«100 нақты қадам» бағдарламасын талқылау жайында кездесу өтті.
«Спира Берга» ЖШС директоры, Саяси Кеңес мүшесі, «Нұр Отан» партиясы Әуезов ауданы бойынша, жемқорлықпен күрес жөніндегі Қоғамдық кеңестің төрағасы Қайырбек Бергарипов, Алматы қаласындағы мемлекеттік қызмет істері мен жемқорлыққа қарсы күрес жөнінідегі агенттік Департаментінің кеңесшісі Асхат Байұзақовтың қатысуымен, «Спира Берге» ЖШС-нің мәжіліс залында, «100 нақты қадам» бағдарламасын талқылау жайында кездесу өтті.
Қайырбек Бергарипов, «100 нақты қадам»- бұл жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап және сонымен бір мезгілде, жаңа тарихи жағдайларда ұлттың дамыған мемлекеттердің отыздығына кіруі жөніндегі жоспары –деп атап кетті.
Бес институтциональды реформа Мемлекет пен қоғам дамуының келесі жарқын кезеңіне өту алдында қарқынымызға қарқын қосатын, Қазақстанды әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына енгізер нақты шаралар кешені.
Мемлекет басшысы, Нұрсұлтан Назарбаев Бес институционалдық реформаны жария еткені белгілі. «Мемлекеттік құрылыстың алдағы 100 нақты қадамы» атты Ұлт жоспары ұсынылды.
«Алдағы 3 жылда ішінде халықаралық маңызы бар негізгі автожолдарды халықаралық стандарттарға сәйкес келтіруге қажетті стратегия әзірлеуі керек. Сонымен қатар көлік-логистикалық кластерді дамыту ауқымында Батыс Еуропаны Батыс Қытаймен жалғастыратын Қазақстанның аумағы арқылы өтетін автомобиль жолы салынуға тиіс. Сонымен бірге Қазақстанның ең шалғай елді мекендеріне жетуімізді жеңілдететін жергілікті маңызы бар жолдар желісін жедел кеңейтуіміз қажет.
Шағын және орта бизнес өкілдері Елбасының нақты тапсырмаларын толықтай түсініп. Қолдаған жағдайда, біз өз болашағымыздың кедергісіз дамуына қол жеткіземіз деп атап кетті А.Байұзақов.
Қайырбек Бергарипов, жиналысты қорытындылай келе әр қадам-Елбасының мемлекеттік тапсырмасы. Ол әр халық пен әрбір қазақсатндықтың қызығушылығын арттырып отыр. «100-нақты қадам»- Ұлт көшбасшысының нақты 100 тапсырмасы, біздің өз қолымызбен өзіміз өмір сүріп отырған қоғамды жан-жақты дамытып, жетілдіруміздің жолдары екенін атап кетті.

