Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазақтың әнші қызы

Қазақтың әнші қызы

Қоңыр сазды , терең мағыналы өлеңдерімен халық жүрегіне алтын əріптермен жазылған əнші, сазгер-Гаухар Əлімбекованың қазақ эстрадасында алар орны ерекше. Көгілдір экраннан басқа жұлдыздар сағат сайын шығып өзін жарнамаламайтын Гаухар тыңдармандарын сағындырып бір-ақ шығады. Сазгер ретінде жүрекке тиетін əуендерін шығарып, оған қоса əн айтқанда да нақышына келтіре халықтың жүрегіне жеткізеді.
Гауһар Әлімбекова 1971 жылдың 7 қазанында Оңтүстік Қазақстан облысы Жетісай өңірінде дүниеге келген. Әкесі Серікбай мен анасы Мақпалайдың қасиет қонақтап, қыдыр дарыған берекелі шаңырағында 8 ұл, 4 қыз өсіп-өнді. Гауһар – ата-анасының алты ұлдан кейін көрген тұңғыш қызы болатын. Ел мақтаған әкесі ауыл-аймақтың қадірлі ақсақалы болса, гүл баптаған анасы ақыл-парасатына алыс-жақын ағайынды түгел тәнті еткен ұлағатты жан еді. Сондықтан өнегелі де өнерлі Әлімбековтер әулетінің аты оңтүстік жұртына түгел мәшһүр.
"Жас келін", "Келінге өсиет" ,"Ақ келін","Перзент сыры", "Оралшы махабат", "Махаббат ордасы", "Арманның бəрі тəтті алғашында" -сынды көптеген əндердің авторы болған Гаухар жеке шығармашылығына аса мəн береді. Келіндерге ,қыздарға айтқан өсиет өлеңдері терең мағынамен ой түйгізіп іс жүзінде көрініп жатыр.
Қазіргі жастардың көбі танымаса керек. Алайда бір тыңдап көріңіздер. Мен өзім Гаухар Əлімбекованың тыңдарманымын. Əнші əпкенің əн айту жанры(стилi) маған қатты ұнайды. Сондықтан əндерін ерекше ықыласпен тыңдаймын.
Оқырмандар сіздер Гаухар Əлімбекованың əндерін тыңдап көрдіңіздер ме?!

0
0
2763

Осы тақырып бойынша