Мазмұнға өту

Жаңа

Қазақстан Парижде климат мәселесі бойынша БҰҰ конференциясына қатысады

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан тарапы Парижде климаттық өзгерістерге арналған БҰҰ конференциясана қатысады. Бұл туралы бүгін «Жасыл көпір – озық жобалар мен инновациялар үшін серіктестік платформасы» атты xалықаралық конференцияда Қазақстандағы Францияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Франсис Этьен мәлім етті. «Біз сіздерді осы конференцияның ашылуына жоғары саяси деңгейде қатысуға шақырамыз. Жақында Парижде Қазақстан тарапынан Премьер-Министр Кәрім Мәсімов қатысатындығын естідік және біз осы бағыттағы жұмыстар үшін Қазақстанға алғыс айтамыз», – деді елші. Айта кетейік, климаттық өзгерістерге арналған COP21 конференциясы Францияда биылғы 30 қарашадан 11 желтоқсан аралығында өтеді деп күтілуде. Бұл – климаттық өзгерістер бойынша БҰҰ Конвенциясы аясында өткізіліп отырған 21-ші конференция. Х…

1
0
368

Қазақстанда «Балаға мейірімді қала» жобасы жүзеге асырылуда

2015 жылғы 20 қарашада Астана қаласында «Балаға мейірімді қала» бастамасын жүзеге асыру бойынша ведомствоаралық жұмыс тобының отырысы өтеді. Аталмыш шара Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті жанындағы Үкіметтік емес ұйымдар кеңесінің кеңейтілген бірлескен түрде өтеді, деп хабарлайды Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі. Онда сонымен қатар, кеңейтілген отырыстың ең үздік халықаралық тәжірибені ескере отырып әзірленген балаға мейірімді қалаларды мойындаудың ұлттық жүйесінің бастамасы болып табылатындығы айтылады. Кеңейтілген отырыстың пленарлық бөлімі барысында бастаманы іске асыруға қосылған қалалардың жұмысының нәтижесін талданады және «Балаларға мейірімді қала» атағы мен дипломдарды салтанатты түрде табыстау болады. Секц…

0
0
703

Бейбіт Қойшыбай – 70 жаста

Бейбіт Қойшыбай Алаш тарихындағы ақтаңдақтарды ашуға зор үлес қосты. Биыл тарихшы, жазушы Бейбіт Қойшыбай 70 жасқа толып отыр. Ғалым Алаш қозғалысын зерттеуге саналы ғұмырын сарп етті. Көптеген көркем, танымдық, деректі туындылар жазды. Тарихты жаңаша пайымдауға тырысқан еңбектерін оқырман қауым жоғары бағалады. Алматыда өткен ғылыми конференцияда қаламгердің жарты ғасырлық шығармашылығы талданды. Келелі ойлар айтылып, тың пікірлер қорытылды. «Бір кітабында өзі айтады: «Мен Алаш қозғалысына атсалысқан 27 қаламгердің өміріне қалам тарттым»,-дейді. Бұл – жазушының Алаш идеясын насихаттауда өзіндік орны, өзіндік қаламы бар екенін көрсетеді»,-дейді тарих ғылымдарының докторы, профессор Мәмбет Қойгелді. Бейбіт Қойшыбай Алаш тарихындағы ақтаңдақтарды ашуға зор үлес қосты. «Әділет» тарихи-ағарту…

0
0
898

Орхан Насибов: Мақсатым – халқыма пайдалы адам болу

Әзірбайжаннан қоныс аударған Орхан бірнеше шет тілін меңгерген.

Орхан Насибовты Қазақстанмен тағдыры 8 жасында табыстырды. Әзірбайжаннан қоныс аударған ол бүгінде Еуразия тілдері институтының студенті. Қоғамдық жұмыстарға белсенді Орхан Қазақ елінде өскенін мақтан тұтады.

«Өзге ұлттарды бір-бірімен біріктіретін дүние ол – тіл. Тіл білу – рухани байлық. Сол себепті, қазақ тілін білу – біздің азаматтық борышымыз»,-дейді ол.

Орхан Насибов бірнеше шет тілін меңгерген. Қазіргі таңда түрік тілін өз қатарластарына оқытуда.

«Мақсатым – халқыма  пайдалы адам болу. Себебі, бұл ел маған бар мүмкіндікті берді»,-дейді кейіпкер.

Толығырақ – «Таңшолпанда».

0
0
284

А. Цой: Қазақстанда туберкулезбен сырқаттану 6 жылдың ішінде 1,6 есеге төмендеді

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі Алексей Цой Астана қаласында өткен «Көші-қон және туберкулез: Орталық Азия елдерінде туберкулезді трансшекаралық бақылау» атты аймақтық кездесуде мәлімдеді.Шараға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей және Өзбекстан елдерінің жетекші мамандары, денсаулық сақтау және көші-қон мәселелерімен айналысатын министрлік пен ведомстволардың, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (әрі қарай-ДДСҰ), көші-қон халықаралық ұйымы және ұлттық туберкулезге қарсы орталықтарының, сонымен қатар, ҮЕҰ өкілдері қатысты.«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында халықтың туберкулезбен сырқаттануын төмендетуде айтарлықтай жетістіктерге қол жеткіздік. Елімізде аталған аурумен сырқаттану 6 жылдың ішінде 1,6 есеге, оның салд…

0
0
289

Елдос Ахметов: «Астана» — «Қайрат» матчы — Қазақстанның «Эль-Класикосы»

«Астана» мен «Қайрат» арасындағы матч қарсаңында «Таңшолпан» тілшілері футболшылардың дайындығын көріп қайтты. 21 қараша күні «Астана Арена» стадионында ҚР Кубогының финалдық ойыны өтеді. Кубокты «Астана» - «Қайрат» командалары сарапқа салатын болады. Тартысты доп додасын сағат 14:00-де «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетпек. Сонымен қатар, 25 қараша күні Астанаға «Бенфика» (Португалия) футбол клубы келмек. «Астана» мен «Қайрат» арасындағы матч қарсаңында «Таңшолпан» тілшілері футболшылардың дайындығын көріп қайтты. «Биылғы маусым өте қиын болды. Себебі, мақсат – чемпиондықты қолда ұстап қалу. Өткен маусымда чемпион болғандықтан, барлық қоманда бізге қарсы екі есе дайындалады. Барлығы да мықты командалар. «Оңай ұтамыз» дейтін команда биыл болған жоқ. Еліміздегі футбол деңг…

0
0
303

Айқын: «Астанада тұңғыш рет концерт бергелі отырмын»

Қарашаның 19-ы Қазақстанның белгілі әншісі Айқынның Астанада концерті өтеді. Осыған орай El.kz тілшілері әншінің репетициясына қатысып, дайындықты тамашалап, жұлдыздың шығармашылығындағы жаңалықтары туралы сұрап білді.


0
0
446

Жаңалықтарға шолу немесе Қазақстанға PR

Алматылық Апорт Джон керридің көңілінен шықты АҚШ мемлекеттінің xатшысы Джон Керри 10 қыркүйекте АҚШ мемлекеттік департаментінде өткен қолөнершілердің экономикалық форумында Алматы апортына деген таңданысын жасыра алмады. «Бұл алманы мен жаңа ғана алдым. Бұл Қазақстаннан келген кәдесый, дәлірек айтсақ Алматыдан. Ол жергілікті киізден бастырылыпты. Алматыда дәл осындай ірі алмалар өсіріледі екен. Біздің Жаңа Англияда болса, биыл алма тым аз шықты. Сол жақтан (Жаңа Англиядан) ораларда, мен ол жақтағыларға бір кеңес беретінім анық: «Алматымен бірге жұмыс жасауды бастаңдар, жігіттер!». Мына алма шынымен өте әдемі», — деді тамсана Д. Керри. Киізден тоқылған қызыл апорт алмасын мемлекеттік xатшыға форумға келген қазақстандық делегация мүшелері сыйласа керек. Сабина Алтынбекова Әлемдегі ең сұлу…

2
0
458

Астанада жол-құрылыс индустриясының соңғы жетістіктері көрсетілді

Астанада «ҚазАвтоДор - Kaztraffic-2015» XII Халықаралық көрмесі өтуде. Іс-шараның ұйымдастырушылары: ҚР Инвестициялар және даму министрлігі және «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы, деп хабарлады «Қазавтожол» АҚ. Астаналық «Көрме» орталығындағы іс-шарада 100-ден астам үздік кәсіпорындар жиналды. Олардың қатарында автомобиль жолдарын салу және пайдалану, жол көлігі мен жабдықтарын жасау және жол қозғалысы қаупсіздігін қамтамасыз ету салаларында жұмыс жасайтын Ресей, Украина, Белоруся, АҚШ, Германия және тағы басқа елдерінің ірі компаниялары мен фирмалары, ғылыми-зерттеу және жобалық институттары бар. Іскерлік бағдарламаның бірінші күні аясында ҚР Инвестициялар және даму бойынша Бірінші вице-министрі Жеңіс Қасымбектің, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі автомобиль жолдары Комитетінің Басқарм…

0
0
457

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі қазақстандықтарды жаңа экономикалық жағдайдың ұзақтығын қабылдауға шақырды

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында ҚР Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов қазақстандықтарды жаңа экономикалық жағдайдың ұзақтығын қабылдауға шақырды. «Жағдайды пайдалана отырып, Елбасының аз уақыт аралығында бес институттық реформа төңірегіндегі үлкен заңнама топтамаларын қабылдағаны үшін Мәжіліс депутаттарына алғысын жеткізгім келеді. Келесі жылға дейін Үкімет осы заң негіздеріне сүйене отырып, қаулылар қабылдайтын болады, жаңа жылдан бастап жаңа құқықтық алаңдар аясында қызмет етуді қамтамасыз ету қолға алынатын болады», - деп атап өтті К. Мәсімов. Оның айтуынша, заң дер кезінде қабылданбаса онда табан астынан туындайтын қатерлерге уақытында ден қою да еш мүмкін емес. «Жалпы негізгі экономикалық саясаттың өзегіне келсек, бұл ретте ең бірінші кезекте 2007-2009 жылдардағы дағдарыстан қазіргі қалы…

0
0
234