Мазмұнға өту

Жаңа

Еуропада қуат үнемдейтін үйлер сұранысқа ие

Еуропа елдерінде қуат үнемдейтін баспаналар жоғары сұранысқа ие. Олар экономикалық тұрғыдан тиімді. Нағыз «жасыл» экономика деуге болады. Энергияны күн мен желден, тіпті жерасты суынан алады. Шығыны аз осындай баспананың ішіндегі жылудың таралуы да үнемді ойластырылған. Мәселен, компьютер немесе кеңсе техникасын қосқанда оның жылуы босқа кетпей, үйді жылытып отырады екен. Ауа алмастыру жүйесі де ылғалдылықты біркелкі үлестіреді. Вена сәулетшілерінің айтуынша, қаржы дағдарысы кезінде бұндай ақылды баспана қажеттілікке ие. Урсула Шнайдер, сәулетші: - Жаңғыртылатын энергия – болашақ қуат көзі. Дағдарысқа қарамастан, халық бұндай үйлерге қаржысын құяды. Өйткені 30-40 жылдан кейін көмір, газ немесе бензинді әлеуметтің қалтасы көтере алмауы мүмкін. Алайда күн мен жел әрдайым тегін және пайдалы.…

1
0
225

«Жасыл ел» еңбек жасағына 10 жыл

«Жасыл ел» еңбек жасағының сарбаздары EXPO көрмесінің нысандарын тұрғызуға атсалысуда. Биыл 1 мыңнан астам адам құрылыс жұмыстарына қатысты. Орталық коммуникациялар қызметінің брифингі барысында ұйым өкілдері заманауи кешеннің құрылысы жастар арасында ерекше қызығушылық тудырып отыр дейді. Сондықтан алдағы уақытта нысанның бой көтеруіне үлес қосуға ниетті азаматтар қатары артты. Елбасы тапсырмасымен құрылған жасақ өзінің өміршеңдігін дәлелдеп, елді мекендерді көгалдандыру мен абаттандыруға барынша қол ұшын беріп жүр. 10 жылдың ішінде 230 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды. Сондай-ақ 150 мың гектар жер абаттандырылып, 48 миллионнан астам көшет отырғызылды. Гүлсім Оразбаева, «Жасыл ел» еңбек жасағының сарбазы: - «Жасыл ел» негізінен жастардың бойындағы патриоттық сезімді шыңдай түседі. Біз…

1
0
303

Қызылордада «Қару» жедел-профилактикалық шарасы барысында ішкі істер органдарында тіркеуде жоқ 18 қару тәркіленді

Ағымдағы жылдың 10-12 қарашасы аралығында Қызылорда облысы аумағында заңсыз сақталатын ойық атыс қаруын, жарылғыш құрылғылар мен жарылғыш заттарды анықтау, оларды өткізуге, тасымалдауға, заңсыз пайдалануға қатысы бар адамдарды жауапкершілікке тартуға бағытталған «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілген болатын. Аталған акцияға облыс бойынша жеке құрамнан барлығы 330 күш-құралдар жұмылдырылып, 10 мобильдік топ құрылды. Үш күнге жалғасқан іс-шара барысында полиция қызметкерлерімен Ішкі істер органдарында тіркеуде жоқ 13 аңшы мылтығы анықталып, 2 тапанша, 2 кастет және 1 пышақ тәркіленді. Сонымен қатар, 2 азамат қаруларын өз еріктерімен өткізді. Мәселен, профилактикалық шара барысында полиция қызметкерлері Қызылорда қаласы, Жібек жолы көшесі бойымен кетіп бара жатырған сырт бітімі к…

0
0
355

Кэтрин Фитцпатрик «Менің атым Қожаны» ағылшын тілінде сөйлетпек

Балалар әдебиетінің жауһарына айналған «Менің атым Қожа» повесінің де жарық көргеніне 60 жылға жуық уақыт болды. 1957 жылы жазылған балалар әдебиетінің озық туындысы украин, француз, литва, латыш, өзбек тілдеріне аударылған еді. Енді «Менің атым Қожа» ағылшынша да сөйлейтін болады.


0
0
1176

«Саз керуен». «Шалқар» ұлттық радиосы арқылы үздік әнді анықтаңыз!

«Саз керуен» - «Шалқар» ұлттық радиосының 50 жылдығына арналған жоба. Әр аптаның бейсенбі күндері, сағат 21:00-22:00 аралығында радио эфирі арқылы үздік әндерге дауыс беру жүргізіледі. Жобаның ерекшелігі - байқауға Көркемдік кеңестің іріктеуімен әншінің ең соңғы шыққан әні қатыстырылады. Апта сайын [email protected] электронды поштасы арқылы тікелей эфирде дауыс беру жүргізіліп, ай қорытындысы бойынша ең көп дауысқа ие болған ән радионың «Алтын қорына» тапсырылады. Сондай-ақ, тыңдармандардың әлеуметтік желі арқылы дауыс беріп, ой-пікірлерін білдірулеріне мүмкіндік бар. Жоба авторы әрі жүргізушісі - Айсәуле Бейсенхан. Саз байқауы 12 ай бойы жалғасады. Жыл соңында үздік шыққан бір ғана ән «Жыл әні» атағына ие болмақ. Қараша айы бойынша төменде көрсетілген әндерге дауыс бере аласыздар: «Ақ…

0
0
470

Астанада дзюдодан өткен әлем чемпионатын тамашалаған телекөрермендердің саны рекордтік деңгейге жеткен

Халықаралық дзюдо федерациясының президенті Мариус Визер, «Қазақстан»РТРК» АҚ-на табысты ынтымақтастық және "Қазақстан" мен "Kazsport" арналарының қол жеткізген жоғары көрсеткіштер үшін ресми хатын жолдап, алғысын білдірді. Қазақстан дзюдо тарихындағы жаңа рекордқа қомақты үлес қосты. 2015 жылдың 24-30 тамызы аралығы Астанада өткен әлем чемпионатын теледидардан тамашалаған телекөрермендер саны бұрын-соңды болмаған 193 миллионды құраған. Бұл көрсеткіш 2014 жылы Ресейдің Челябинск қаласында өткен әлем чемпионатымен салыстырғанда 72 пайызға жоғары. Ал әлемдік көрсетілімдер мен турнир жайлы жаңалықтар шығарылымының жалпы көлемі 1000 сағаттан асады. Дүниежүзі бойынша Астанада әлемнің әр аймағына 3 миллиардқа жуық көрсетілім ұйымдастырылды. 2014 жылғы әлем чемпионатымен салыстырғанда, бұл көрсе…

0
0
176

Instagram және PR

Бүгін PR үшін ең ұтымды және жеңіл платформалардың бірі - Instagram болып табылады. Қазіргі кездегі ең әйгілі әлеуметтік желі туралы сөз қозғайтын болсақ, біріншіден жалпы статистикаға тоқталып кетейік. Инстаграм желісі жұмыс істеуді бастағанда •1 млн. адамды - 1 ай ішінде жинайды. Салыстырмалы түрде Foursquare және Twitter 2 жыл ішінде осындай нәтижеге жетеді. Әрбір бір секунд сайын •8500 лайк қойылып, 1000 комментарий жазылады. Instagram брендтік аккаунтары (2015, қараша): •National Geographic -36.4m •Victoria’s Secret – 25.9m •Nike – 28.7m •Forever 21 – 8.7m •9GAG – 22.8m •Starbucks 6.5m •MTV – 4.4m Ең әйгілі хэштег: #love #beautiful #cute #summer #me #girl #tbt Бір қызық жәйт Instagram-ға тіркелген адамдардың 37%-ы ешқашан фото салған жоқ. Ал енді Instagram-да PR қалай жүретініне көз…

3
0
1184

Өмірден алынған оқиға бойынша «Сот отырысы» көрсетілімі

Департамент, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті және «Заман» өндірушілер қауымдастығы араларындағы қол қойылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірлескен іс-шаралар Жоспарын іске асыру аясында 2015 жылдың 12 қараша күні аталған университет студенттері «Сот отырысы» ойын көрсетілімі тәжірибиелік сабағын өткізді. Сюжет шынайы өмірдегі оқиғаның кейіпкерлерін өзгерте отырып алынды. Сюжетке сәйкес, пара алу бабы бойынша күдікті Н.-нің қылмыстық ісі қаралды. Сот отырысы барысында судья күдікті Н.-ге қатысы әділ шешім қабылдады. Іс-шараға сарапшы ретінде сот органдарының өкілі О.Т.Кадесов шақырылды. Ол департаментке университетпен бірлесіп ұйымдастырған көрсетілім үшін ризашылығын білдірді. «Сот отырысы» көрсетілімінің қадамдары бойынша түсінік беріп, Қылмыстық-атқару Кодекс…

0
0
685

Сот әкім аппаратының маманына қатысты үкім шығарды

Катонқарағай аудандық соты Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданының Үлкен-Нарын ауылдық округі әкімдігінің бас маманына қатысты қылмыстық істі қарады.

http://sud.gov.kz/kaz/news/sot-kim-apparatynyn-mamanyna-katysty-ukim-shygardy

0
0
388