Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Австралиялық компания СҚО-да титан-цирконий өндіретін кәсіпорын ашуды жоспарлауда

Қазақстан геология және жер қойнауын пайдалану саласында Австралияның тәжірибесін қабылдайды. Австралия геологиялық барлау саласына жеке инвестиция тарту бойынша әлемдік тәжірибеде үздіктердің қатарында және осы салаға қаржы жұмсау жағынан әлемде екінші орында, деп хабарлады ИДМ.

2015 жылы қарашада құрамында ҚР ИДМ мен басқа да мүдделі ведомство өкілдері бар қазақстандық делегация Австралияда болып, осы елдің мемлекеттік органдары мен ұйымдарында екі жақты кездесу өткізді.

Осы кездесулерде жер қойнауын пайдалану құқығын беру, геологиялық ақпараттар алу, барлау мен өндіру қызметіне салық салу, минералды шикізат қоры бойынша есеп берудің халықаралық стандарттарына қатысты бірқатар мәселелер талқыланды. Сонымен бірге тараптар Қазақстанның тәжірибесіне пайдаланылуы мүмкін тиімді қағидаларды қарастырды. Ең үздік шаралардың бірі жас компаниялар нарығын қолдау. Осы шараға сәйкес, жобалар сәтсіз болған жағдайда геологиялық барлау шығындарын федералдық бюджет есебінен өтеу мүмкіндігі қарастырылған.

Қазақстандық делегация Батыс Австралияға сапары кезінде титан-цирконий өндіретін «IlukaResourcesLimited» компаниясында болды. Австралиялық бұл компания титан, рутил, ильменит және цирконий өндіру бойынша әлемдегі үздіктердің бірі.

Қазақстанда баламасы жоқ осындай өндірісті компания өз қаржысының есебінен «Қазгеология» АҚ бірге Солтүстік Қазақстанда салмақ.

Австралиялық тау-кен өндіру компаниясы Қазақстанда қатты пайдалы қазба байлықтарына барлау жүргізеді

Құрамында ҚР ИДМ өкілдері бар қазақстандық делегация 2015 жылы қарашада Батыс Австралияның бірқатар инвестициялық компанияларымен келіссөздер жүргізді, деп хабарлады ИДМ баспасөз қызметі.

Солардың бірі Виктория штатындағы тау-кен өндіруші «AreteCapitalPartners» компаниясы. Қазақстандықтар  инвестициялық тартымдылықты жақсартуға бағытталған жер қойнауын пайдалану саласындағы отандық заңнамаға енгізілген жаңашылдықтармен таныстырды.

Сондай-ақ, «Қазгеология» АҚ және австралиялық «RioTinto» мен «IlukaResourcesLimited» тау-кен компаниялары арасында қалыптасқан табысты ынтымақтастық сөз болды.

Кездесу соңында Қазақстан аумағында қатты пайдалы қазба байлықтарды барлау бойынша  AreteCapitalPartners компаниясы мен «Қазгеология» АҚ  арасындағы ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктерін қарастыруға уағдаласты.

Ақпарат көзі

 
0
0
234

Осы тақырып бойынша

Австралиялық компания СҚО-да титан-цирконий өндіретін кәсіпорын ашуды жоспарлауда - Yvision.kz