Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

«Мәңгілік ел». Халықаралық ақындар айтысының 2-бөлімі

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Тараз қаласында өткен Халықаралық ақындар айтысты бүгін сағат 15:05-те көріңіз.

Мемлекеттік деңгейдегі Халықаралық ақындар айтысы «Нұр Отан» партиясының және Жамбыл облысы әкімшілігінің ұйымдастыруымен өткен.

Сөз додасына Қытай, Моңғолия елінің ақындарынан бөлек, еліміздің от ауызды, орақ тілді ақындары Айбек Қалиев, Болатбек Оразбаев, Еркебұлан Қайназар, Мақсат Ақанов, Мейірбек Сұлтанхан, Ринат Зайытов және тағы басқа ақындар қатысқан.

Айтыстың жүргізушісі ақын, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері – Жүрсін Ерман.

Ақындардың сөз сайысын бүгін сағат 15:05-те Ұлттық арнадан көріңіз.


0
0
453

Осы тақырып бойынша

«Мәңгілік ел». Халықаралық ақындар айтысының 2-бөлімі - Yvision.kz