Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«100 нақты қадам» Ұлттық Жоспарын түсіндіру

«100 нақты қадам» Ұлттық Жоспарын түсіндіру

 

Алматы қаласының мемлекеттік қызметшілері «100 нақты қадам» Ұлттық Жоспарының реформаларына үлкен қызығушылық көрсетеді.

«100 нақты қадам» Ұлттық Жоспардың бірінші 15 қадамы мемлекеттік қызмет блогына қатысты болғандықтан, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің қызметкерлері, Мемлекеттік қызмет өткеру бөлімінің басшысы Венера Мурзагельдинова және сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұршылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің кеңесші Асхат Байузаков Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кіріс Департаментінің ұжымымен кездесті.

Кездесу барысында Департамент қызметкерлері «100 нақты қадам» Ұлттық Жоспарының негізгі бағыттарын түсіндірді. Сондай-ақ, 3+3 формуласы бойынша мемлекеттік қызметке бірінші рет қабылданушылар үшін міндетті түрде сынақ мерзімі (тиісінше үш айдан кейін және алты айдан кейін сәйкестілікті межелік бақылау) еңгізілетіні туралы айтылды. Және мемлекеттік қызметке бірінші рет қабылданушылар үшін, үш ай мерзіміне жеке бейімделу жоспары құрылады.

Кездесу аяғында қатысушылармен алдағы реформаларға байланысты қойылған бірнеше сұрақтарға толық жауаптар берілді.

   
0
0
478

Осы тақырып бойынша

«100 нақты қадам» Ұлттық Жоспарын түсіндіру - Yvision.kz