Мазмұнға өту

Жаңа

ИИДМБ: ОҚО-да жылына 9 мың тонна өнім өндіретін жылыжай кешені салынды

ОҚО басшысы Бейбіт Атамқұлов Ордабасы ауданына жұмыс сапарымен барып, бірқатар әлеуметтік және ауыл шаруашылық нысандарымен танысты, деп хабарлады облыс әкімдігі. 117 мыңға жуық халқы бар бұл аудан өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығына бейім өңір. Сапар барысында облыс әкімі Шұбарсу ауылындағы жаңадан пайдалануға берілген 600 орындық «Ынтымақ» жалпы орта мектебін аралап көріп, білім ордасының айналасын көгалдандыруды тапсырды. Сонымен қатар, еліміздегі ең үлкен 16 гектар жерге орналасқан «Аделя» шаруа қожалығының жылыжай кешенінің жұмысымен танысты. ҮИИД мемлекеттік бағдарламасы аясында іске қосылған бұл кешен жылына 9 мың тонна өнім өндіреді. Заманауи құрылғылармен қамтылған жылыжайда 100-ден астам азамат жұмыспен қамтылған. Ауданға жасаған сапарында аймақ басшысы «Бадам» индустриалдық аймағы…

0
0
355

Қояндыда өткен құсбегілер сайысында тараздық бүркітшілер топ жарды

Бұл туралы Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы хабарлады. Қарашаның 13-15 аралығында Астана қаласы маңындағы Қоянды ауылы аумағында белгілі бүркітші Күнтуған Тоқтыбайұлын еске алуға арналған бүркітшілердің республикалық турнирі және Астана қаласының ашық біріншілігі өтті. Аталмыш жарыс халық арасында ұлттық спорт түрлерін кеңінен тарату, бүркітшілер арасында тәжірибе алмасу және спорттық шеберлігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, сондай-ақ, Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы, Астана қаласының Дене тәрбиесі және спорт басқармасының мұрындық болуымен ұйымдастырылды, деп хабарлайды Ұлттық спорт түрлері қауымдастығынан. Додаға еліміздің 9 облысынан және Астана қаласынан 18 бүркітші қатысты. Сайыс бүркітті қолға…

0
0
379

Қазақстандық самбошылар Есет Қуанов пен Ділдәш Күрішбаева Әлем чемпионатында қола медаль иеленді

Мароккода спорттық және әскери самбодан Әлем чемпионаты өтті.

Жарыстың 3-ші күні 62 келіге дейін салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық Есет Қуанов қола медаль иеленді.

1. Иван Анискевич (Беларусь)

2. Жавидан Гараев (Әзірбайжан)

3. Давлатжон Хамроев (Өзбекстан)

3. Есет Қуанов (Қазақстан)

Ал, осы күні 68 келіде бақ сынаған жерлесіміз Ділдәш Күрішбаева да қола жүлде алды.

1. Ольга Захарцова (Ресей)

2. Нино Одзелашвили (Грузия)

3. Йоханна Йлинен (Финляндия)

3. Ділдәш Күрішбаева (Қазақстан).

0
0
438

Гүлнұр Иманова-Латып: Дәстүрге қатысы бар дүниені ұнатамын

«Itali collection» және «ARULINE» қазақстандық брендтерінің дизайнері, Гүлнұр Иманова-Латып бүгін «Таңшолпанда» қонақта. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін өткізуге арналған ұлттық нақыштағы өнімдерді насихаттаушы ұлттық өнімді ұлттық бренд ретінде әлемге танытқысы келеді. «Өзім дәстүрге қатысы бар дүниені ұнатамын. Бала кезімнен әжемнің ұлттық дүниелерге, қолөнерге деген махаббатын көріп өстім. Мені де осы өнерге баулыған сол кісі. Бүгінде жастардың дені салт-дәстүр дегенді білмейді. Өз қатарластарымнан да соны байқадым. Тіпті, маған келіп, «қоржын деген не?», деп сұрағандары болды. Сондықтан, қазіргі заманда салт-дәстүрдің насихаты аса қажет екенін түсіндім»,-дейді дизайнер. «Біз халықаралық көрмелерге жиі қатысамыз. Шетелдіктерге қазақтың тарихын, мәдениетін, қолөнерін таныстырамыз. Жазда…

0
0
400

Ойдәптерден

Күлімдеші өмір маған, күлімдеші!

Қабақ түйіп ешқашан түңілмеші.

Аспанымда Күн күліп, Ай арайлап,

Жақсылықтың маған бір гүлін берші.

***

Армандарға қол создым биік-биік.

Тұлпарлардан озам деп небір жүйрік.

Жаратушы Алладан дұға тілеп,

Сенімімді арқалап, ақыл түйіп.

***

Иманым мен нәпсімді таластырмай,

Тоқпағыннан өзіннің адастырмай,

Күлімдеші өмір маған, күлімдеші!

Арайланған ақ таңмен бірге келші!

Жақсылық Жақсыбай

1
0
455

Руслан Мәдиевтің алдағы жекпе-жегі АҚШ-тың Калифорния штатында өтеді

Еске салайық, қазақ боксшысы өз мансабында өткізген алты кездесуде алты жеңіске қол жеткізді.

GGG Promotions қазақстандық боксшысы 23 жасар Руслан Мәдиев (6-0, 3 КО) өзінің келесі жекпе-жегін 3 желтоқсанда АҚШ-тың Калифорния штатындағы Коста-Меса қаласында өткізеді.

Бұл жекпе-жек 6 раундтан тұрады. Әзірге қазақстандықтың қарсыласы анықталған жоқ, деп хабарланған Қазақстан кәсіби боксының Вконтакте-дегі парақшасында.

Еске салайық, қазақ боксшысы өз мансабында өткізген алты кездесуде алты жеңіске қол жеткізді. Оның үшеуі нокаутпен аяқталды.

0
0
223

Лена Сахариева: Қазақтың оюы – асқан ыждаһаттылықты талап етеді

70 жастағы қолөнер шебері туралы толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар. Лена Сахариева – Ақтөбе қаласында қолөнер бұйымдарын жасауда көпшілікке үлгі болып жүрген жан. Жасына қарамай, бүгінде жеке кәсіпкер атанып, тапсырыс бойынша жұмыс істеп келеді. Бала күнінен біліп өскен өнер, уақыт өте келе шыңдала түскен. «Әрбір қазақ қызының ісмерлікке жақын болғаны құптарлық іс»,-деп біледі ол. «Ұқыптылық, шыдамдылық деген қасиеттердің барлығы – осы қазақтың қолөнерінде жатыр. Кезінде қазақ қыздары өз жасауларын өздері дайындаған. Бұл – қыз баланың тиянақты жүруіне септігін тигізеді»,-дейді Лена әже. Лена Сахариева Ақтөбе облысында қыздар университетін тәмамдаған соң, ұзақ жыл бала оқытқан. Кейін зейнетке шыққан соң, өзі білетін бұйымдарды жасаумен, қазақы өнерді жаңғыртумен айналысуды бастады. «…

0
0
491

«Театр тізгіншісі» деген кім?

Назым Қалиева әртістер киімін тігумен 16 жылдан бері айналысып келеді. Театр, сахна, драма дегенде, ойымызға алдымен актерлер мен режиссерлер келетіні рас. Арасында сахнаны безендірушілер мен жарық беруші мамандардың еңбегін де ескереміз. Ал, «театр тізгіншісі» деген қызметкерлердің жұмысы қандай? Театр қойылымын дайындау үшін маңдай терін төгетін жандар баршылық. Әсіресе, әртістер сияқты халық алдына шықпайтын, бірақ олар үшін сахналық киім тігетін қызметкерлердің еңбегі орасан. Назым Қалиева әртістер киімін тігумен 16 жылдан бері айналысып келеді. Әрі кәсібін мақтан тұтады. «Менің атам атақты етікші болған екен. Туыстарым «сол атаңа тартқансың», деп жатады. Сүйікті кәсібім болғандықтан, әр таңда жұмысқа қуана кірісемін»,-дейді ол. Сахна киімі, спектакль кейіпкерлерінің костюмі – қойылым…

0
0
384

Жылдың үздік жаңалықтарын «Таңшолпанмен» бірге білейік!

Таңғы бағдарлама қойған сауалдарға толымды жауап беріп, сыйлыққа ие болыңыз!

«Таңшолпан» ақпаратты-сазды бағдарламасының көрермендеріне ұсынатын жаңалығы бар.

Биылғы жылдың елеулі жаңалықтары қандай? Айтулы оқиғаларды білесіз бе? Жедел әрі толымды жауап беріп, жеңімпаз атаныңыз!

Бір ай көлемінде белсенділік танытқан көрермен арнайы жүлдемен марапатталады.

2 қараша – 2 желтоқсан аралығында жылдың үздік жаңалықтарын бірге білейік!

Толық ақпарат: 8 (717) 2-55-31-94

0
0
285

Железин ауданыңда мемлекеттік қызметшілерімен, қадағалайтың және құқық қорғау органдардың қызметкерлерімен кездесу өткізілді

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы Д.В. Шакеновпен ақпарататтық-түсіндіру жұмыстың шегінде мемлекеттік қызметшілерімен, қадағалайтың және құқыққорғау органдардың қызметкерлерімен кездесу өткізілді. Семинарға 100-дең астам мемлекеттік қызметшілер, қадағалайтың және құқық қорғау органдардың қызметкерлері қатысты. Кездесуде Қазақстан Республиксының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының, Ұлт жоспары - бес институционалдық реформаларды жүзеге асыры 100 нақты қадамының негізгі бағыттары айқындалды. Іс-шараның аяғында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша д…

3
0
500