Тиімді сектор
Бүгінде «ХҚКО» РМК Жамбыл облысы бойынша филиалына қарасты барлық бөлімдерде өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары жұмыс істеуде. Бұл сектордың негізгі мақсаты: халықты электрондық үкімет порталының мүмкіншіліктерімен таныстырып, электрондық цифрлық қолтаңба арқылы ақпараттық анықтамалар мен электрондық қызметтер алуға мүмкіндік беру. Айта кету керек, биылғы жылы ХҚКО арқылы халыққа 157 528 ЭЦҚ берілген.
Орталыққа келушілер бұл сектордың қызметіне қызығушылықтарын танытуда. Сондықтан, «Өзіне-өзі қызмет көрсету секторының» құрылу идеясы болашақта өзін-өзі ақтайды деп сенеміз, себебі қазіргі таңда бұл секторлар арқылы кеңес алған халық саны 408 330 –ға жетті.
Сонымен қатар жеке және заңды тұлғалардың қызметтерді алуы мақсатында орталықтың барлық бөлімдерінде орналасқан қоғамдық қол жеткізу орындары арқылы 903 415 қызмет көрсетілген.
«ХҚКО» РМК Жамбыл облысы бойынша
филиалының баспасөз қызметі
