К. Мәсімов: Қазақстан экономикалық саясатын дамыту барысында Канада мен Австралияның тәжірибесіне жүгінеді
Біз экономикалық саясатымызды дамыту барысында Канада мен Австралияның тәжірибесіне жүгінетін боламыз, деп хабарлады ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Қазақстан Республикасы Үкіметінің селекторлық отырысында.
«Әрине, еркін ағым жүйесі –біз үшін жаңа процесс. Біз өзге мемлекеттердің тәжірибесін зерттедік, біздің экономикалық құрылымымыздың ерекшелігін ескере отырып осы бағытты дұрыс деп есептейміз. Сондықтанда біз экономикалық саясатымызды дамыту барысында Канада мен Австралияның тәжірибесіне жүгінетін боламыз. Олар бізге ұқсайды және бізден дамудың жоғары деңгейінде», – деп мәлімдеді Премьер-Министр.
Бұдан басқа, К. Мәсімов баса айтқандай, бұл экономикалық трэнед ұзақмерзімді болып келеді және 5-7 жылға есептелген.
«Біз таңдап отырған экономикалық трэнд – ұзақмерзімді екенін есепке алған жөн, ол 5-7 жылға арналған. Біз осыған келіп жеттік, ол реформаның құрылымдық бөлімінің бір бөлігі», – деді Үкімет басшысы.
«Бүгін Үкімет отырысында аймақ әкімдіктеріне штабтарды басқаруды, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын әлеуметтік аз қамтамасыз етілген жандарға айсайынғы берілетін әлеуметтік көмек көлемін арттыру арқылы қолдау көрсету шараларын қолға алу бойынша тапсырмалар берілді. Жалпы, ҚР Үкіметі жақын арада әлеуметтік маңызды тауарлардың негізсіз қымбаттауын болдырмайды», - деп мәлімдеді Үкімет басшысы.
«Әрқашан мұнайдың, металлдың бағасы қымбаттаған уақыт бітті. Біздің болжамымызша алдағы 5-7 жыл біз басқа экономикалық жағдайда өмір сүретін боламыз. Біз мұнай бағасы бір барель үшін 30-дан 50 долларға дейін болатын баға санатында өмір сүруге үйренуіміз керек», - деді К.Мәсімов.
Премьер-Министрдің айтуынша, Қазақстанда өндірілетін мұнай, металл өнімдерінің бағасы өте төмен деңгейде болады. Сондықтан ҚР Үкіметі мен Ұлттық банк бұл жағдайда сәйкесінше қарсы әрекет ету керек.
«Біз жаңа экономика саясаты жағдайында Елбасы Н.Назарбаев айқындап берген – 5 институционалды реформаның бағыттары бойынша жұмыс істейтін болып шештік», - деп баса айтты К.Мәсімов.
«Бүгінде әлем экономикасындағы жағымсыз факторларды есекеретін болсақ, Үкімет пен Ұлттық банк бірлесіп ұзақмерзімді экономика өсімімі мен жұмыспен қамту мәселесін қамтамасыз ету мақсатында құрылымдық реформалар жиынтығын жасақтауда. Елбасының Ұлттық банкке берген тапсырмасын орындау мақсатында болшақта орташа мерзімде инфляциялық таргеттеуге көшу бойынша шаралар кешені жүзеге асырылады», - деп мәлімдеді Үкімет басшысы.
К. Мәсімов еске салып өткендей, ағымдағы жылдың 15 шілдесінде Ұлттық банк валюталық дәлізді кеңейту туралы шешім қабалдаған болатын Себебі экспорттық табыстың төмендеуі республикалық бюджетке және еліміздің төлем балансына кері әсерін тигізуде.
