Қазақстан жаңа экономика саясаты жағдайында Ұлт жоспарының бағыттары бойынша жұмыс істейтін болады – ҚР Премьер-Министрі
Біз жаңа экономика саясаты жағдайында – 5 институционалды реформаның бағыттары бойынша жұмыс істейтін болып шештік, деп хабарлады ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында.
«Әрқашан мұнайдың, металлдың бағасы қымбаттаған уақыт бітті. Біздің болжамымызша алдағы 5-7 жыл біз басқа экономикалық жағдайда өмір сүретін боламыз. Біз мұнай бағасы бір барель үшін 30-дан 50 долларға дейін болатын баға санатында өмір сүруге үйренуіміз керек», - деді К.Мәсімов.
Премьер-Министрдің айтуынша, Қазақстанда өндірілетін мұнай, металл өнімдерінің бағасы өте төмен деңгейде болады. Сондықтан ҚР Үкіметі мен Ұлттық банк бұл жағдайда сәйкесінше қарсы әрекет ету керек.
«Біз жаңа экономика саясаты жағдайында Елбасы Н.Назарбаев айқындап берген – 5 институционалды реформаның бағыттары бойынша жұмыс істейтін болып шештік», - деп баса айтты К.Мәсімов.
«Аймақ әкімдіктеріне штабтарды басқаруды, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын әлеуметтік аз қамтамасыз етілген жандарға айсайынғы берілетін әлеуметтік көмек көлемін арттыру арқылы қолдау көрсету шараларын қолға алу керек», - деп мәлімдеді Үкімет басшысы.
Сонымен қатар, Премьер-Министр әлеуметтік маңызды азық-түлік өнімдері мен қызметтің бағаларының негізсіз қымбаттауын болдырмайтын құжаттар топтамасыз қабылдауды тапсырды.
«Сіздер мониторинг жүргізулеріңіз қажет, жалпы үйлестіру мен жедел шаралар бойынша Б.Сағынтаев, әлеуметтік мәселелер бойынша Б.Сапарбаев айналысатын болады», - деді К. Мәсімов.
«Жаңа бюджеттік саясат аясында біз барлық тапсырмаларымыз орындап келеміз. Республикалық бюджеттің алдағы үш жылдық жоспарында барлық шығындар оңтайландырылады. Жаңа жоба барлық әлеуметтік міндеттемелердің жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді», - деп сендірді ол.
Министрдің айтуынша, мемлекеттік сатып алулардың басым бөлігі бірінші жарты жылдықта жүзеге асырылды.
«Бізде барлық бюджеттік міндеттемелер жыл соңына дейін толығымен өтелетініне еш күмән жоқ. Бүгінде біз барлық міндеттемелердің 65-70% қаржыландырып үлгердік. Жыл соңына дейін 2,8 трлн теңгені өтеу қалды және ешқандай проблема жоқ», - деп баса айтты министр.
«Бүгін Үкімет отырысында аймақ әкімдіктеріне штабтарды басқаруды, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын әлеуметтік аз қамтамасыз етілген жандарға айсайынғы берілетін әлеуметтік көмек көлемін арттыру арқылы қолдау көрсету шараларын қолға алу бойынша тапсырмалар берілді. Жалпы, ҚР Үкіметі жақын арада әлеуметтік маңызды тауарлардың негізсіз қымбаттауын болдырмайды», - деп мәлімдеді Үкімет басшысы.
