Біздің Президент – Көшбасшылықтың үлгісі
Қазақстанда 1 желтоқсан күні ҚР Тұңғыш Президент күні болып тойлануда. Бұл мереке Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өнегелі еңбегін белгілеу мен тану мақсатында құрылған.
Осынау бір маңызды күнде Тұңғыш Президент күнін мерекелеуге байланысты, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінде салтанатты жиналыс өткізілді.
Шараға Департамент басшылығы мен ұжымы қатысты.
Құттықтау сөзімен салтанатты шараны Департамент басшысы Әділхан Әшірбаев ашты. Ол өз сөзінде Тұңғыш Президент күні мерекесі әр Қазақстандық үшін әлеуметтік және экономикалық маңыздылықты арттыратындығын және біздің Президентіміздің арқасында еліміз әлемдік деңгейге көтеріліп, сыртқы саясат аренасында өзін мойындата білгендігін атап өтті. Сондай-ақ, ол әр жыл сайын біздің еліміз Елбасы Жолдауларын өмірге айналдыруға тырысып жатырғандығын, Президент Жолдауын орындау мен жүзеге асыру - әр қазақстандықтың міндеті екендігін атап өтті.
Департамент қызметкерлерінің патриоттық рухтарын көтеру мақсатында, біздің еліміздің дамуындағы Президентіміздің ерен еңбегі, қандай нәрселерді өмірге айналдырғандығы және де жас Қазақстан өзге мемлекеттерге өзін қалай мойындата білгендігі жөнінде бейнеленетін деректі фильм көрсетілді.

