Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қызылордада тәртіп сақшыларының ұйымдастыруымен «Өз өміріңді көркемде!» акциясы өтуде

Есірткіден азат қоғамды қалыптастыру, жастар арасында саламатты және салауатты өмір салтын насихаттау, бүкіләлемдік зұлматқа айналып отырған дерттің кең етек алуын болдырмау мақсатында республика көлемінде «Өз өміріңді көркемде!» акциясы өтуде.

Аталған акция шеңберінде 2015 жылдың 30 қазанында сағат 15.00-16.00 аралығында Қызылорда қаласының орталық алаңынан бастап, қала көшелерін аралай отырып, автокөліктер шеруі жүріп өтетін болады.

Шара одан кейін 31 қазанда жалғасын тауып, сағат 15.00-16.00 аралығында Қызылорда қаласының орталық алаңынан бастау алып, А.Тоқмағанбетов атындағы Мәдениет үйіне дейін (Желтоқсан, одан кейін А.Тоқмағанбетов көшелерімен жүре отырып) жаяу шеру жүріп өтеді. Шеруге қаладағы барлық орта, арнаулы орта, жоғары оқу орындарының білім алушылары, медицина саласының қызметкерлері қатыстырылады. Акцияға қатысушылар бірліктің, ынтымақтастық символы – жалау ұстап шығып, есірткіден азат қоғамды қалайтындықтарын білдіріп, халықты салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.

Акция 31 қазанда А.Тоқмағанбетов атындағы Мәдениет үйінде мерекелік жиынмен қорытындыланатын болады. Мерекелік шараға есірткімен күрес бағытында жемісті жұмыстар атқарып келген жасөспірімдер,  жастар, қоғамның белсенді мүшелері қатысып, марапатталатын болады.

 

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

0
0
396

Осы тақырып бойынша

Қызылордада тәртіп сақшыларының ұйымдастыруымен «Өз өміріңді көркемде!» акциясы өтуде - Yvision.kz