Келер жыл да ескіше басталды.
Ескірген жаңа жыл.
Желтоқсанның 1 күні БАҚ " Елбасы жаңа жылдық шырша жақты" деп елге жаңа жылдың жақын қалғанын жарыса жазады. Қарбаласта жүрген халық шыршаның бой көтергенін, сәнденгенін БАҚ өкілдері жазғаннан кейін айналасына қарап, бақылай бастайды. Билік бұдан екі тіпті одан да көп жыл бұрынғы көтерілген мәселені тағы да қаз - қалпында баяндап береді. Іс өнбейді, нәтиже шықпайды. Жылдағыдай халық жаңа жылды ескіше бастап, ескіше аяқталарына күмән келтіреді. Есті жан: "Жаңа жылды тәуелсіздік мейрамынан кейін тойлармыз" -деп, елерген жанды есті етеді.
Ескіріп кеткен жаңа жылға біреуі қуанды, біреуі мұңайды. Сіз екі көңіл күйдің қайсысын серік еттіңіз ?
