Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жаңа қазақстандық boys-band «Алау тобының» тұсауы кесілді.

2015 жылдың қарашаның отызыншы жұлдызында Баян Есентаеваның басшылығымен  құрылған АЛАУ тобының тұсауы кесілді.

Продюсер және тележүргізуші Баян Есентаева жігіттерден тұратын жаңа тобын таныстырды. Жаңа топтың мүшелері "Қазақстан" ұлттық телеарнасындағы "Түнгі студияда" бағдарламасында белгілі болды.

Instagram парақшасында продюсер топ мүшелерінің есімдерін атады. Олар Ержан Мұқатаев, Ербол Салықбаев, Әсет Арыстанбек пен Хамит Сатаев. Есентаева жуырда бұл топтың бейнебаяны жарыққа шығады деп сөз берді.

Топ продюсері жігіттерге ең мықты болу керек деген талап қойған екен. Топ мүшелеріне тоқталып кететін болсақ, жауапкершілікті ең көп сезінетін - Әсет Арыстанбек, оның тәжірибесі үлкен, көптен бері бимен айналысады екен, кәсіби биші болып табылады, нағыз шығармашыл және сезімтал адам, оны топ лидері деп те атауға болады. Хамит Сатаев - жігіттердің ішінде ең салмақтысы, бірақ қызардың барлығы оны жақсы көреді.Ержан Мұқатаев - топтағы ең сымбатты, сұңғақ бойлы, ең еркесі де сол. Ербол Салықбаев ең тәжірибелі әнші, ән саласында үлкен мектептен өткен вокалист, қылықты да, тартымды әрі талантты -, дейді Баян Есентаева.


Топтың жеке стилисті бар екен, ол жігіттердің сырт бейнесін бастан аяққа дейін қадағалайды. Бұл олардың көз тартымды сырт бейнесінен де байқауға болады.

Мен өз атымнан жаңа қазақстандық boys-band-қа тек сәттілік және биік шыңдардан көріне беруді тілеймін.

 
2
0
2245

Осы тақырып бойынша

Жаңа қазақстандық boys-band «Алау тобының» тұсауы кесілді. - Yvision.kz