Мазмұнға өту

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысында жосықсыз өнім берушіге қатысты шешім шықты

Шығыс Қазақстан облысы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының «Самар қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемесі» КММ жеке кәсіпкер Ж.Ракишеваны «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңы 11-бабының 4-бөлігінің 4-тармағына сәйкес, мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану, айып-ақыны өндіріп алу, келісімді бұзу туралы талап арызбен сотқа жүгінді.

http://sud.gov.kz/kaz/news/shygys-kazakstan-oblysynda-zhosyksyz-onim-berushige-katysty-sheshim-shykty

0
0
485

Участники республиканской акции «Қазіргі заман қаһарманы» почтили память Талгата Козыбаева

Сегодня в рамках республиканской акции «Қазіргі заман қаһарманы» делегаты из числа сотрудников полиции, проявивших мужество и героизм при  исполнении своих служебных обязанностей, представителей МВД РК, ветеранов органов внутренних дел и ансамбля ДВД города Алматы побывали в Сырдарьинском и Жалагашском районах.

В ходе мероприятия гости посетили среднюю школу №135 Сырдарьинского района, где учился старший лейтенант полиции  Талгат Козыбаев, погибший во время исполнения служебного долга и награжденный орденом 2 степени «Айбын». Они возложили цветы к расположенному во дворе школы памятнику и минутой молчания почтили память героя.

После чего, собравшиеся гости посетили класс и музей, открытых в честь Т.Козыбаева  и встретились со школьниками. Здесь собравшимся они рассказали о подвигах полицейских и призвали учиться патриотизму.

Мероприятие в Сырдарьинском районе подытожили  в районном Доме культуры. На сцену были приглашены все 15 сотрудников полиции, образцы  героизма и выполнения служебного долга, где их подвиги были отражены в фильмах, представленных вниманию собравшихся гостей.

В свою очередь «герои сегодняшнего дня» почтили ветеранов Великой Отечественной войны М.Бержанова и Д.Сактаганова и от имени МВД РК вручили им ценные подарки. Также, на мероприятии присутствовали родители, родственники и сын Талгата Козыбаева. Мать героя Талгата поблагодарила всех присутствующих за их бесконечную поддержку.

После официальной части мероприятия состоялся праздничный концерт. Свои творческие номера представил ансамбль ДВД города Алматы.

Ближе к полудню участники акции отправились в путь  в Жалагашский район.

Пресс-служба ДВД Кызылординской области

0
0
302

Қызылорда облысының барлық аудандық ішкі істер бөлімдері WhatsApp, Viber мобильдік жүйесіне қосылды

Қызылорда облысы ішкі істер департаментінің барлық аудандық ішкі істер бөлімдері WhatsApp, Viber мобильдік жүйесіне қосылып, Арал ауданы – 8 (776) 860-01-02 нөмірі, Қазалы ауданы – 8 (776) 861-01-02 нөмірі, Қармақшы ауданы – 8(776) 862-01-02 нөмірі, Жалағаш ауданы – 8(776) 863-01-02 нөмірі, Сырдария ауданы – 8(776)864-01-02 нөмірі, Шиелі ауданы – 8(776)865-01-02 нөмірі, Жаңақорған ауданы – 8(776)866-01-02 нөмірі бойынша құқық бұзушылық немесе қылмыстық сипаттағы әрекет жайлы хабарламалар қабылдай бастады.

Халықпен тығыз байланыс орнатып, құқық бұзушылықтар мен қылмыстық фактілерді анықтауға, дер кезінде ашып, жолын кесуге бағытталған бұл мобильді мессенджер азаматтардан келген сурет, бейне және дыбыстық жазбалар түріндегі хабарламаларды тәулік бойы үзіліссіз қабылдайды. Аталған жүйе барлық аудандық ішкі істер бөлімдерінің кезекші бөлімдеріне қосылған және келген хабарламалар бұлтартпас айғақ ретінде тіркеліп, олар бойынша тиісті шаралар қабылданады.

WhatsApp, Viber жүйесінің ұсақ құқық бұзушылыққа төзбеу ахуалын қалыптастыруда, тұрғындардың белсенді азаматтық ұстанымын танытуда маңызы зор. Осыған орай, азаматтарды қоғам болып бірлесе құқық бұзушылықтармен күресіп, ұсақ тәртіп бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыруға шақырамыз.

Ескерте кетерлік жайт, аталмыш мобильдік бағдарламалар ағымдағы жылдың 26 қазанында Қызылорда облысы ішкі істер департаментіне орнатылып, 8-776-89-80-102 нөмірі арқылы алғашқы құқық бұзушылық фактілері жайлы хабарламалар қабылдай бастаған болатын.

 

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

0
0
779

Ғалымдар: күніне үш кесе кофе ішу суицид қаупін төмендетеді

Күніне 3-5 кесе кофе ішу адамның түрлі жүрек-қантамыр ауруларынан көз жұму, өз-өзіне қол салу және жүйке жүйесінің бұзылу қаупін айтарлықтай төмендетеді, делінген Circulation журналында жарияланған мақалада.

 

«Кофенің құрамындағы биобелсенді қоспалар ағзаның инсулинге қарсы тұра алу дәрежесін төмендетіп, жалпы алғанда оның қабыну процестеріне төзе алуына оң әсерін көрсетеді. Кофенің әсер ету механизмдерін ашу үшін қосымша зерттеулер қажет», - деп мәлімдеді Гарвард университетінің ғалымы (АҚШ) Мин Дин (Ming Ding).

Дин және оның әріптестері осындай пікірді 30 жылға жуық уақыт бойы Nurses' Health Study жобасының аясында 160 мыңнан астам америкалық медбике мен 41 мың дәрігер ер адамдардың денсаулығын зерттеген соң жасады.

Бастапқыда тәжірибенің барлық қатысушылары ешқандай дерттерге шалдықпаған еді. Бұл ғалымдарға кофе, шай және өзге де диеталық әдеттердің олардың жас немесе ерте егде жаста қайтыс болу мүмкіндіктеріне қалай әсер еткенін бақылауға мүмкіндік берді.

Анықталғандай, кофені бірқалыпты ішу медбикелер мен дәрігерлердің денсаулығына оң әсерін беріп, жүрек-қантамыр жүйесінің ауруларынан, екінші типтегі сусамыр (диабет), Паркинсон ауруы және өзге де нейродегенеративтік ауытқулар және өз-өзіне қол жұмсаудан көз жұму қаупін азайтты. Тізімге кірмеген дерттердің бірі - обыр, кофе оны сүйіп ішетіндерді қатерлі ісіктен қорғамаған, бірақ сонымен бірге оның дамуына еш септігін де тигізбеген.

Дин мен оның әріптестерінің есептеуінше, кофенің осындай оң әсері оны бүгінде АҚШ-тың және өзге елдердің денсаулық сақтау мекемелері мен әлеуметтік қызметтерінде шығарылатын «ресми» емдәм түрлерінің барлығына енгізуге мүмкіндік береді.

ҚазАқпарат

http://inform.kz/kaz/article/2839907

0
0
608

Швеция тұрғыны беттен ұрып оятатын құрылғы ойлап тапты

Швецияда   Motherboard порталының редакторы Симон Гиртц ерекше оятқыш ойлап тапты. Бұл құрылғы белгісінен адамның ұйықтап қалуы мүмкін емес, ол бірінші секундтан бастап жақтан бір тартады, деп жазады шетелдік БАҚ.


Симон Гиртц оятқыш арқылы өзінің ұйқыдан тұрған сәтін YouTube-ге  салды.   Роликті 100 мыңнан астам адам тамашалап үлгерген.

ҚазАқпарат

http://inform.kz/kaz/article/2839913

0
0
275

«Денар» тобының құрамы өзгерді

Топтың бұрынғы мүшесі Ернар Жұматаев қазір «Денардың» продюсері.

«Денар» тобының әншілері Әліби Кәдірбаев, Естай Бекбергенов, Берік Мұхиддинов бүгін «Таңшолпанда» қонақта болды.

Топқа жаңадан қосылып жатқан Берік Мұхиддинов бұған дейін Ұлықпан Жолдасовпен бірге жұмыс істеген, «Каспий» тобының құрамында болған.

«Топқа қосылғаныма бір айдай болып қалды. Қазір жаңа әндер жазылып жатыр. Алдағы он күнде халық назарына ұсынамыз»,-дейді ол.

Ал, топтың бұрынғы мүшесі Ернар Жұматаев қазір «Денардың» продюсері.

Кешегі өткен «Сағындырған әндер-ай» кешінде топ Гүлнұр Оразымбетовамен дуэт айтты. Бұл турасында топ мүшелері: «Кеште халық әні «Жүгіріп шықтым белескені» орындадық. «Денар» тобы бұл кешке осымен сегізінше рет қатысып отыр»,-дейді.

Жуырда жеке студияларын ашқан топ: «Жеке студия ашу кез келген әншінің арманы. Шығармашылығыңмен кеңінен жұмыс істеуге өте ыңғайлы»,-дейді.

Топтың орындауындағы «Аңсағаным» әнін «Таңшолпаннан» тыңдай аласыздар


0
0
1410

Жұлдызды футбол

Өнер жұлдыздары мен спорт саңлақтарынан құралған қос команданың ойынын «Таңшолпаннан» көріңіз.

Олардың бірі – әнші, бірі – актер, бірі – боксшы, бірі – палуан. «Алатау» атты өнер майталмандарынан құралған футбол командасы спорт саңлақтарынан құралған  «Ұлы дала батырлары» құрамасына қарсы жолдастық кездесу өткізді.

Бұл матч Чемпиондар лигасының финалына шыққан «Астана» футбол командасының жетістігі мен елімізде футболды насихаттауға, жастарды саламатты өмір салтына тартуға арналды.

«Алатаулықтар» сапын «Нұр-Мұқасан», «МузАРТ», «Mysterions», «Rin’Go», «Серілер» тобы, сондай-ақ, Жұбаныш Жексенұлы, Әділ Ахметов, Нұржан Керменбаев, Мелс Сағатұлы сынды өзге де  эстрада жұлдыздары толықтырды.

Ал, қарсылас «Ұлы дала батырлары» командасының құрамында Қазақстан барыстары – Бейбіт Ыстыбаев, Ұлан Рысқұлов бастаған палуандар, Әділбек Ниязымбетов, Данияр Елеусінов секілді былғары қолғап шеберлері және өзге де спортшылар болды.

Бірінші таймда екі команда да алма-кезек шабуыл жасап, бір-бірінің қорғанысын бұзуға тырысты.  Алайда, алғашқы таймда есеп ашылмады.

Жұлдызды футболдың барысы туралы толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.


0
0
353

«Қазақтелекоммен» бірге үнемдейтін уақыт келді!

«Қазақтелеком» АҚ жаңа қосылған пайдаланушылар үшін «Интернет уақыты» акциясын өткізеді және iD Net қызметін 2 ай тегін пайдалану мүмкіндігін сыйлайды!

Акцияға Семей және Өскемен қалаларының тұрғындары қатыса алады. Акция қатысу үшін 2015 жылдың 31 желтоқсанына дейін iD Net қызметін қосуға өтінім беру керек. Қызметке акция шегінде қосылған абоненттер 7200 теңге көлемінде үнемдеу жасай алады. iD Net қызметіне қосылуға асығыңыз және үнемдеуді бүгіннен бастаңыз!

iD Net қызметі – on-line қосылымында тұрақты түрде болатын пайдаланушылар лайықты бағалай білетін 100Мб /сек дейінгі жоғары жылдамдық пен сапалы Интернет.

iD Net қызметі - ұзақ жүктеп алу машақатынсыз жоғары сапалы бейнежазбаны көруге, танымалды ойындарды кедергісіз ойнауға, сүйікті әндеріңізді онлайн түрінде тыңдауға және  көркем фильмдерді тез арада көшіріп алуға мүмкіндік береді.

Акция мерзімі 2015 жылдың 31 желтоқсанына дейін екендігін ескертеміз.

Қызметке қосылуға өтінішті беру және қосымша ақпаратты алу үшін жақын маңдағы «Қазақтелеком» АҚ сервис желісі пункттеріне немесе 160 телефоны бойынша хабарласуға болады (қоңырау тегін).

 
0
0
346

Бүркітшілер сайысы

Толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары елорда маңында қолына бүркіт ұстап, құсбегілік өнерді қайта түлеткен жанның бірі – Күнтуған Тоқтыбайұлы. Ел намысын қорғап, бүркітшілердің халықаралық фестивалінде топ жарған құсбегі  жастарға үлгі бола білді.

Таяуда Астанада өткен Бүркітшілердің республикалық турнирі де әйгілі құсбегінің есімін ұлықтауға арналған. Еліміздің барлық аймағынан келген бүркітшілердің арасынан ерекше көзге түскені шығысқазақстандық құсбегі болды.

Бүгінде еліміздегі құсбегілердің тәжірибесі көбейді. Бүркітшілер Алтайдың Ақиығынан бастап, Тарбағатайдың Көкшегірін, Баянауылдың Қызыл балағына дейін қолдарына қондырды.  Тіпті, біздің бүркітшілер шетелде қазақтың осынау ғажап өнерін ұлықтап жүр.

«Қазақстан – құсбегіліктің отаны. Сондықтан, біз әлемде бірінші болуымыз керек. Бұл – құсбегі бабаларымыздың бізге деген аманаты»,-дейді бүркітші Мүлік Сәдуақасов.

Елімізде жыл сайын өтетін бүркітшілер сайысы туралы толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар.


0
0
437

«Аяулы арман» телехикаясының түсірілімі аяқталды

Телехикаяда Алматыға арман қуып келген жетім жеткіншектердің бастан кешкендері баяндалады.

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасының тапсырысы бойынша түсіріліп жатқан 64 бөлімнен тұратын «Аяулы арман» телехикаясының түсірілімі аяқталды.

Актриса Раушан Ермағамбетова: «Шыны керек, қатты толқып жүрміз. Түсірілім төрт айдан аса уақытқа созылды. Бір-бірімізге әбден бауыр басып кеттік. Бір үйдің баласындай болдық. Алдағы уақытта ұйқысыз өткен күндеріміз ақталады деген үміт бар»,-дейді.

Арнамыздан көрсетілетін телехикаяда Алматыға арман қуып келген жетім жеткіншектердің бастан кешкендері баяндалады.  Әр кейіпкердің өмір жолы өзгеше өріледі. Бірі жетістікке жетсе, енді бірі шалыс басқан қадамына жапа шегеді.

Ата-ананың мейіріміне зарығып өскен жастардың ешкімді бей-жай қалдырмасы анық.

«Көркемфильм» ұжымының ұйымдастыруымен шағын іс-шара өтті. Онда біз жетім балаларды Алматыда қыдыртып, концерт қойып, тамақтандырдық. Ол бір жағынан актерлер үшін жасалған жұмыс. Яғни, біз жетімнің тағдыры қандай болатынын көруіміз керек еді. Өз басым жетім баланың рөлін қаншалықты алып шыққанымды айта алмаймын. Уақыт көрсетер»,-дейді актер Қуаныш Керімқұлов.

Туынды сценаристері өмірдің боямасыз келбетін көрсетуге тырысқан. Фильмде жетімдер үйінің  тәрбиеленушілері тап болатын түрлі жағдайлар қамтылады.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.


0
0
483