Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

G-Global тұғырнамасында жылсайын жасыл бастамаларды ілгерілету байқауын өткізу қажет – С.Нөгербеков

АСТАНА. ҚазАқпарат – G-Global тұғырнамасында жылсайын жасыл бастамаларды ілгерілету байқауын өткізу қажет. Бұл туралы бүгін «Жасыл көпір: Алдыңғы қатарлы практив және инновациялар үшін серіктестік тұрғынамасы» атты халықаралық конференция барысында G-Global халықаралық хатшылығының басшысы Серік Нөгербеков айтты.

«G-Global халықаралық хатшылығы «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасын, «ЭКСПО-2017»-ні, БҰҰ-ның «Барлығы үшін тұрақты энергетика» бастамасын ілгерілету аясында біздің тұғырнамада жасыл бастамаларды, жасыл жобаларды, сонымен қатар институттық, ақпараттық және білім беру бағдарламаларын ілгерілету үшін жылсайынғы байқау өткізуді ұсынады», – деді ол.

Сонымен қатар, ол «ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындық аясында G-Global халықаралық хатшылығы өзінің серіктестерімен бірлесіп, «ЭКСПО-2017» республикалық онлайн конференциясын өткізгенін атап өтті.

«Байқау жарияланғанға дейін орыс және ағылшын тілдерінде 600-ден астам жоба келіп түсті. Біздің сарапшыларымыз олардың ішінен үздік 50 жобаны іріктеп алды. Ал оның 5-еуі қазіргі уақытта коммерциализациялану кезеңінде», – деді С.Нөгербеков.

http://gbpp.org/kz/2015/11/11872

 
1
0
261

Осы тақырып бойынша