында «Қазақстан Республикасындағы үздіксіз медициналық білім/үздіксіз кәсіби жетілдіру» бойынша өткен I Конгресте Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетінің басқарма төрағасы Ғалымжан Тоғызбаев айтты.

Ол, үздіксіз кәсіби жетілдіру мәселелерін шешуге барлық деңгейдегі медицина қызметкерлерін тарту қажеттілігін атап өтті. Олар - медициналық-санитарлық көмек ұйымдарының кіші медициналық персоналы, орта медициналық қызметкерлері және дәрігерлер. Ол, халықаралық тәжірибені ескеріп, біздің университетпен тығыз ынтымақтастық жолға қойылған Ресей медициналық дипломнан кейінгі академиясы, А.Әлиев атындағы Әзірбайжан мемлекеттік дәрігерлердің білімін жетілдіру институты сияқты және тағы басқа әріптестермен бірлескен жұмысты жалғастыру қажет, деді.

Ғалымжан Тоғызбаев, Конгресс - үздіксіз кәсіби жетілдіру мәселелерін шешу жолдарын нақтылау және ортақ пікірталас ашық алаңы, деп атап өтті.

Конгрестің тақырыбы бойынша ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаментінің директоры Алма Сыздықова, ҚР ДСӘДМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті төрағасының орынбасары Гүлнар Құлқаева, С. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің Байқаушы кеңесінің төрағасы Төрегелды Шарманов, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Қырғызстан,  Армения мен Әзірбайжан делегацияларының өкілдері сөз сөйледі.

Қазақстанда үздіксіз медициналық білім/үздіксіз кәсіби жетілдіру жүйесін жетілдіру тиімділігін арттыру мүмкіндіктері жөніндегі панельдік талқылау шеңберінде, барлық мүдделі тараптардың (медицина ЖОО, ҒЗИ, ҰО және колледждер, денсаулық сақтау басқармалары, ҚР ДСӘДМ-нің комитеттері, медициналық ұйымдар және ҮЕҰ) қатысуымен мәселелерді зерттеу және шешу үшін бірыңғай ресми алаң құру туралы ұсыныстар енгізілді.

Одан басқа, үйлестіруші ретінде үздіксіз білім бері университеттері табылатын, шетелдік әріптестерді тартумен біріктіруші орган – Үйлестіру кеңесін құру; бірыңғай ақпараттық кеңістікте мемлекеттік және жекеменшік клиникаларды біріктіру, қызметі білім беру бағдарламаларын ғылым мен практикамен, клиникалық хаттамалармен, кәсіби стандарттармен интеграциялауға, инновациялық процестерді ортақ мотивациялауға бағытталған барлық стейкхолдерді біріктіру мақсатында, қазақстандық мамандардың, үздіксіз кәсіби жетілдіру саласы оқытушыларының мәртебесін арттыру, заңнамалық деңгейде үздіксіз кәсіби жетілдіру саласының барлық провайдерлерінің қызметін реттеу (тапсырыс беруші-практикалық буын, орындаушы – білім беру ұйымы) жөнінде ұсыныстар енгізілді.

Талқылау және дауыс берудің қорытындысы бойынша конгрестің резолюциясы қабылданды.

Бұл конгресс жылдық қорытындыларды талқылайтын пікір алаңы мен ҚР-дағы  үздіксіз кәсіби жетілдіру саласындағы қызығушылық танытып отырған барлық ұйымдар мен органдардың келесі жылға алға қояр мақсаттарын айқындайтын жыл сайынғы маңызды үйлестіруші шара болуды көздейтінін естеріңізге саламыз.

Ақпарат көзі

 
0
0
491

Әділбек Жақсыбеков пен Сергей Собянин Астана мен Мәскеу арасындағы серіктестіктің жаңа кезеңін ашты (ФОТО)

Бүгін Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков пен Мәскеу мэрі Сергей Собянин Астана әкімдігі мен Мәскеу Үкіметі арасындағы 2016-2018 жылдарға арналған серіктестік Бағдарламасына қол қойды, деп хабарлады қала әкімдігі.

Мәскеу Үкіметінің делегациясы 23 қазан күні Астанаға ресми сапармен келген болатын. Бүгінгі кездесуге Мәскеу Үкіметіндегі қала құрылысы саясаты мен құрылыс мәселелері бойынша Мәскеу мэрінің орынбасары Марат Хуснуллин, қаланың көлік және жол-көлік инфрақұрылымы Департаментінің басшысы, Мәскеу мэрінің орынбасары Максим Ликсутов пен Мәскеу Үкіметінің министрі, Сыртқы экономикалық және халықаралық байланыстар Департаментінің басшысы Сергей Черемин қатысты.

Тарихи, территориалды және саяси байланыстар негізіндегі Қазақстан-Ресей қарым-қатынасы түрлі салалар бойынша қарқынды дамып келе жатқаны белгілі. Астана әкімдігі мен Мәскеу Үкіметі қалалар арасындағы тығыз қарым-қатынасты 2000 жылы, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени-ағарту салалары бойынша екі елорда арасындағы Келісімге қол қою нәтижесінде орнатқан.

«Астана мен Мәскеуді халықтарымыздың көпғасырлық ортақ тарихы мен дамудың жаңа сатысындағы екі мемлекеттің жан-жақты өзара тиімді серіктестігі біріктіреді. Біз бауырлас-қала Мәскеумен қарым-қатынасты одан ары дамытуға үлкен мән береміз» - деді Ә. Жақсыбеков.

Әкім бұған дейінгі сапарлар нәтижесінде екі елорда арасындағы іскер және гуманитарлық серіктестіктің берік негізі қаланғанын, сонымен қатар, Астана әкімдігі екі жақты серіктестікті одан ары дамытуға мүдделі екендігін атап өтті.

Мәскеу мэрі Астана дамуындағы өзгерістерге таңырқағанын жасырмады: «Мен мұнда бірнеше жыл болмадым, сол жылдар ішінде Астана көрікті, заманауи қалаға ғана емес, сонымен қатар, ірі мегаполиске айналды. Мұнда сәулет пен қала құрылысының үздік үлгілері жиналған. Шынында да, үйренетін нәрсе көп екен», - деді С. Собянин.

С. Собяниннің төрағалығымен Мәскеуде қала шаруашылығын модернизациялау бойынша ірі бағдарламалар жүзеге асырылуда, олардың тәжірибесі Қазақстанның жас астанасы үшін де қызықты. Бұл «Менің көшем» кешенді бағдарламасы мен көлік жүйесін жетілдіру, жағалауларды реконструкциялау және бұрыңғы өндіріс аумақтарында құрылыс жүргізу секілді бағдарламалар. Екі елорда арасында жергілікті атқарушы билік жұмысы аясындағы тәжірибе мен ақпарат алмасу жүзеге асырылуда. Жақында ғана Астана делегациясы саябақ аумақтарын дамыту тәжірибесін зерттеу мақсатында Мәскеуде болып қайтты.

Мәскеу мэрінің айтуынша, 2016-2018 жылдарға арналған серіктестік Бағдарламасы қалалық басқару, денсаулық сақтау, ақпараттық технологияларды дамыту секілді бірқатар салалар бойынша екі елорда арасындағы өзара қарым-қатынасты нығайтады. «Біздің серіктестігіміз формальді құжаттармен шектелмеген және шектелмейді де, - деді С. Собянин. - Мемлекеттеріміз арасындағы тарихи байланыс өте жақын. Уақытша экономикалық қиындықтарға қарамастан, біз екі қала серіктестігінің жаңа деңгейіне шығамыз деп сенемін».

Ә. Жақсыбеков Астана 2016-2018 жылдарға арналған серіктестік Бағдарламасына қол қою нәтижесінде Мәскеумен ортақ жұмыстың жаңа деңгейін бастауға дайын екендігін мәлімдеді. Алда өтетін ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне тоқтала кетіп, әкім Мәскеуде ЭКСПО-ның кеңейтілген таныстырылымын, соның ішінде келесі жылы Мәскеудегі Астананың мәдени күндерін, сондай-ақ, көрме кезінде Мәскеудің Астанадағы мәдени күндерін өткізуді ұсынды.

Сонымен қатар, Мәскеу мэрі жақын арада Қазақстанның ВДНХ-да өз елінің жетістіктерін көрсетуге мүмкіндік беретін алаң қайта пайда болатынын айтты. С. Собяниннің айтуынша, Мәскеуде ВДНХ-дағы ең көрікті болады деп күтілетін қазақстандық павильонды реконструкциялау жұмыстарының жобалауы аяқталды. Бұл павильонда Астананың тұрақтың көрмесін ашу да ұсынылды.

Бүгін Мәскеу Үкіметі делегациясы Астананың нысандарын мен елорданың бірегей көз тартар орындарын аралайды.

Ақпарат көзі

 
0
0
596

Алматы облысының кәсіпорындары ЭКСПО-2017 құрылысына қатысатын болады (ФОТО)

«Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқармасының төрағасы Ахметжан Есімов Алматы облысына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Ұлттық компания басшысы Алматы облысының әкімі Амандық Баталовпен кездесті. Облыстың әкімдігі және «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ арасында отандық тауар өндірушілерді Астана ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің нысандарын салуға қатыстыруға бағытталған меморандумға қол қойылды.

« Жақында ғана Елбасы атап өткендей, қазіргі дағдарыс 2007 жылдардағыдан әлдеқайда күрделірек. Сондықтан жаңа жұмыс орындарын ғана емес, қазіргі жұмыс орындарын сақтап қалу ерекше маңызды. Сондықтан да біз осы келісімшарттарға қол қойып жатырмыз », - деді Ахметжан Есімов.

Арнайы ұйымдастырылған көрмеде тапсырыс берушілер өнімнің сапасын өзі көріп, бағалау мүмкіндігіне ие болды.

«Өздеріңізге белгілі, Алматы облысының әлеуеті ауқымды. ЭКСПО-2017» сияқты үлкен жобаға біздің тауар өндірушілеріміздің қатысатындығына біз қуаныштымыз» - деді облыс әкімі Амандық Баталов.

ЭКСПО бас мердігерлері ықтимал жабдықтаушылармен болашақтағы бизнес әріптестігін Ынтымақтастық туралы меморандумдар мен нақты шарттармен баянды етті.

Кездесу барысында ұлттық компанияның бас мердігерлері отандық тауар өндірушілермен 11 келісімшартқа қол қойды.

Атап айтсақ, бас мердігер АО «Сембол Иншаат» бірден 4 келісімшартқа қол қойып, «Plast Invest Production» ЖШС, «Компания Sonik» ЖШС, «ПолимерМеталл-Т» ЖШС және «АЛЮГАЛ» ЖШС компанияларымен жұмыс істеуге келісті.

Осындай келісімдер  «Mabco constructions s.a.» мердігері үш шарт- «КнауфГипсКапшагай» ЖШС,  «Хенкель Баутехник Казахстан» ЖШС және «Галакси» ЖШС компанияларымен жасасты. Сонымен қатар, «АБК Кұрылыс-1» компаниясы «КнауфГипсКапшагай» ЖШС- мен және «Жетісу Гранит» ЖШС-мен келісімшартқа қол қойды.

«Turkuaz YDA Stroy» компаниясы «Табиғи ресурстарды пайдалану және табиғатты пайдалануды реттеу» мемлекеттік мекемесімен, «САЭС Средазэнергострой» компаниясы «АСПМК-519» акционерлік қоғамымен; «СК «Базис» компаниясы «Мекада» ЖШС, «Текели-гранит» ЖШС, «КнауфГипсКапшагай» ЖШС бірге жұмыс істеу ниетін меморандумда бекітті.

Сонымен қатар, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерімен де, атап айтқанда «Көлсай өзені», «Алтын Эмель», «Іле Алатау» мекемелерімен, сондай ақ «Жібек жолы» және «Asia Discovery» туроператорларымен меморандумға қол қойылды

Компания Қарағанды, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарының әкімдіктерімен, сонымен қатар Астана қаласының әкімдігімен отандық тауар өндірушілерді қатыстыру туралы меморандумдар жасап, қол қойды.

Ақпарат көзі

 
0
0
488