Мазмұнға өту

Жаңа

«Ақ жауын» оркестрінің концертін көріңіз

Бүгін Ұлттық арнада сағат 15:15-те.

Күй – өміршең өнердің бірегейі. Бабаларымыздың ұрпақтан-ұрпаққа қастерлеп жеткізген төл мұрасын кеңінен насихаттау, бүгінгі буынның санасына сіңіру бағытында «Ақ жауын» мемлекеттік камералық оркестрінің атқарып отырған еңбегі зор.

Елбасының ұсынысымен өмірге келген «Ақ жауын» мемлекеттік камералық оркестрінің құрылуы турасында оркестр жетек­шісі – Қазақстанның Еңбек сіңір­ген әртісі, күйші-композитор Се­кен Тұ­рысбеков былайша еске алады.

«Бірде Елбасымен бір кездескенімде «Секен, өз оркестріңді құрсаң қайтеді?», деген идея берді. Содан мен Елбасының бұл ұсы­нысын мақұл көрдім. Сөйтіп, кейін «Ақжауын» оркестрі дүниеге келді десем, артық айтқандық емес. Ұжымыммен Астанаға көшіп келуі­ме тағы да Нұрсұлтан Әбішұлы себепкер болған еді».

Бүгін сол оркестрдің шығармашылық кешін Ұлттық арнадан сағат 15:15-те көре аласыздар.

 
0
0
786

Қазақстанның Халық жазушысы Әбіш Кекілбаев өмірден өтті

Әбіш Кекілбайұлының «Үркер», «Елең-алаң» романдары қазақ әдебиетінің үлкен табысы ретінде бағаланып, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығын алды.

Біздің анықтама:

Әбіш Кекілбайұлы 1939 жылы 6 желтоқсанда Маңғыстау облысы, Оңды ауылында дүниеге келген. Қазақстанның Халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері. Қазақстан Республикасының алғашқы Мемлекеттік хатшысы (1996-2002). ҚР Парламенті Сенатының депутаты (2002-2010).

Әдебиетке құмарлығы мектеп қабырғасында басталады. 1957 жылы 5 мамыр «Лениншіл Жастың» белсенді ауылдық тілшісі ретінде Қазақстан Комсомолы Орталық Комитетінің мақтау қағазымен марапатталады.

Әбіш Кекілбайұлының алғашқы өлеңдер жинағы «Алтын шуақ» деген атпен 1962 жылы жарық көрген.

Ауыл өмірінен жазылған повесть, әңгімелер жинағы «Дала балладалары» - жазушының кең тынысты эпик, суреткерлік болашағын танытады. 1974 жылы «Дәуірмен бетпе-бет» сын мақалалар жинағы, 1979 жылы «Тырау-тырау тырналар», 1982 жылы «Шыңырау» повестер жинағы, 1992-1993 жылдары Таңдамалы екі томдық, 1995 жылы «Заманмен сұхбат», 1998 жылы «Азаттықтың ақ таңы», публицистикалық мақалалары, толғамдары, 1999 жылы 12 томдық шығармалар жинағы жарыққа шықты.

Әбіш Кекілбайұлының «Үркер» (1981), «Елең-алаң» (1984) романдары қазақ әдебиетінің үлкен табысы ретінде бағаланып, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығын алды.

2001 жылы шыққан «Талайғы Тараз», 2002 жылы шыққан «Шандоз» тарихи тақырыпты ғылыми дәйекпен, дерекпен түсінікті ұғымды етіп жеткізудің жаңа бағыт-бағдарын белгілеп берді. 2009 жылы «Сыр десте» деп аталатын автордың көпжылдық ой-толғаулары, эссе, естелік, сөйлеген сөздерінің бестомдық жинағы жарыққа шықты.

Әбіш Кекілбайұлының көптеген шығармалары ТМД халықтары мен шетел тілдеріне аударылған. 1995 жылыҚазақстан Республикасы Президентінің бейбітшілік және рухани келісім сыйлығын, 1999 жылы «Отан» орденін, Түркі елдері қауымдастығының шешімімен «Түркі дүниесіне сіңірген еңбегі үшін сыйлығын» алды.

2003 жылы «Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен марапатталды.

Қазақстанның Халық жазушысы, қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаев туралы «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы дайындаған «Қазақ әдебиетінің абызы еді...» арнайы хабарын мына сілтеме арқылы көре аласыз. http://kaztv.kaztrk.kz/kz/archive/programs/programs_social/telearna-usinadi/230841

13 желтоқсан күні сағат 08:30-да «Нұр-Астана» мешітінде жаназа намазы, 10:00-де «Көрме» орталығында марқұммен қоштасу, 11:30-да Қабанбай батыр кесенесінің жанындағы Ұлттық пантеонда жерлеу рәсімі, 13:00-де «Тұран» ресторанында ас беріледі.

 
0
0
927

«Сенбілік таң» Әбдісалам Саваштың отбасында

Бүгін Ұлттық арнадан 09:00-де көріңіз.

Лондонда 30-дан астам қазақ отбасы тұрады. Солардың бірі – Лондондағы Қазақ мәдени орталығының мүшесі Әбдісалам Саваш.

«Лондонда тұрсақ та халқымыздың әдет-ғұрпын ұмыт­паймыз», дейді ол.

Түркиядан қоныс аударған қазақ баласы туған жерден жырақта қалай өмір сүруде? Бүгін Ұлттық арнадан 09:00-де көріңіз.

   
0
0
574

Қанат Ислам келесі жекпе-жегін Қытайда өткізуі мүмкін

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам 2016 жылдың қаңтар айында Қытайда жекпе-жек өткізуі мүмкін. Спортшының айтуынша, тараптар келісімге қол қоюға жақын.

«Келесі айда Қытайда жекпе -жек өтеді. Бұйырса,10-15 күн ішінде барлық мәселелер шешіледі. Бокс кешін ұйымдастыруды желтоқсан айында жоспарладық, бірақ, кейбір себептермен процес кешіктірілді», - дейді Қанат Ислам. Сондай-ақ, Қанат Ислам Қазақстанда жекпе-жек өткізу ойда бар екенін  айтады. «Алдағы уақытта чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек өткізу жоспарда бар. Сол чемпиондық белбеуге дейін Қазақстанда бір жекпе-жек өткізуім мүмкін. Бірақ, ол келесі жылдың екінші жартысында болады», - деді боксшы.

0
0
385

Ұлттық арнада «Арнайы өкілдер» телехикаясының тұсауы кесіледі

2015 жылғы 16 желтоқсан күні «Қазақстан» Ұлттық телеарнасында «Арнайы өкілдер» атты көпсериялы телехикаяның тұсаукесері өтеді.

«Арнайы өкілдер» бүгінгі күні отандық арнайы қызметкерлердің қалыптасуы және кәсіби өсуі туралы сыр шертетін детективті кино жанрында түсірілген қазақстандық көркем хикая. Телехикаяның әрбір бөлімінде жаһандық қауіпсіздік жүйесінің қолданыстағы тенденцияларының биігінен көрінген қазақстандық барлау және қарсы барлау қызметкерлерінің образдары әмбебап мамандар ретінде ашылады.

Әрбір серияда ҚР Ұлттық Қауіпсіздік  Комитетінің  бүгінгі қызметкерлері мемлекеттік  қауіпсіздіктің халықаралық   жүйесіндегі ең заманауи үрдістегі бірегей әмбебап  маманы ретінде  бейнеленеді.

Көрермендер 90 жылдары бастау алып, ҰҚК органдары қызметкерлерінің түрлі тағдырларымен қиылысып,  бүгінгі күнге ұласқан оқиғалардың куәсі болады. Оқиғаның ары қарай қалай өрбитінін болжау мүмкін емес. Себебі сюжет қылмыстық детектив жанрының үздік тәжірибесіне құрылып, оқиғалар күтпеген жерден өзгеріп, шиеленісе түседі.

Хикаяның бас кейіпкерлері – Саматовтар офицерлер әулетінің өкілдері. Әулеттің үлкені құрметті демалысқа шықса, кенжесі өзінің қызметтік мансабына жаңадан кіріседі. Аталған оқиға бір әулетпен шектеліп қана қоймай, сонымен қатар ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісінде қызметін адал атқарып келе жатқан  ҰҚК түрлі ведомстволарының қызметкерлері мен әскери қызметкерлері – талдаушылар мен оперативтік қызметкерлер, арнайы қызмет өкілдері мен шекарашылар туралы сыр шертеді.

Кейіпкерлер арқылы хикая авторлары ұлт тағдыры отандық арнайы қызметтің ақылды, сенімді және батыл өкілдерінің қолдарында болғанда халықаралық терроризм қауіп-қатерінің еліарнаймізге төнбейтінін алға тартады. Фильм жас ұрпақтың бойында әскери-патриоттық сезімді тәрбиелеуге және азаматтық қоғамның қарсы барлау санасын қалыптастыруға бағытталған.

Хикаяны «Қазақстан» телерадиокорпорациясының тапсырысымен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің көмегімен «Астанателефильм» ЖШС түсірді.

16 желтоқсан күні сағат 21.00-де «Қазақстан» телеарнасынан «Арнайы өкілдер» хикаясының тұсаукесерін тамашалаңыздар!

«Қазақстан» РТРК» АҚ осы жобамен қатар келешекте басқа да көптеген тың хикаяларымен көрермендерді таң қалдыратын болады.

0
0
459

Айтыскер ақын Балғынбек Имашев — «Таңшолпан» студиясында қонақта

ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі Үкіметаралық комитетінің сессиясында Қазақстан мен Қырғызстан бірлесіп жолдаған «Айтыс - импровизация өнері» аталымы Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының көрнекі тізіміне енгізілді

«Бұл - үлкен қуаныш. Қазақтың бабасынан қалған сөз өнерін әлем танып жатыр. Айтыс қашанда көрермендерімен, тыңдармандарымен биік. Төл өнеріміздің бүгінгідей дәрежеге жетуі - халықтың тілеуі», дейді ақын.

«Айтыс сахнасында сөз майданын құратын қатарластарың сиреп бара жатқан соң жастарға азуың бата бермейді.  Жыл сайын мектеп оқушыларының айтысына қазылық етемін. Өлеңге, өнерге құмар жастар өсіп келеді. Сондықтан, болашақта шәкірт тәрбиелеумен айналыссам деймін. Әзірге айтыстың маңайынан ұзап кете қойған жоқпын».

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көріңіз.

0
0
380

«Таңшолпанда» әнші Ерлан Орынбасаров пен Баян Нұрмышеваның «Біргеміз» атты әнінің тұсауы кесілді

Әнші Ерлан Орынбасаров пен Баян Нұрмышева - «Таңшолпан» студиясында қонақта.

Шығармашылықтағы жаңалықтарымен бөліскен өнер иелері «Отбасы құрғаннан кейін халық бізді жұлдызды жұп ретінде көргісі келеді. Тыңдармандарымыздың ұсынысынан, тілеуінен бас тарта алмаймыз. Қазіргі уақытта дуэттік әндер жазудамыз»», дейді. Баян Нұрмышева тыңдармандарының «Сізді болашақта да гитарамен көргіміз келеді», деген пікірлеріне қатысты ойын айтты.

Сондай-ақ, таңғы бағдарлама студиясында «Біргеміз» атты жаңа әннің тұсауы кесілді.

0
0
835

Қайрат Нұртастың «Мен ғашықпын...» атты шоу-концертінің қоюшы-режиссері Григорий Скоморовский Ұлттық арнаға сұхбат берді

Шоуға қызу дайындық басталғанына 15 күн болды.

Мыңдаған тыңдарманның жүрек қылын шерте білген Қайрат Нұртас ең танымал әншілер қатарында. 12 желтоқсанда елордадағы «Астана-Арена» стадионында әншінің сахнадағы 10 жылдығына арналған «Мен ғашықпын...» атты шоу-концерті өтеді.

Алаңда қызу дайындық басталғанына 15 күн болды. Барлық техникалық және шығармашылық ұжымды қосқанда 4 мың адам жұмылдырылған бағдарламаның жобасы да өзгеше. Мәскеуден арнайы шақыртылған кештің негізгі қоюшы-режиссері Григорий Скоморовский Ұлттық арнаға сұхбат берді.

«Шоу энергия және қозғалыстан тұрады. Ол - спектакль емес. Сценарий деген болмайды. Тікелей партитурамен жұмыс істейміз. Бұл шоуда тек кәсіби хореографтар емес, каскадер, білікті акробаттар, цирк әртістері өнер көрсетеді. Барлығының қауіпсіздігі толықтай техникалық бақылауда.

Жалпы, Қайраттың өз елінде өте танымал, жоғары сұраныстағы әнші екені қуантады. Біз халықтың сол махаббатынан жұмыс істеуге ерекше энергия аламыз», дейді ол.

Кештің өзге де ерекшеліктері туралы толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

0
0
1184

Ұлттық арнада – «Бас аспаз»

Фильмде басты рөлдерді Ким Кан У, Им Вон Хи, Ли Ха На, Ан Киль Кан сомдайды.

Сон Чхан қатысқан бас аспаздар сайысы қайғылы оқиғамен аяқталады. Енді ол өз кәсібін тастап ауылға барып фермерлікпен айналысады. Бұл іс оған ұнайды.  Оған келген журналист оны тағы сайысқа қатысуға көндіреді. Бұл сайыста жеңген адам корольдің бас аспазы Чосон әулетінің мұрагері болады. Сон Чхан бұрынғы қарсыласы бас аспаз Бон Чжумен қайта кездеседі.     Бүгін 23:10-да Ұлттық арнадан «Бас аспаз» фильмін көріңіз.

0
0
1045

«Қос шырақ, қоңыр әуен» концертін көріңіз

Рамазан Стамғазиев пен Ұлту Қабаеваның ән кешін бүгін Ұлттық арнадан сағат 15:05-те тамашалай аласыздар.

Оның ұстаздары Жәнібек Кәрменов, Қайрат Байбосы­нов, Қанат Омарбаев, Нұрғали Нүсіпжанов сынды тұлғалар. Ең алғаш оқуға түсерде де әншіні қазақтың біртуар әншісі Жәнібек Кәрменов қабылдап алған екен.

Мұны өзі: «Оқуға түскен соң Қайрат Байбосынов ағамыздың сыныбына түсіп, осы сыныпты аяқтап шықтым. ҚР Еңбек сіңірген әртісі Қанат Омарбаев та кәсіби әнші ретінде қалыптасуыма әсер етті. Кейіннен сахналық мәдениетке үйреткен ҚР Халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов болды»,-деп еске алады.

Бүгін 15:05-те Рамазан Стамғазиев пен Ұлту Қабаеваның «Қос шырақ, қоңыр әуен» атты ән кешін көріңіз.

   
0
0
508