Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Руслан Мәдиевтің алдағы жекпе-жегі АҚШ-тың Калифорния штатында өтеді

Еске салайық, қазақ боксшысы өз мансабында өткізген алты кездесуде алты жеңіске қол жеткізді.

GGG Promotions қазақстандық боксшысы 23 жасар Руслан Мәдиев (6-0, 3 КО) өзінің келесі жекпе-жегін 3 желтоқсанда АҚШ-тың Калифорния штатындағы Коста-Меса қаласында өткізеді.

Бұл жекпе-жек 6 раундтан тұрады. Әзірге қазақстандықтың қарсыласы анықталған жоқ, деп хабарланған Қазақстан кәсіби боксының Вконтакте-дегі парақшасында.

Еске салайық, қазақ боксшысы өз мансабында өткізген алты кездесуде алты жеңіске қол жеткізді. Оның үшеуі нокаутпен аяқталды.


0
0
217

Осы тақырып бойынша