Мазмұнға өту

Жаңа

«Kazsport» Мароккода өтетін самбодан Әлем чемпионатын көрсетеді

13-15 қараша аралығында Марокконың Касабланка қаласында самбодан Әлем чемпионаты өтеді. Айта кетейік, әлемдік дода Африка құрлығында тұңғыш рет ұйымдастырылады.

«Kazsport» телеарнасы Әлем чемпионатының 3 жарыс күнін көрсетеді.

КӨРСЕТІЛІМ КЕСТЕСІ:

 

14 қараша

09:20. САМБО. Әлем чемпионаты. Касабланка (Марокко). 1-ші күн

 

15 ноября

13:45. САМБО. Әлем чемпионаты. Касабланка (Марокко). 2-ші күн

01:00. САМБО. Әлем чемпионаты. Касабланка (Марокко). 3-ші күн. Тікелей эфир

 
0
0
335

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасында «Онлайн дауыс» байқауының 2-ші кезеңі басталды

12-15 қараша аралығына байқаудың дауыс беру кезеңі өтеді.

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасында 30 қазан мен 11 қараша аралығында «Онлайн дауыс» байқауының 1-ші кезеңі өтті. Оның қорытындысы бойынша 35 үміткер іріктелді.

Енді 12-15 қараша аралығына байқаудың дауыс беру кезеңі өтеді. Үміткерлерді қолдау үшінonlinedauys.kaztrk.kz сайтында дауыс беруге болады.

Байқау жеңімпазы 17 қарашада анықталады. «Онлайн дауыс» байқауының жеңімпазы бағалы сыйлықтармен марапатталып, «Қазақстан» Ұлттық телеарнасындағы өзі таңдаған бағдарламаға қонақ ретінде қатысады.

 

Бағыңды сына!  Онлайн бол!


0
0
441

«Таңшолпанда» Құрмаш Маханның Тайландтың Пхипхи аралында түсірген бейнебаянының тұсауы кесілді

Әнші, сазгер Қ.Махан - «Таңшолпан» студиясында қонақта.

Ұлттық арна эфирінен «Шаттығым» атты әнге Тайландтың Пхипхи аралында түсірген бейнебаянының тұсауы кесілді.

«Бұдан да бөлек, жаңа әндер жазылуда. Халық бағасын бере жатар. Келер жылы шығармашылық концерт өткізу жоспарда тұр. Жеке кеш ұсыну да - ойда жүрген істердің бірі.  Тыңдармандарыма сахнада жүрген 25 жылдық еңбегімнің есебін берсем деймін», дейді әнші.

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» тыңдай аласыздар.


0
0
313

Әнші Бүркіт: Әскердегі соңғы жарты жылым гастрөлдік сапарлармен өтті

Әнші Бүркіт Ұлттық арнаның «Таңшолпан» бағдарламасында қонақта.

Жуырда әншінің «Айналайын» атты жаңа әні жарыққа шықпақ.  Сондай-ақ, желтоқсан айында тыңдармандарына«Мемлекетім» атты әнге түсірілген бейнебаянын ұсынатынын жеткізді.

Шығармашылық жолы туралы әңгімелеген өнер иесі «Музыка әлеміне домбыра арқылы келдім. 7 жыл домбыра мектебінде оқыдым. Бұл аспап әрқашан өзіммен бірге.

Әскер қатарында жүріп те «Нұрсат» деген музыкалық топтың құрамында болғанмын. Тіпті әскердегі соңғы жарты жылым гастрөлдік сапарлармен өтті», дейді.

Әншінің продюсерлігімен қазақ сахнасына жуырда жаңа топ қосылмақшы. Толығырақ «Таңшолпаннан»көріңіздер.


0
0
283

Тұрғындар тұрмысы билік назарында!

Елімізде халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға, жұмыссыздарды жұмыспен қамтуға айрықша мән берілуде. Осыған орай, «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» және өзге де бірқатар мемлекеттік бағдарламалар қанат қақты. Бастысы, бұл бағыттағы іс-шаралар барлық өңірде өз деңгейінде қолға алынуда.

Мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі – тұрғындар тұрмысын көтеру. Әсіресе, жұмыссыз жүрген жандардың еңбекке орналасуына мүмкіндік жасау. Осы мақсатта жүзеге асып жатқан «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында бір миллионнан астам қазақстандық екі қолға бір күрек тапты. Қалалар мен елді мекендерде жаңа жұмыс орындары ашылды. Жергілікті билік өкілдері ірі кәсіпорындармен, шаруа қожалықтарымен келіссөздер жүргізіп, қарапайым халықтың жұмыспен қамтылуына жағдай жасады. Соның нәтижесінде жыл сайын республика бойынша мыңдаған адам жұмысқа орналасуда. Мәселен, жыл басынан бері тек Павлодар облысында он мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылып, осыншама адамды еңбекпен қамтыды. Сондай-ақ, жеке кәсіппен айналысқысы келген азаматтарға да мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілуде. Осыдан төрт жыл бұрын қабылданған «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы жүзеге асқаннан бері біздің аймағымызда бір мыңнан астам адам несие алып, өз кәсібін жалғастыруда екен.

Атап өтерлігі, елімізде тұрғындарға деген әлеуметтік қолдау да ортайған жоқ. Әлемдік дағдарысқа қарамастан әлеуметтік төлемақылар мөлшері қысқартылған емес. Керісінше, тұрмысы төмен жандарға деген қамқорлық жылдан-жылға артуда. Зейнеткерлердің зейнетақысы, мүгедектер мен көп балалы аналарға, сондай-ақ, басқа да қоғамның әлжуаз топтарына берілетін жәрдемақы мөлшері өсуде. Айталық, биылғы жылдың алғашқы он айында табысы кедейлік шегінен төмен деп саналған 656 аз қамтылған азаматқа 14 миллионға жуық теңгенің атаулы әлеметтік көмегі көрсетілген. Ал мемлекет тарапынан осындай көмек алатын 18 жасқа толмаған балалар, жұмыспен қамту мекемелерінде есепте тұрған жұмыссыздар, бала күтімімен айналысатын аналарға тиісті жәрдемақысы тұрақты түрде төленуде. Жалпы, көмекке мұқтаж жандарға деген қайырымдылық шаралары ешқашан билік назарынан қалған емес. Тек биылғы жылы облыс бойынша он бір мыңға жуық тұрмысы төмен азаматқа 56,7 млн.теңгенің көмегі көрсетілген.

Бұл – мемлекеттің халыққа деген шексіз қолдауы.

 

Берікхан Қожаұлы

 
0
0
461

Сенат мүгедектердің құқықтарын қорғауға бағытталған заңды қабылдады

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедектердің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңын екі оқылымда қарап, қабылдады.

Аталған Заң Мемлекет басшысы ағымдағы жылғы 20 ақпанда қол қойған «Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны ратификациялау туралы» Заңды іске асыру шеңберінде әзірленген.

Мүгедектерді әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру, оңалту саласындағы көрсетілетін қызметтердің тиімділігін арттыру, олардың қажеттіліктерінің ерекшелігін ескере отырып, еңбек етуге, физикалық қоршаған ортасына, оның ішінде көлікке, ақпарат пен байланысқа қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін тиісті шаралар қабылдау мақсатында Заң жобасы арқылы 24 заңнамалық актіге, оның ішінде 3 кодекске түзетулер енгізіледі.

Заңда төмендегі мәселелер қарастырылған:

1. Әлеуметтік, көлік инфрақұрылымының  қолжетімділігін қамтамасыз ету:

- вокзалдар мен әуежайларда кедергісіз орта құру;

- теміржол құрамдарын мүгедектерге қолжетімді вагондармен жабдықтау;

- көлік қызметкерлерін мүгедектермен қарым-қатынас жасау дағдыларына және оларға қызмет көрсетуге, оның ішінде ымдау тіліне үйрету;

- әуежайларда, теміржол вокзалдарында, әлеуметтік-мәдени объектілерде, сонымен қатар алаңдарда, даңғылдарда, көшелерде, орамдарда, өзге де көлік құралдарын қоюға тыйым салынған,  мүгедектердің арнайы автокөліктерін қоюға арналған тегін тұрақ орындарын бөлу және т.б.

2. Әлеуметтік сала (денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қорғау) қызметтерін жетілдіру:

- мүгедектерге медициналық көмек пен медициналық оңалтудың қолжетімдігін қамтамасыз ету;

- медициналық-әлеуметтік сараптаманы жетілдіру;

- денсаулық сақтау субъектілерінің міндетіне профилактикалық жұмысты қосу;

- естуі бойынша мүгедектерге ымдау тілінің маманы ұсынатын қызметті ұлғайту;

- инклюзивті білім беруді ескере отырып, білім беру стандарттарын әзірлеу;

- мүгедек балалардың инклюзивті білім алуын қамтамасыз ету;

- білім беру жүйесінің барлық деңгейіндегі оқу-тәрбие процесін мүгедектердің құқықтарына құрметпен қарай отырып жүзеге асыру және басқалар.

3. Ақпарат және тұрғын үйге қолжетімділік:

- мүгедектердің қажетті ақпаратқа қызмет көрсету орындарында, телерадиохабар таратуда қол жеткізуіне жағдай жасау;

- мемлекеттік қызметтерді қолжетімді түрде көрсету;

- мемлекеттік қызмет көрсету саласының қызметкерлерін мүгедектермен қарым-қатынас дағдыларына оқыту;

- тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектерге берілетін тұрғын үй пәтері екінші қабаттан жоғары болмауы тиіс екенін ескеру;

- тұруға жарамды басқа тұрғын үй берместен үшінші топ мүгедектерін қызметтік тұрғын үйден шығаруға болмайтын адамдардың тізбесіне қосу;

- мүгедек медициналық-әлеуметтік мекемеде уақытша тұрған кезде оның тұрғын үйге құқығын сақтау.

4. Құқықтық көмекті жетілдіру:

- ымдау тілінде, оның ішінде сотта өз пікірін білдіру және ақпарат алу;

- мүгедегі бар отбасында жалғыз ер баланы әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру;

- мүгедектерді жазасын өтеу мерзімінде оңалту құралдарымен қамтамасыз ету;

- мүгедек болатын жерде адвокаттың құқықтық кеңес жүргізуі және басқалар.

Заңды қабылдау 600 мыңнан астам мүгедектің құқықтарын жақсартуға ықпал етеді.

 
0
0
321

Ауыл шаруашылығының ЖІӨ-сі 9 ай ішінде 2 млрд теңгені құрады – АШМ

Ауыл шаруашылығы саласын осы жыл бойынша қорытындылай келе, республика бойынша 2015 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы 1866,4 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкесінше уақыт көрсеткішінен 3,1% есеге артық, деп хабарлады ведомство.

Бұған өсімдік шаруашылығындағы өнім өндірісінің көлемінің 3,1%-ға, еттің барлық түрінің – 2,5%-ға, сиыр сүтінің – 2,4%-ға, тауық жұмыртқасының – 11,8%-ға өсуі сеп болды. Ұйымдасқан шаруашылықтарда мал басының саны да арта түсті.

Сонымен, жылқы саны 2 132,5 мың бас, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 8,1%-ға жоғары. ІҚМ – 6 649,8 мың. бас (2,6%-ға артық), қой және ешкі 20 556,3 мың бас (0,9%-ға артық), құс – 38 479,8 мың бас (5,2%-ға артық). Сондай-ақ, саланы қолдау бойынша мемлекеттік бағдарламасы да сәтті жүзеге асырылуда.

Бағдарлама шеңберінде фермерлік шаруашылықтарды субсидиялау арқылы 2015 жылы 52,7 млрд. теңге бөлінді, яғни көрсеткіш өткен жылдың сәйкесінше уақытына 30%-ға артқан. «ҚазАгро ҰБХ» АҚ-ның «Сыбага», «Құлан», «Алтын Асық» атты бағдарламаларына белсене қатысқан фермерлік шаруашылықтар да өз үлестерін қосуда.

Сонымен, жыл бойы асыл тұқымды мал басы есебінен 75 мың ІҚМ, 25,2 мың бас жылқы, 72 мың бас қой сатып алынды. Асыл тұқымды ірі қара мал басының саны 722 мыңға жетті, ал бұл көрсеткіш жалпы ІҚМ басының 22%. Ет экспорты 2015 жылдың 9 айы бойынша 9,6 мың тоннаны құрады. 2015 жылы республика бойынша көктемгі егіс алқабы 18,5 млн. гектарды құрады.

2015 жылдың 5 қарашадағы жағдай бойынша 15,3 млн. га алқаптан дәнді-дақылдар жиналып, 19 959,4 мың тонна бастырылған. Дәнді-дақылдар алқаптарының (651,2 мыңға – 5,4%) қысқаруы және тыңайған жерлерді игеру есебінен азықтық дақылдар, сондай-ақ күріш, жүгері, сұлы, қант қызылшасы, бұршақты дәнді-дақылдар алқаптары арта түсті.

Өз кезегінде, шаруашылықтардың ұсақтығы жалпы саланың тиімді өндірісіне кедергі тигізуде.Тіркелген 3 856 фермерлік кооперациялар еліміздің жалпы ауыл шаруашылық құрылымдарының тек 2% ғана құрайды. Шаруашылықтардың көбіне ұсақ тауарлығы есебінен технологиялық пен инвестициялар қол жетімсіз боп қалуда.

Кооперация арқылы шаруашылықтарды ірілендіруді ынталандыру үшін Министрлікпен «Ауыл шаруашылығы кооперациясы туралы» Заң әзірленген, сондай-ақ, ү.ж. 29 қазанында Мемлекет басшымен қол қойылған қолданыстағы фермерлердің кооперациясы туралы заңнамалық актілерге өзгертулер мен қосымшалар енгізілген болатын.

Атал тосқауылдарды жою және саланың тиімділігін арттыру үшін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігімен субсидиялау жүйесін өзгертуі туралы шешім қабылданды. Яғни, өсімдік шаруашылығында ЖЖМ және тауарлық-материалдық құндылықтардың бағасын төмендетуге бағытталған субсидиялар толықтай жойылып, мал шаруашылығында өнім сапасын арттыру және өнімділікті жоғарлату субсидияларының саны және ғылымды қаржыландыру көлемі азаяды. Оның орнына инвестициялық субсидия, сыйақы пайызын субсидиялау, өсімдік шаруашылығындағы сақтандыру, ҚҚС субсидиялау, ғылыми ұйымдардың қызметіне кеткен бизнес қауымдастықтарының шығындарын субсидиялау, фитосанитарлық қызметтерді нығайту тәрізді субсидиялар енгізіледі.

Ақпарат көзі

 
0
0
418

Қазақстандық экономиканың еуразиялық бірлестікке қатысуы ТШИ ағымын 65%-ға дейін арттырды

Тәуелсіздік күні қарсаңында «Strategy2050.kz» АА Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың әр жылдары ұсынған жаһандық бастамаларының 10-дығын жариялайды.

1994 жылы М.В.Ломоносов атындағы ММУ-де Қазақстан Президенті алғаш рет Еуразиялық одақ құру туралы идеясын ұсынды. Нұрсұлтан Назарбаевтың еуразиялық туралы идеясы мыңдағын жылдар бойы еуразиялық халықтардың рухани-адамгершілік және мәдени-тарихи қарым қатынасына негізделген. Еуразиялықтың негізінде ашықтық, төзімділік, жаңашылдықты және пайдалы дүниені қабылдауға деген дайындық жатыр. Қазіргі таңда еуразиялық бастама бұрынғы КСРО аумағында, атап айтқанда Қазақстанның еуразиялық идеясы соңғы кездегі экономикалық интеграциямен үндеседі – Кедендік одақ, Бірыңғай экономикалық кеңістік (БЭК) пен Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО).

«Жалпы Қазақстанның еуразиялық бастамасына бастау 1991 жылы берілді деуге болады. Ол кезде Н.Назарбаев  Алматыда бұрынғы одақтар елдердің басшыларының кездесуін өткізуді, бұрынғы бірыңғай экономикалық, әлеуметтік және мәдени кеңістіктің тарап кетуіне жол бермеуге шақырды. Осылайша Қазақстанның евразиялық интеграциясының тарихы ТМД елдерінің пост кеңестік кезеңнен кейінгі тарихымен пара-пар деуге болады», - деді ҚР Президенді жанындағы Қазақстан стратегиялық зертеулер институтының бас ғылыми қызметкері, экономика ғылымдарының докторы Вячеслав Додонов «Strategy2050.kz» АА берген эксклюзивті сұхбатында.

Сарапшының айтуынша, экономикалық байланыстар орнатпай, экономикалық интеграциясыз өмір сүре алмаймыз. ЕАЭО - біздің болашағымыздың серпіні.

«Кедендік одақ пен БЭК жұмыстарының алғашқы жылдары серпіннің бар екенін дәлелдеді - 2011-2012 жылдары экономикалық ынтымақтастықтың негізгі көрсеткіштері жоғары жылдамдықпен өсе бастады. 2013-2014 жылдары өзара сауда саттық жылдамдығы біршама төмендеді, бірінші кезекте бұл шикізат бағасының төмендеуімен байланысты. Бұл тауар айналымының басым бөлігін құрады», - деп түсіндірді ол.

Осы ретте экономика ғылымдарының докторы атап өткендей, қазақстандық экономиканың еуразиялық интеграциялық бірлестікке қатысуы өзара сауда көлемін арттырды. Сонымен қатар, тікелей шетелдік инвестициялар ағымы айтарлықтай өсті.

«Мысалы, 2010-2014 жылдар аралығында тікелей шетелдік инвестиция  Беларусиядан 5 есе өсті (42 ден 202 млн долларға дейін), Ресейден – 65%-ға ( 952-ден 1570 млн долларға дейін) арты. Бұл жалпы осы кезеңдегі 7% ТШИ өсімінен айтарлықтай жоғары. Бұдан басқа, Қазақстанның әлем бойынша инвесторлар арасында инвестициялық тартымдылығы өсті. Кедендік одақ құрылған төрт жыл ішінде қайта өңдеу өндірісіне  27 млрд доллар инвестиция тартылды – бұл алдағы төрт жылмен салыстырғанда  2,3 есе көп және Қазақстан тәуелсіздігі жылдарын басып озды», - деп атап өтті сарапшы.

Ақпарат көзі

 
0
0
525

Шымкентте қаланың бес жылдық даму тұжырымдамасы таныстырылды

ОҚО әкімдігінде өңір әкімі Б.Атамқұловқа қала әкімі Ғ.Әбдірахымов Шымкент қаласының 2016-2020 жылдарға арналған даму тұжырымдамасының жобасын таныстырды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Шаһардың бес жылдық даму жоспарындағы басты тапсырмалар мен мегаполистің тыныс-тіршілігіндегі барлық мәселелерді қамтитын құжатта тұрғын үй-коммуналдық мәселелері, білім мен мәдениет, денсаулық сақтау және қауіпсіздік, қала құрылысы мен сәулеті, кәсіпкерлік сынды бірқатар салалар да қарастырылған.

Тұжырымдамада қаладағы инфрақұрылымды дамытуға басты назар аударылған. Мәселен, Шымкентке кейіннен қосылған аудандарда бес су тазарту құрылысы салынып, қаладағы «Бадам» мен «Қошқар Ата» су тоғандарына ағатын кәріз сулары тоқтатылатын болады. Мұнан бөлек, автомобиль жолдарындағы көлік кептелістерін азайту үшін бес жол айрығын салу ұсынылып отыр. Маңызды мәселелердің қатарына қала халқын таза ауыз сумен қамту, кәріз жүйелерін реттеу, газ, жылу және электрмен жабдықтау кіреді.

«Ақылды қала» жобасы бойынша дамитын Шымкент шаһарында шағын және орта кәсіп дамып, қалаға инвесторлар мен туристерді тарту бойынша жұмыстар жүргізілмек. Қала басшылығының жоспарында жаңа заманауи іскерлік және тұрғын үй «Shymkent City» ауданын құру да бар. Тұжырымдамада жолаушыларға сапалы қызмет көрсету үшін қаладағы автобус паркін жаңарту мәселесі де қаралған.

Сонымен қатар, қала мектептеріндегі жүйені өзгерту, атап айтсақ, мектеп директорларын конкурс нәтижесінде тағайындау, қамқорлық кеңесін құрып, балалардың сабаққа қатысуы мен үлгерімін қадағалау үшін ата-аналарды заманауи электронды бақылау жүйесімен қамтамасыз ету де кіреді. Таныстырылған тұжырымдамаға облыс әкімі жоғары баға беріп, кейбір мәселелерге толықтырулар енгізу керегін жеткізді.

Шымкенттің дамыған қалалардың қатарына кіруі үшін шаһардағы тұрғын үйлердің шатырына күн көзінен қуат алатын аккумуляторлар орнатылып, велосипед инфрақұрылымын дамыту, сонымен қатар, электр жарығын үнемдеуші шамдардың күнделікті тұрмыста пайдаланылуы керектігі айтылды. Аса назар аударатын проблемалардың бірі елдегі жұмыссыздық.

Бұл мәселені шешу үшін облыс әкімі ТМД елдеріндегі қалалардың даму тарихын зерттеу керегін ескертті. Б.Атамқұлов Шымкент қаласының жетекшілігі алдағы бес жылдықты ғана емес, болашақ ұрпаққа аманат қаланың алдағы 20-30 жылдық жоспары құрылуы керегін сөз етті. Келешек үшінші мегаполисті дамытуға арналған тағы бір бағыт – осы істерге қала тұрғындарын да тарту мәселесі.

Қаланың барлық талаптарға сай болып дамуы үшін жергілікті халық та бұған жауапкершілікпен және түсіністікпен қарап, оған бұқараны жұмылдыру әдіс-тәсілдері ұйымдастырылуы шарт. Айта өткен жөн, Шымкенттің үшінші қалаға айналуына Елбасының өзі айрықша назар аударып отыр.

Ақпарат көзі

 
0
0
459

«Нұрлы жол» президенттік бағдарламасына 1 жыл толды

Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» Қазақстан халқына Жолдауын жариялап, жаңа экономикалық саясат туралы айтқанына бір жыл толып отыр.

Құжат елдің алдағы уақыттағы мақсаттарының негізгі басымдықтарын анықтайды. Атап айтсақ, ол көліктік-логистикалық даму, индустриялды және энергетикалық инфрақұрылымды ілгерілету. Оның ішінде жұмыспен қамту сынды  әлеуметтік аспектілерге аса мән берілген.  Қолжетімді баспана, ТКШ жаңғырту, мектеп құрылысы мен ауруханалардың ашылуы да назардан тыс қалмады. Сондай-ақ, шағын және орта бизнестің рөлін күшейту де мақсатқа алынған. 1 жыл аса ұзақ уақыт емес. Бірақ, осы қысқа уақыт ішінде «Нұрлы жол» қабылданғалы  қазақстандық қоғамның  алға ілгерілегені байқалды. Қазіргі таңда жаңа экономикалық  жағдайында аталмыш құжат даму локомотиві болып отыр.

Бір жыл бұрын әлемдік экономиканың даму темптерін болжаушылар кемде кем еді. Көптеген сарапшылар  саясат пен экономикада энергия тасымалдаушылар бағасының төмендеуі уақытша құбылыс деп айтқан болатын. Алайда, Нұрсұлтан Назарбаев жаһандық әлемдегі күрделі кезеңнің келетінін болжап, жаңа экономикалық саясатты ұсынған болатын.

«Мен өзімнің тәжірибемнен алдын ала сезіп отырғанымдай, таяудағы жылдар жаһандық сынақтардың уақыты болады. Әлемнің бүкіл архитектурасы өзгереді. Барлық елдер осы күрделі кезеңнен лайықты өте алмайды. Бұл шептен тек мықты мемлекеттер, жұдырықтай жұмылған халықтар ғана өтетін болады. Қазақстан, әлемдік экономиканың бір бөлшегі және геосаяси қысымның эпицентріне тікелей жақын орналасқан ел ретінде, барлық осы үдерістердің теріс ықпалына тап келеді. Бүгін менің тапсырмам бойынша Үкімет белсенді жұмысқа кірісіп кетті. Біз 2015 жылға арналған республикалық бюджеттің параметрлерін қайта қарадық. Бұл дұрыс, өйткені, біздің экспорттық шикізат ресурстарына бағаның құлдырауы бюджеттің кіріс бөлігіне қаржы түсуін төмендетуге алып келуде. Бірақ, соған қарамастан, Үкімет алдына оңай емес, алайда, нақты міндет – барлық әлеуметтік міндеттемелерді толық көлемінде қамтамасыз ету міндеті қойылып отыр.Дағдарыс жағдайларында, әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғанындай, экономикалық саясатты қайта бағдарлаулар жүріп жатыр. Қолдауды экономикалық өсім мен жұмыспен қамтуда аса үлкен мультипликативті тиімділік беретін салалар алуы тиіс. Мұндай тәжірибе бізде бұған дейін болған. Біздің 2007-2009 жылдардағы дағдарысқа қарсы табысты шараларымызды еске алсақ та жеткілікті. Көріп отырғандарыңыздай, өмір біздің жоспарларымызға түзетулер енгізуде. Және біз партияның тұғырнамасын бүгінгі күн шындығы тұрғысынан қарай отырып жаңа мазмұнмен толықтыруға тиіспіз.Менің тапсырмам бойынша Үкімет дамудың жаңа ауқымды бағдарламасын жасауды аяқтады. Бүгінде, алдымызда тұрған сын-қатерлерге жауап бере отырып, мен Қазақстанның «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясаты туралы жариялаймын», - деді Ұлт көшбасшысы.

Көліктік-логистикалық инфрақұрылымдарды дамыту. Ол макроөңірлерді хабтар қағидаты бойынша қалыптастыру аясында жүзеге асырылатын болады. Оның үстіне, инфрақұрылымдық қаңқа Астанамен және макроөңірлерді магистаралды автомобиль, теміржол және әуе жолдарымен шұғыла қағидаты бойынша өзара байланыстырады.

ҚР ИДМ-нің мәліметінше,  негізгі автожолдар жобасын жүзеге асыру қажет. Бұлар Батыс Қытай – Батыс Еуропа; Астана – Алматы; Астана – Өскемен; Астана – Ақтөбе – Атырау; Алматы – Өскемен; Қарағанды – Жезқазған – Қызылорда; Атырау – Астрахань.Сондай-ақ, елдің шығысында логистикалық хаб және батысында теңіз инфрақұрылымын құруды жалғастыру қажет. Батыс бағытта Каспий порты арқылы экспорттық әлеуетті арттыруға Құрық портынан ауқымды паромдық өткелі және Боржақты – Ерсай теміржол желісі ықпал ететін болады. Үкіметке Қытайдың, Иранның, Ресей мен ЕО елдерінің «құрғақ» және теңіз порттарында терминалдық қуаттар салу немесе жалға алу мәселесін ойластыруды тапсырамын.

Аталмыш жобалар Қазақстанның рөлін транзиттік дәлізден Орталық Азияға дейін  нығайта түседі, Ресей, Қытай және өзге өңірлерден келетін  көліктік ағынды күшейтеді. Транзит көлемі 3,5 млн тоннаға дефін, ал жүк тасымалдау 2,5 есеге дейін көбеюі жоспарланған. Темір жол саласы мен көліктік логистиканы жүзеге асыру үшін Ұлттық қордан 46,3 млрд теңге бөлу қарастырылған. Бұл ретте автожол саласындағы жобаларды іске асыруға Ұлттық қордан 301,3 млрд. теңге сомасында қаражат бөлінеді. Соның ішінде 2015 жылы - 178 млрд. теңге, 2016 жылы - 123,3 млрд. теңге қарастырылмақ. Халықаралық қаржы институттарынан тартылатын қарыз есебінен 6,3 млрд. АҚШ долларымен қоса қаржыландыру қамтамасыз етіледі. Осының аясында 2015 - 2020 жылдары «Орталық-Оңтүстік», «Орталық-Шығыс», «Орталық-Батыс» секілді ірі автожол жобалары іске асырылып, республикалық маңызы бар басқа жолдарды реконструкциялау көзделген.

«Нұрлы жол» бағдарламасында  энергетикалық инфрақұрылымдарды дамыту айтылған. Өткен 5 жылда энергетикада индустрияландыру бағдарламасы шеңберінде үлкен жұмыстар жүргізілді. Соған қарамастан, магистралдық желілердің шектеулілігі елдің оңтүстік өңірлерінде электр энергиясының, орталық және шығыс облыстарында табиғи газдың тапшылығын туындатып отыр. Екі жобаға назар салу керек. «Екібастұз - Семей - Өскемен» және «Семей - Ақтоғай - Талдықорған - Алматы» бағыттарында жоғары вольтты желілер салу қажет. Бұл қазақстандық электр стансаларының елдің барлық өңірлерін теңдестірілген энергиямен қамтамасыз етуіне мүмкіндік береді.

Президенттік бағдарламаның тағы бір бағыты тұрғын үй инфрақұрылымдарын нығайту. Агломерациялар қалыптастыру айтарлықтай тұрғындар ағынымен қатарласа жүреді. Бұл еңбек нарығы мен қалалардың инфрақұрылымына, соның ішінде, тұрғын үй қорына қысым туғызады. Сондықтан жалға берілетін тұрғын үй құрылысына көзқарасты қайта қараған жөн. Мемлекет әлеуметтік жалдамалы баспананы салып, оны тұрғындарға сатып алу құқын бере отырып, ұзақ мерзімді жалға ұсынады. Баспананы тікелей, делдалдарсыз және несиеге барынша төмен пайызбен ұсыну оның сатып алу құнын арзандатуға мүмкіндік береді. Бастапқы жарнаның болмауы мен ипотека үшін төмен пайыздар баспананы қазақстандықтардың көптеген жіктері үшін қолжетімді ете түседі. Сондықтан 2015-2016 жылдар ішінде жалға берілетін тұрғын үй құрылысын қаржыландыруды қосымша 180 миллиард теңге сомасында ұлғайтамыз.

Президенттің «Нұрлы Жол» бағдарламасы тұрғын үй инфрақұрылымын нығайту болып табылады. Бағдарламаның жоспарына сәйкес, урбанизацияның 2050 жылға қарсы 70 пайыз болатыны, оның ішінде қала халқының 35 пайызы 2 млн халқы бар (Астана,Алматы,Шымкент, Өскемен) қалаларында тұратын болады.

Балалар бақшасының жетіспеушілігі - басқа мәселе. Мектепке дейінгі мекемелерде орындар тапшылығын түбегейлі қысқарту үшін 3 жыл бойы қосымша 20 миллиард теңге бағыттауды тапсырамын. Әкімдер жеке секторды тарта отырып, бұл жұмыспен барынша айналысуы тиіс.Индустрияландыру бағдарламалары шеңберінде базаларында ғылымның экономика салаларымен және мамандар дайындаумен байланысы қамтамасыз етілетін 10 ЖОО анықталды. Осы мақсаттарға 2017 жылға дейін 10 миллиард теңге бағыттай отырып, осы жоғары оқу орындарының материалдық-техникалық базасын қалыптастыруды тапсырамын.

«Нұрлы жол» бағдарламасы 2020 жылға қарай келесі көрсеткіштерге қол жеткізеді: ЖІӨ 2014 жылмен салыстырғанда 15,7 пайызға 395,5 мың жұмыс орнының құрылуымен жүзеге асады, оның ішінде тұрақты – 86,9 мың адам, уақытша – 308,6 мың адам. Дүниежүзілік экономикалық форум көрсеткішінің рейтингінде «негізгі инфрақұрылымдық сапасы» бойынша 57 орынға дейін жету.

Жалпы, бағдарламаны жүзеге асыру  экономикалық өсімге ұзақмерзімді және қысқамерзімді келешекте әсер ететін болады. Құрылған жұмыс орындарының сақталып қалуын қамтамасыз етіп, іскерлік белсенділікті арттырып, бәсекелестікті қабілетті ете түседі.

Ақпарат көзі

 
0
0
429