К.Мәсімов аймақ әкімдеріне әлеуметтік аз қамтамасыз етілгендерге қолдау көрсету шараларын қолға алуды тапсырды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің селекторлық отырысында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов аймақ әкімдеріне әлеуметтік аз қамтамасыз етілгендерге айсайынғы берілетін әлеуметтік көмек көлемін арттыру арқылы қолдау көрсету шараларын қолға алуды тапсырды.
«Аймақ әкімдіктеріне штабтарды басқаруды, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын әлеуметтік аз қамтамасыз етілген жандарға айсайынғы берілетін әлеуметтік көмек көлемін арттыру арқылы қолдау көрсету шараларын қолға алу керек», - деп мәлімдеді Үкімет басшысы.
Сонымен қатар, Премьер-Министр әлеуметтік маңызды азық-түлік өнімдері мен қызметтің бағаларының негізсіз қымбаттауын болдырмайтын құжаттар топтамасыз қабылдауды тапсырды.
«Сіздер мониторинг жүргізулеріңіз қажет, жалпы үйлестіру мен жедел шаралар бойынша Б.Сағынтаев, әлеуметтік мәселелер бойынша Б.Сапарбаев айналысатын болады», - деді К. Мәсімов.
Премьер-Министр: ҚР Үкіметі әлеуметтік маңызды азық-түлік өнімдері мен қызметтің бағаларының негізсіз қымбаттауын болдырмайды
«Инфляциялық таргеттеуге негізделген жаңа қаржы-несие саясатын жүзеге асыру стратегиялық міндеттерді жүзеге асыруға - отандық экономиканың ұзақмерзімді өсіміне, инфляция деңгейінің төмендеуіне, халықтың әл-аухатының артуына оң әсер етеді», - деп сендірді К. Мәсімов.
Жалпы, Премьер-Министрдің айуынша, ҚР Үкіметі әлеуметтік маңызды азық-түлік өнімдері мен қызметтің бағаларының негізсіз қымбаттауын болдырмайды.
«Әрқашан мұнайдың, металлдың бағасы қымбаттаған уақыт бітті. Біздің болжамымызша алдағы 5-7 жыл біз басқа экономикалық жағдайда өмір сүретін боламыз. Біз мұнай бағасы бір барель үшін 30-дан 50 долларға дейін болатын баға санатында өмір сүруге үйренуіміз керек», - деді К.Мәсімов.
Премьер-Министрдің айтуынша, Қазақстанда өндірілетін мұнай, металл өнімдерінің бағасы өте төмен деңгейде болады. Сондықтан ҚР Үкіметі мен Ұлттық банк бұл жағдайда сәйкесінше қарсы әрекет ету керек.
«Біз жаңа экономика саясаты жағдайында Елбасы Н.Назарбаев айқындап берген – 5 институционалды реформаның бағыттары бойынша жұмыс істейтін болып шештік», - деп баса айтты К.Мәсімов.
Бұдан басқа, К. Мәсімов баса айтқандай, бұл экономикалық трэнед ұзақмерзімді болып келеді және 5-7 жылға есептелген.
«Біз таңдап отырған экономикалық трэнд – ұзақмерзімді екенін есепке алған жөн, ол 5-7 жылға арналған. Біз осыған келіп жеттік, ол реформаның құрылымдық бөлімінің бір бөлігі», – деді Үкімет басшысы.
