Жаңалықтарға шолу немесе Қазақстанға PR
АҚШ мемлекеттінің xатшысы Джон Керри 10 қыркүйекте АҚШ мемлекеттік департаментінде өткен қолөнершілердің экономикалық форумында Алматы апортына деген таңданысын жасыра алмады.
«Бұл алманы мен жаңа ғана алдым. Бұл Қазақстаннан келген кәдесый, дәлірек айтсақ Алматыдан. Ол жергілікті киізден бастырылыпты. Алматыда дәл осындай ірі алмалар өсіріледі екен. Біздің Жаңа Англияда болса, биыл алма тым аз шықты. Сол жақтан (Жаңа Англиядан) ораларда, мен ол жақтағыларға бір кеңес беретінім анық: «Алматымен бірге жұмыс жасауды бастаңдар, жігіттер!». Мына алма шынымен өте әдемі», — деді тамсана Д. Керри.
Киізден тоқылған қызыл апорт алмасын мемлекеттік xатшыға форумға келген қазақстандық делегация мүшелері сыйласа керек.
Сабина Алтынбекова Әлемдегі ең сұлу спортшы қыздардың тізіміне енді
Испанияның multideportes басылымы әлемдегі ең сұлу 11 спортшы қыздың тізімін жасады. Тізімде жерлесіміз сабина алтынбекова да бар, - деп хабарлайды vesti.kz.
![]()
- ЕРМЕК ТҰРСЫНОВТЫҢ "ЖАТ" ФИЛЬМІ "ОСКАР"ЖҮЛДЕСІН АЛА МА?!
Қазақстандық режисер Ермек Тұрсыновтың "Жат" фильмі "Оскар" киноакадемиясының жүлдесіне ұсынылды, - деп хабарлайды hollywood reporter.
"Жат" фильмі өмірде болған оқиғаларға негізделген, онда 30-жылдары өмірден баз кешіп, тауда ғұмыр кешуге кетіп қалған Ілияс есімді ер адамның басынан кешкен жайттар баяндалады. Бостандығын сақтау үшін ол қоғамдық қысымға тап болады. Айта кетейік, "Жат" фильмінің сценарийін Ермек Тұрсынов 25 жыл бұрын диплом жұмысы үшін жазған.
Лонг-парақшаға - киноакадемия сыйлығынан үміттілердің алдын ала тізіміне 81 ел кірді. Ол тізім қосымша іріктеуден кейін тоғыз үміткерге дейін қысқарады, олар шорт-парақшаға енеді. Ол келесі жылдың 14 қаңтарында жарияланады. 2016 жылы 28 ақпанда өтетін салтанатқа бар болғаны бес картина жолдама алады.
Айта кетейік, 2013 жылы Тұсыновтың "Шал" атты картинасы "Оскар" сыйлығынан үміттілердің қатарында болып, шорт-парақшаға іліге алмай қалған болатын.
![]()
Америкалық рэперлер Марио Руиз бен Омар Круз қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин жайлы өлең жазып, бейнебаян түсірді
Америкалық рэперлер – Марио Руиз бен Омар Круз қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннади Головкинге арнап жаңа әң жазып, клип түсірді деп хабарлайды Bnews.kz. Рэперлер жаңа клипті Good Boy Killa («Жақсы жігіттердің көзін жоюшы») деп атапты. Клипті түсіру кезінде Руиз бен Круз қазақстандық боксшының жаттығу процесін жазып алған. Айта кету керек, бұл рэперлердің Головкинге арнап түсірген екінші бейнебаяны. Алғашқы клип «Мексикалық стиль» атауымен Головкин – Рубио жекпе-жегінің алдында жарыққа шыққан болатын.

Жақында болған осы жаңалықтар мемлекетіміз үшін PR. Осындай оқиғалар арқылы біздің еліміз шетелде танылып та жатыр.
