Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

БҚО ҚАЖ департаментінде өткізілген семинар-кеңес

2015 жылдың 27 қараша күні Департамент қызметкерлері Батыс Қазақстан облысы қылмыстық атқару жүйесі департаментінде семинар-кеңес өткізілді. 
Семинар кеңеске мемлекеттік қызмет істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО Департаменті (әрі қарай – Департамент) сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің қызметкері Е.Төлепқалиев БҚО ІІД ӘПБ қызметкері А.Х.Еролеев  және ҚР қатысты ҚАЖ БҚО бойынша департаментінің ұжымы қатысты.

Шара өту кезінде Департамент консультанты Е.Тулепкалиев «ҚР 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын» және сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқық бұзушылықтары туралы анықтама берді. Сонымен қатар, басқа да қатысушылардың баяндамалары тыңдалып, қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.

Іс-шара соңында қатысушыларға тақырыптық видеороликтер көрсетілді.

 
0
0
597

Осы тақырып бойынша

БҚО ҚАЖ департаментінде өткізілген семинар-кеңес - Yvision.kz