Аскар Мырзахметов жас ұйымның көсбасшыларымен кездесті
Ағымдағы жылдың 20 қараша күні Жастар бастамаларын дамыту орталығында «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Асқар Мырзахметов пен Павлодар облысының белсенді жастарымен кездесу өтті.
Кездесу «Еркін пікір» дискуссиялық клуб шеңберінде өтті. Орталықтың алдында Асқар Исабекұлын жас белсенділер қарсы алып, сыйлы қонақпен топтық селфи жасады.
Жастарға еліміздегі атқарылып жатқан реформалар жайлы түсіндіру жұмыстары өткізіліп, елдің әлемдік бәсекелестікке бейімделген әлеуметтік-экономикалық қатынастың жаңа моделін қалыптастыру болып табылатының атап өтті. Дискуссия барысында қөптеген сұрақ-жауаптар қарастырылды. Кездесу соныңда естелік ретінде Асқар Мырзахметұлына жастармен бірге түскен топтық селфи табысталды.
