Мазмұнға өту

Жаңа

Жастар және рухани құндылықтар

Бүгінгі күнде еліміздің үштен бір бөлігін құрайтын жастар - келешек қоғамның жарқын болашағын қалыптастыратын стартегиялық мақсаттарды жүзеге асырушысы екені мәлім. Сондықтан жастардың білімді, дәстүрмен қатар өз заманнның озық діни құндылықтарын меңгерген, бәсекеге қабілетті болғаны абзал. Осы тұста жастардың дұрыс әлеуметтенуімен қоса ұлттық құндылықтарда тәрбиеленудегі маңызы зор.

Жастар халықтың қоғамдық белсенді бөлігі және тәуелсіз еліміздің болашақ дамуы үшін стратегиялық ресурсы болып табылады. Жастардың мемлекет мүддесі мен мемлекеттің болашақта дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндіктері бар зияттылық және рухани саналы тұлғаның қалыптасу қажеттілігі аясында айқындалады.Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жастар саясатының негiзгi мақсаттарының бірі ол жастардың әлеуметтiк дербестігі, дәстүрлі діни құндылықтарды тұлғалық қалыптасуын жүзеге асырумен қоса, құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық жағдайларды жасау және нығайту болып табылады. Жастар саясатын жүйелі жүргізу қажеттілігі өзінің әлеуметтендіру процесінде жас адамның кезігіп отыратын өмір қиыншылықтарымен айқындалады. Жастар өзінің біліктілігі және кәсіби даярлығы деңгейінің төмендігіне байланысты халықтың аз қорғалған бөлігі болып табылады.

ҚР Президенті Н.А.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына арнаған 2012 жылғы  «Әлеуметтік-экономикалық дамуды жаңғырту – Қазақстанның басты бағыты» атты Жолдауында қазіргі қазақ жастарының құндылықтық бағдарларындағы ұлттық құндылықтардың рөлін анықтап берді.

Әлемдегі ғаламдану үдерісі, қоғамның рухани адамгершілікті қамтитын мәдениеттердің өзара байланысы және этномәдени дәстүрлер мен жалпыадамзаттык құндылықтардың құрамды бөлігі ретіндегі ұлттық құндылықтар негізінде тұлғаны қалыптастыруды алдыңғы қатарға шығарады. Бұл тұрғыдан рухани адамгершілігі қалыптасқан ұрпақты тәрбиелеуде ғасырлар бойы жинақталған өмірдің мәні туралы халықтың мәдени мұраларын, даналық ұлағаттарды пайдалануы жоғары деңгейде маңызды болмақ.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында, Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Қазақстан халкына Жолдауында, «Білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында», «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында», «Гуманитарлық білім беру тұжырымдамасында» ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тұлғаның қалыптасуы мен дамуы үшін жағдайларды туғызу туралы қажеттілігін атап көрсеткен.

Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында: «Біздің ғылыми және шығармашылық әулетіміздің деңгейі жоғары, білім өрісі биік халқымыз бар... Біз қолымыздағы осындай баға жетпес қазынаны жан-жақты танытуға және оның дамуы үшін барған сайын жаңа әрі неғұрлым өркениетті жағдай туғызуға тиіспіз» деп, рухани байлығымыздың қорын байыта түсу шаралары жүзеге асырылуда.

Осы тұрғыдан алғанда, ұлттық құндылықтарымызды бүгінгі заман сұранысымен сабақтастыра байланыстырып, оқу-тәрбие үдерісіне өндіруіміз қажет. Ал бұл ұлттық құндылықтарды өскелең ұрпақтың бойына сіңіртуге, сондай-ақ, ғылыми тұрғыда негізделген білім берудегі қоғамдық пәндердің алатын орны ерекше. Әсіресе, дінтану, тарих, мәдениеттану, қоғамтану пәндері ұлттық мұраларымыздың негізгі насихаттаушысы, жаршысы десек қателеспейтініміз анық. Халқымыздың атадан балаға ғасырлар бойы там-тұмдап жинақтаған рухани қазынасы тоқырау, тоталитарлық жүйе, кеңес өкіметі кезеңдерінде күйзеліске түсіп, тұншықтырылды. Сол қиын кезеңдерде халқымыз өзінің мәдени және діни құндылықтарынан ажырап қалды. Қиын қыстау заманында ұлттық құндылықтарымыз, салт-дәстүрлеріміз жеткілікті деңгейде бағаланбады. Сондықтан білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде, соның ішінде арнаулы орта білім беру ұйымдарында ұлттық құндылықтар тұрғысынан дінтану, мәдениет саласы жағынан білім беру, жас жеткіншектердің ұлттық сана-сезім түсініктерін кеңейту, оларды өз халқының ұлттық мұраларын қастерлеп, сақтай білуге үйретуіміз қажет.

Қорытындылай келе дәстүрлі дініміздің, әр бір ұлттың ерекшеліктерін ескеріп, салт-дәстүрімізбен құндылықтарымыздың озығын негіздей отырып, қоғамға оң көзқарасты тәлім ұсыну әр бір азаматтардың міндеті екенін ұмытпауымыз керек. Сол үшін бабалардан келе жатқан рухани мәдениетімізді әрі қарай жалғастыруымыз керек.

ҚР МСМ ДІК Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы

Конфессияаралық ынтымақтастық бөлімінің ғылыми қызметкері

Бекжан Жахин

   
0
0
18006

Махаббат мекені

Торжественные мотивы Мендельсона заполнили Центр обслуживания молодежи. Здесь, в лучших традициях европейской свадьбы, заключили узы брака молодая семья Жангунчуковых. Роскошно украшенный зал, очаровательные подружки невесты–  нечто не затмит красоты юной Нургуль, идущей к алтарю под руку с отцом. Каждый присутствующий подметил, какими зачарованными глазами встречал у алтаря свою суженную Дархан. После трогательных клятв новобрачные обменялись кольцами. Под мелодию, особенную для них, молодожёны исполнили свой первый танец. Сотрудники Центра подарили чете Жангунчуковых не только возможность провести незабываемое бракосочетание, но и в качестве памятного презента вручили «Конституцию семьи».

Этот вечер доказал ещё раз, что волшебство бракосочетания заключается не в пышных банкетных залах, а там где царит настоящая любовь. И это волшебство мы можем подарить каждой паре в стенах ЦОМа, лишь получив от вас заявку на участие в молодежном ЗАГСе. Ждем ваших заявок с пометкой «Махаббат мекені»  на [email protected] или позвонив по номеру +7(7182)66-12-43

 
0
0
388

Жұлдыздарда құрбы бар ма?

Бүгін 15:00-де бұл тақырып «Әйел бақытында» талқыланбақ.

Шытырманға толы жұлдыздар әлемінде шынайы дос табу мүмкін еместей көрінеді. Алайда, бұл кейбір жұлдыздардың қолынан келді.

Олар жай ғана сәлемі түзу жолдастар емес, сыр бөлісіп, шер тарқатысатын жақын құрбылар.

Жылы қарым-қатынастары уақыт сынағынан сүрінбей өтіп, нығая түскен жұлдызды құрбылар туралы бүгін 15:00-де «Әйел бақыты» хабарында.


0
0
321

Мысыр ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне қатысатындығын растады

2015 жылы 12 қарашада Қазақстанның Мысырдағы Елшісі Берік Арын жақында тағайындалған Мысырдың Индустрия және сауда министрі Тарек Қабилмен кездесіп, екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытудың жолдарын талқылады.

Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлайды. Атап айтқанда, тараптар Қазақстан-Мысыр Іскерлік кеңесінің жаңа құрамын құру, Мысыр тарапының ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысу, Қазақстан бидайын Мысырға тасымалдауды жандандыру және алдағы уақытта Еуразиялық экономикалық одағы және Мысыр арасындағы еркін сауда туралы келісіміне қол қоюға қатысты мәселелерді қарастырды.

Б.Арын ЭКСПО-2017-ні өткізуге байланысты жүріп жатқан дайындық жұмыстары мен іс-шараға қатысу шарттары жайында толық ақпарат берді. Өз кезегінде Т.Қабил алдағы көрме тақырыбының өзектілігін атап өтіп, Астанада өткізілетін ЭКСПО-2017-ге Мысырдың қатысатындығын қуаттады, жуық арада МАР ұлттық секциясының комиссары тағайындалады деп сендірді.

Тараптар Қазақстан-Мысыр Іскерлік кеңесінің жаңа құрамын құру үдерісін жылдамдатуға және 2016 жылдың бірінші жартысында төртінші отырысын өткізу туралы уағдаластыққа келді.

Сондай-ақ кездесу барысында Мысыр министрі Қазақстанның қазіргі ішкі саяси және экономикалық ахуалымен, ҚР Үкіметінің әлемдік дағдарыстың келеңсіздіктерін еңсеру бағытында «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты, «Бес институционалдық реформаны жүзеге асырудың 100 нақты қадамы» Ұлт жоспары аясында қолға алып жатқан шараларымен таныстырылды.

http://gbpp.org/kz/2015/11/11501

 
1
0
217

Стартап бәйгесінде Wipon жобасы үздік деп танылды

Астанадағы стартап жобалардың бас бәйгесін Рүстем Сұлтанмұрадов жеңіп алды.

Оның дайындаған Wipon деп аталатын жобасы үздік деп танылып, оған халықаралық инвесторлар жүйесі ұсынған жалпы сомасы 25 мың долларға жететін қаржылай сыйақы табысталды.

http://gbpp.org/kz/2015/11/11514

 
1
0
386

«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында ТКШ кеңінен жаңғыртылуда

2016 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында ТКШ кеңінен жаңғырту үшін еліміз бойынша 90 млрд теңге бөлінеді.

Отыз жастағы Астана тұрғыны Асхат Ыбыраев көлік саласында нәпәқасын тауып жүр. Ол осыдан бір жыл бұрын тұрғын үйдің екінші нарығында үй сатып алды. Пәтер шамамен бес жаста, өте кең және елорданың жақсы аудандарының бірінде орналасқан. Бәрі жақсы деуге болар еді, алайда бұрынғы қожайындардан ПИК-ке 50 мың теңгеге жуық берешегі қалған екен.

«Бұрыңғы қожайындар ескі ПИК-ке қарызбыз деп сендірген, бұл ресми қарыз. Себебі бұрыңғы ПИК тұрғындардан ақша жинағаннан басқа ештеме істемеген. Сондықтанда жайдан жай ешкім төлегісі келмеген. Жаңа ПИК өзінің міндетін жақсы орындайтын сияқты, алайда олардың өзі 50 мың теңге төлейтіндей деңгейде емес. Алайда қазіргі төраға ПИК-ке барлықтары  берешегін өтегенін талап етіп отыр. Менің есептеуімше бұл әділ емес. Мен тек ағымдағы төлемдерді өтеуге келісемін», - деді   Асхат Ыбыраев.

Ал, ПИК-тің өзінде тұрғындарға жағдайды түсіндіруден шаршадық. Тұрақты түрде жиналыстар өткізіледі, алайда оларға тұрғындардың жартысы да клемейді, сондықтан хабарландыруларды таратуға мәжбүрміз. Бұл жағдайда нәтиже де жоқ, деп отыр.

«Бізде жұмысшыларымызға жалақы төлейтің ақша жоқ. Рас, бұрыңғы ПИК өз міндетін лайықты дәрежеде атқармаған. Алайда олардың олқылықтарының орнын біз толтырдық, үй жаңа болғанымен кей жерлерге жөндеу жұмыстарын жүргізу керек болды, кейбір позъезддердегі жылу құбырларын ауыстырдық, бейнебақылау орнаттық. Кім бұлардың бәрі үшін төлейді? Кейбіреулер ағымдағы төлемдердің өзін өтегісі келмейді. Мұның барлығы кейбір ПИК басшылары жұмыс істемей, халықтан ақша жинаумен айналысуының нәтижесі», - деді ПИК төрағасы Мұрат Амантаев.

Болашақта жағдай мүлдем өзгеруі мүмкін. ҚР Ұлттық экономика министрлігі ТКШ туралы заңға өзгертулер енгізуді ұсынды. Болжам бойынша «Бір үй - бір басқару – бір ПИК» принціпін енгізу көзделуде. Бұл ПИК жұмысын жүйелендірер еді. Сонымен қатар, ПИК-ті  аттестациялаудан өткізу жоспарланған. Салалық ведомствоның пайымынша, бұл пәтер иелері кооперативіне кездейсоқ адамдардың енуіне мүмкіндік бермейтін болады. Осыдан бір жыл бұрын «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Мемлекет басшысы тұрғын үй коммуналды шаруашылық саласын жаңғырту туралы нақты тапсырмаларды жайдан-жай қойған жоқ. Ол 2020 жылға дейін желілердің ескіруін 60-тан 53%-ға дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Бағдарламаны қаржыландыру үшін бюджеттік несиелендіру, құрылысты субсидиялау қарастырылған.

«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында ТКШ жаңғыртуды жеделдету үшін қомақты қаржы бөлу қарастырылған. Ағымдағы жылы бұл мақсатта  60 млрд теңге, ал 2016 жылы  — 90 млрд теңге және одан кейін жыл сайын 100 млрд теңгеден бөлу қарастырылған», - деп хабарлады өткен бейсенбідегі арнайы брифингте Қазақстан ТКШ жаңғырту және дамыту орталығының басқарма төрағасы Сергей Шайжүнісов.

Қазынадан ТКШ үшін бөлініп жатқан қаржы қомақты. Алайда қазақстандықтар аталмыш саладағы барлық шығынды үкімет өз мойнына ала алмайтынын түсінуі керек. Пәтер иелері өздері де өз мүлікінің жағдайына алаңдап, оның күтілуіне атсалысуы тиіус.

Данияр Қасымов

Ақпарат көзі

 
0
0
454

Астана-Париж диалогы дамудың даңғыл жолында

Франция ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатынын ресми түрде растады.

Бұл уағдаластыққа Елбасының Парижге ресми сапары кезінде қол жеткізілді. Нұрсұлтан Назарбаев Франсуа Олландпен кездесіп, жоғары деңгейде келіссөздер жүргізді. Француз көшбасшысының өткен жылғы Астанаға жасаған сапары кезінде қол жеткізілген келісімдер сараланды. Бірнеше құжатқа қол қойылды. Екеуара ынтымақтастық одан әрі дами бермек.

Екі ел ынтымағын кеңейткен сапар. Тариxи һәм экономикалық мәні зор. Бәрінен Нұрсұлтан Назарбаевқа деген қошемет ерекше. Салтанатты қабылдаудың ең биік мәртебесіне лайық құрмет көрсетілді. Францияда мұндай ерекше рәсім ең мәртебелі меймандарға бұйырады екен. Мемлекет басшыларын салтанатты түрде қабылдаудың дәстүрлі мекені атанған «мүгедектер үйіндегі» ресми бөлім француз басшысының қатысуынсыз өтеді. Сондықтан Елбасыны Парламентпен байланыс жөніндегі мемлекеттік xатшы мен Париж әскери губернаторының өкілі қарсы алды.

Республикалық гвардияның тағы бір топ сарбаздары Францияның бас ғимараты Елисей сарайында сап түзеді. Салтанатты рәсімнен келген Нұрсұлтан Назарбаевты Франсуа Олланд осында күтіп алды.

Астана-Париж диалогы дағдарысқа қарамастан дамудың даңғыл жолында. Екі ел көшбасшысының мүддесі ұқсас бұл тұрғыда. Жиі кездесуі де сондықтан. Соңғы 3,5 жылдың ішінде бесінші рет жүздесіп отыр. Елисей сарайында стратегиялық серіктестікті әрі қарай өрбіту үшін бас қосты.

Париж Астананың маңызды сауда серіктесі және инвесторларының бестігіне кіреді. Былтыр тауар айналым 6 млрд долларға жуықтаған. Елімізде Францияның ең ірі 130 компаниясы жұмыс істейді. Инвестициялар көлемі 12 млрд доллар шамасында. Франция Қазақстанның саяси һәм экономикалық реформаларын қолдайды. Париж ұлт жоспарын жүзеге асыруда сарапшыларын жұмылдыруға дайын. Бастысы, әлемдік экономикалық тұрақсыздық жағдайында инвестициялау бәсеңдемек емес. Серіктес ел индустриялық және инфрақұрылымдық жаңғыртуға қатысуды тұрақты түрде жалғастырады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Бүгінгі келіссөздер жаңа сапалық деңгейдегі міндеттерді шешуге дайын екенімізді дәлелдеді. Бұл арқылы машина жасау, көлік пен коммуникация, жоғарғы теxнологиялар, инновациялар, ғылым, білім және мәдениет салаларында ірі жобалар асырылады. Біз сіздің елдің диалог үшін ашық, жаңа жетістікке әзір, сенімді серіктес екендіктеріңізді көріп отырмыз. Бұл сапар жемісті жұмысқа ортақ ықыласымызды арттырып, бірлескен жаңа қадамдарға жол ашады деп үміттенеміз.

Франция ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатынын ресми түрде растады. Арнайы шартқа қол қойылды. Бұдан бөлек, тағы екі құжат қабылданды. Келісімдер білім беру мен ғарыш саласын қамтиды.

Франция – Қазақстанмен стратегиялық әріптестікке қол қойған кәрі құрлықтағы алғашқы мемлекет. 2008 жылы бекіді бұл келісім. Бүгін екі ел лидерлері бірлескен деклорация қабылдады. Жоғары деңгейдегі келіссөздердің қорытынды құжаты. Қазақ-француз ынтымағын нығайтуға қосқан үлесі үшін Нұрсұлтан Назарбаев Франсуа Олландқа І дәрежелі «Достық» орденін табыстады.

Ұлттық деңгейге көшкен екі елдің ынтымағы тек өрби бермек. Сапардың басты мұраты да сол. Бұрынғы уағдаластықты бекемдей түсу, серіктестіктің жаңа жолдары мен сара жолдарын айқындау. Бұл орайда қос ел лидерінің ойы да, мақсаты да жүзеге асып келеді деуге негіз бар.

http://gbpp.org/kz/2015/11/11371

 
1
0
342

Қазақстан мен Франция техникалық газ өндіретін бірлескен кәсіпорын ашады

Техникалық газдарды шығарудың қазақстан-француз бірлескен кәсіпорнын құру туралы акционерлік келісіміне 2015 жылы 5 қарашада ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Францияға ресми сапары кезінде қол қойылды, деп хабарлады Ұлттық компанияның баспасөз қызметі.

Жоба бойынша серіктес болып «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ – «ҚазМұнайГаз өңдеу-маркетинг» АҚ және өнекәсіптік газ жеткізу саласының әлемдік лидері француз компаниясы «Air Liguide» қатысады. Құжатқа «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның президенті Сауат Мыңбаев және «Air Liguide» компаниясының Бас директоры Кристоф Шалье қол қойды.

Келісім бойынша аутсорсингқа Атырау МӨЗ-інде, Павлодар және Шымкенттегі сутегін, азот және басқа да техникалық газдарды өндіретін қондырғыларды, қондырғыларды басқару мен қолдану, сонымен қатар аутсорсингтің талаптарына сәйкес техникалық газ өндіретін техникалық қуаттардың құрылысын шығару қарастырылған.

Жобаның орындалу барысында француздық серіктестердің ноу-хау трансфертін енгізу қарастырылған, олар техникалық газдарды өндіру саласында, «жасыл экономика» принципін ұстануды, өндірістік процесте энергия тиімділігін арттыру сияқты әлемнің ең тиімді тәжірибесін қолданады. «Air Liguide» компанисының мұнай өңдеу салалық географиясына 80 ел, атмосфералық газдар бойынша 410 қондырғы, сутегі мен сингаз өндіру бойынша 80 қондырғы енеді.

Қазақстанда аутсорсингқа бейінді емес активтер мен ұлттық компаниялардың қосалқы өндірістерін шығару мәселесі мемлекеттік деңгейде қарастырылады. ҚР Президенті ұлттық компанияларда негізгі қызмет пен активтердің бағасын ұлғайту арқылы менеджментті шоғырландыруды бірнеше рет атап өткен. Қазақстан тарапы француз мамандарының қатысуы нәтижесінде МӨЗ-дердің қажеттілігі үшін техникалық газдардың өндіріске енгізілуі тиімділіктің өсуін, сенімділік пен икемділік әкеледі деп күтуде.

Француз тарапы БӨ құру мақсатын алдын ала техникалық-экономикалық анализдеу жобасына белсенді атсалысты.

2014 жылы желтоқсандағы Франция президенті Ф.Орланданың Астанаға сапары кезінде Өзара түсіністік жөніндегі Меморандумға қол қойылғаннан бастап «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ -«ҚазМұнайГаз өңдеу-маркетинг» АҚ мен француздың «Air Liguide» компаниясының бірлескен жұмыс тобы құрылып, осы топ аясында тараптар БӨ құру үшін қажетті құжаттарды дайындады.

Аутсорсинг талаптары бойынша азот пен сутегін жеткізу 2016 жылға жоспарланып отыр.

http://gbpp.org/kz/2015/11/11367

 
1
0
310

Қазақстанның мемлекеттік құрылысының тәжірибесі үлгі аларлықтай – шетелдік сарапшы

Қазақстанның мемлекеттік құрылысының тәжірибесі үлгі аларлықтай, деді тарихи ғылымдардың докторы, Заманауи саясатты зерттеу орталығы (РФ,Мәскеу) жетекшісі Ярослав Бутаков Strategy2050.kz. АА берген сұхбатында.

- Бүгінде әлем елдері экономика саласындағы доктриналарын өзгертуге мәжбүр. Бұл негізгі  экспорттық шикізат бағасының, мұнайдың  құлауына байланысты. Бұл шаралар кешенін Қазақстан да қолданылуда. Қазақстан Үкіметінің ұлттық экономиканы тұрақтандыру қызметін қалай бағалайсыз?

-  Әлемдік экономикалық дағдарыс  Қытай, Ресей сынды елдерге әсер еткендіктен Қазақстанға да әсер етпей қоймады. Бұл туралы осы жылдың 20 тамызында өткен экономикалық саясаттың одан әрі дамыту кеңесінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та айтқан болатын. Бұл отырыста қазақстандық бизнес өкілдері  қатысты, Елбасы дағдарыстың кәсіпкерлікке әсерін азайту мақсатында доллар мен өзге шетелдік валюталарды еркін айналымға жіберуді ұсынған болатын.

Н.Назарбаев сондай-ақ, мемлекеттік қолдауды әлем бойынша  бәсекеге қабілеттілік таныта алатын салаларға күшейту керектігін айтты. Оған, қоса Мемлекет басшысы дағдарыстан аз қамтылған халық бөлігіне қамқорлық көрсетіп, оны алдын алу шараларын жүргізу керектігін айтты. 22 тамызда Қазақстан Үкіметі елдегі экономикалық жағдайды тұрақтандыру бойынша кешендік бағдарламаның басталуы туралы айтты.

Қазақстаннан келген соңғы жаңалықтарға сүйенсек, білім беру, қолжетімді баспана, агробизнес, моноқалаларды дамыту, ТКШ жаңғырту  салаларындағы ірі мемлекеттік бағдарламаларға бірден әсер ету жүзеге асырылмайды. Бірақ, болашақты болжау өте қиын, себебі қиыншылықтар өскен сайын әлем жаһандық өзара байланыста күн кешеді. Алайда, ғылыми негізделген ел, яғни Қазақстан сияқты мемлекет жағымсыз   әлемдік экономикалық трендтер мен ішкі әлеуметтік-экономикалық жағдайға төтеп бере алады.

-Биыл Қазақсатнда Мемлекет басшысының 5 институционалды реформаны  жүзеге асыру бойынша  Ұлт жоспары-100 нақты қадам бағдарламасы қабылданды.  Бұл құжат туралы  пікіріңіз?

-  Азаматтарға  арналған «заманауи  мемлекет құру»   құру бойынша  «100 нақты қадам»  Мемлекет басшысының 5 институционалды реформасын жүзеге асыруға бағытталған. Бұл – мемлекеттік аппараттың жаңғыртылуы, заң әділдігін қамтамасыз ету, индустрияландырудың экономикалық өсімін қамту, азаматтық ұлттың қалыптасуы мен қазақстандық патриотизмді дамыту.

Бағдарламаны жүзеге асыру аясында шаралар  әлемдік тәжірибе мен Қазақстанның жағдайының ғылыми бейімделуіне бағытталған.Аталмыш шаралардың жүзеге асуы бойынша Қазақстан  әлемдіегі құқықтық және саяси жүйе бойынша тартымды елге айналады.

-Қазақстанның тәжірибесі ТМД елдеріне қаншалықты қызықты болуы мүмкін?

- Қазақстанның мемлекеттік құрылысының тәжірибесі өзге посткеңестік елдер үшін үлгі болып табылады. Бұл Ресейде неге сұранысқа аз екеніне таң қалуға болады. Ресейлік жағдайда қазақстандық азаматтық бірлікті қалыптастыру тәжірибесін қолдану заманауи Ресейді дамытуға септігін тигізер еді.

- Нұрсұлтан Назарбаевтың Тәкелсіз Қазақстандағы қызметіне қандай баға бересіз?

- Мен тарихшы ретінде Қазақстанның мемлекеттік аппаратының  кезеңі туралы Қазақ хандығының 550 жылдығын  тойлаудан білуге болады. Бұл уақыт ТМД елдерімен салыстарғанда аса көп емес, бірақ тарихи бекітілген. Мәселен, қырғыз мемлекеттілігінің 2200 жылдығы мен Ресейдегі Қазан қаласының 1000 жылдығы.

Н.Назарбаевтың жетекші қызметі  Қазақстанның заманауи  мемлекеттілігін  қалыптастыру мен елді жаңғыртудағы еңбегі  белгілі, ол әлемдік сарапшылар қауымдастығының бағасына да ие болды. Бұл орайда айтатыным, Нұрсұлтан Назарбаев саяси жағдайдың құрылысшысы ретінде өте тиімді қызмет атқаруда. Қазақстан халқына қызмет етуде Мемлекет басшысы көрегендік, салиқалы саясатты қолданылып отырғаны мәлім.

- Сұхбатыңызға рахмет

Данияр Қасымов

Ақпарат көзі

 
0
0
900

ИИДМБ: ОҚО-да жылына 9 мың тонна өнім өндіретін жылыжай кешені салынды

ОҚО басшысы Бейбіт Атамқұлов Ордабасы ауданына жұмыс сапарымен барып, бірқатар әлеуметтік және ауыл шаруашылық нысандарымен танысты, деп хабарлады облыс әкімдігі.

117 мыңға жуық халқы бар бұл аудан өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығына бейім өңір. Сапар барысында облыс әкімі Шұбарсу ауылындағы жаңадан пайдалануға берілген 600 орындық «Ынтымақ» жалпы орта мектебін аралап көріп, білім ордасының айналасын көгалдандыруды тапсырды.

Сонымен қатар, еліміздегі ең үлкен 16 гектар жерге орналасқан «Аделя» шаруа қожалығының жылыжай кешенінің жұмысымен танысты. ҮИИД мемлекеттік бағдарламасы аясында іске қосылған бұл кешен жылына 9 мың тонна өнім өндіреді. Заманауи құрылғылармен қамтылған жылыжайда 100-ден астам азамат жұмыспен қамтылған.

Ауданға жасаған сапарында аймақ басшысы «Бадам» индустриалдық аймағында орналасқан «Агро-V» ЖШС-нің «Бөрте» сүт тауарлы фермасының құрылысы мен автоматтандырылған жүйедегі жаңа технологиялы қыш зауытында болды. Күніне 20 мың тонна шикі сүт өнімін өндеуге қауқарлы сүт фермасының құрылыс жұмыстары 30 пайызға аяқталған. Мұнда Швейцариялық жаңа технологиядағы робот сауыншыларымен қамтамасыз етіледі деп күтілуде. Асыл тұқымды сүтті бағыттағы «Гольштейн» тұқымды ірі қарасы жылына 6-7 мың литр сүт береді деп жоспарлануда.

Жұмыс тобы «Агро-V» ЖШС-нің екінші жобасы 2014 жылы жұмысын бастаған қыш зауытын аралап көрді. ҮИИД мемлекеттік бағдарлама аясында ашылған кәсіпорын күніне 70 мың, ал жылына – 22 млн. дана керамикалық қыш шығарады. Мұнан соң асыл тұқымды мал шаруашылығы көрмесін тамашаланып, шаруалармен кездесу ұйымдастырылды.

Мал басын асылдандыру бағытында ауданда 3 асыл тұқымды мал шаруашылығы жұмыс жүргізуде. Солардың бірі «Ордабасы» шаруашылығы қазақтың қылшық жүнді қойын асылдандырады. Мұнда 8 мыңға жуық асыл тұқымды қой бар. Аталық мал басы 120-125 келіге дейін ет береді. Өңірімізде осындай қойдың 70 мың басы бар. Бұл ОҚО ғалымдарының 21 жылдық еңбегінің жемісі.

Осыдан кейін, өңір басшысы «100 мектеп 100 аурухана» бағдарламасы аясында 2009 жылы пайдалануға берілген аудандық орталық ауруханаға барды. 240 науқасты қабылдап, емдеуге қауқарлы мекемеде бүгінгі таңда 47 дәрігер қызмет етуде. Аудан тұрғындарына 55 емдеу–профилактикалық мекемелер, атап айтқанда, 1 аудандық емхана, 1 аудандық аурухана, 2 ауылдық аурухана, 12 дәрігерлік амбулатория, 21 фельдшерлік-акушерлік бекет, 18 медициналық бекет қызмет көрсетеді.

Ауданда салауатты өмір салтын қалыптастыру және аурулардың алдын алу бағдарламасына сәйкес 9 бағытта жұмыстар атқарылуда. Сапар соңында облыс әкімі Темірлан ауылындағы Халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысты. Бұл орталыққа күніне 300-ге тарта тұтынушы келеді. Осы жылдың тоғыз айында 101829 құжат қабылданған.

Ақпарат көзі

 
0
0
392