«Құқықтық мәдениет – сыбайлас жемқорлықпен күрес саясаттың негізі»

Жастарды тәрбиелеу, олардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бүгінгі қоғам талабы.
Осы орайда,2015 жылдың 9-10 желтоқсан күндері ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментімен, Жәңгірхан атындағы БҚАТУ, М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ және Батыс Қазақстан инженерлі-технологиялық университетінде 9-желтоқсан Халықаралық сыбайлас жемқорлық күніне орай «Құқықтық мәдениет – сыбайлас жемқорлықпен күрес саясаттың негізі» тақырыбында семинар-кеңестер ұйымдастырылды.
Семинар-кеңестерге университет басшылықтары, профессорлық-оқытушылық құрамы, студенттер және университет жанында құрылған басылым тілшілері қатынасты.
Кездесулер барысында департамент қызметкерлерімен жаңа қабылданған ҚР «Мемлекеттік қызмет» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» заңдары туралы түсінік беріп, жастардың санасына қазақстандық патриотизмді, құқықтық білімін, сыбайлас жемқорлықпен күресте елгезектік таныту қасиеттерін бойларына сіңдіру керектігін аса назар аударды.Сонымен қатар, Департаментпен бірлесіп іс-қимыл жасау үшін ашық келісімге қол коюға шақырылды.Өз кезегінде университет басшылықтары қоғам дерті жемқорлықпен күресте әрдайым Департаментпен бірігіп бұл кеселдің алдын-алуда аянбайтындарын жеткізді.
Шара соңында қатысушылардың сұрақтарына жауаптар беріліп, тақырыптық бейне роликтер көрсетілді.

