Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметкерлері мен халық қалаулысы Ұлт жоспарын ақ халатты абзал жандарға түсіндірді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті (әрі қарай – Департамент), Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаты Камал Низамұлы Бұрханов және Алмалы аудандық филиалы бойынша «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Найля Алшынбекқызы Ордабаеваның қатысуларымен, Мемлекет Басшысы – Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын реформалау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кеңесте Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаты Камал Низамұлы Бұрханов Парламенттің жұмысы туралы әңгімелеп, тиісті мемлекеттік органдардың қарауына ұсынылған заңдардың жобалары бойынша Парламент заңдарды қабылдау рәсімін жиналысқа қатысушыларға түсіндіріп өтті.  ҚР-ның тәуелсіздік алған уақытынан бастап, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев жүргізетін реформаларды кезек-кезегімен атап берді.

Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің консультанты Бақытбек Жүргінбайұлы Әлішов алғашқы 15, сондай-ақ денсаулық сақтау қызметкерлерінің қызметіне тікелей қатысты қадамдарға тоқталды. Қазіргі мемлекет барлығы үшін 100 нақты қадам Ұлт жоспарының басқа да қадамдары бойынша түсінік берді.

Алмалы аудандық филиалы бойынша «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Найля Алшынбекқызы Ордабаева Ұлт жоспарын түсіндіру бойынша «Нұр Отан» партиясының атқарып жатқан жұмыстарына, халықпен тығыз өзара іс-әрекет жасап жатқандығына тоқталды.

№5 Қалалық емхананың бас дәрігері Гүлшахира Әжмұханқызы Қамбарова реформаларды түсіндіру бойынша өзі басқаратын емханадағы атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде әңгімелеп берді.

Іс-шараға қатысушыларға сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, ескерту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жаднамалар таратылды.

Кеңес барысында өздерін қызықтырып қойған сұрақтарына толыққанды жауаптарын алды.

 

0
0
366

Осы тақырып бойынша

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметкерлері мен халық қалаулысы Ұлт жоспарын ақ халатты абзал жандарға түсіндірді - Yvision.kz