ҚР АШМ Су ресурстары комитетінің 2015 жылғы қызметінің нәтижелері мен 2016 жылға арналған жоспарлары
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ 14.12.5015ж. Астана қ. ҚР АШМ Су ресурстары комитетінің қорытынды алқа отырысында 2015 жылғы қызметінің нәтижесі және 2016 жылға арналған жоспары туралы айтылды. Ағымдағы жылы ҚР АШМ Су ресурстары комитеті 2015 жылға облыстары мен бассейндер бөліндісінде суды пайдалану лимиттері әзірленіп, бекітілді. Аталған лимиттердің негізінде ірі су қоймаларының жұмыс режимдері белгіленді және өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және ауыз сумен жабдықтау қажеттіліктері есебімен қажетті су ресурстары жинақталған, олар толық көлемде қанағаттандырылды. Су қорын пайдалануды реттеу және қорғау аясында ағымдағы жылы бірқатар іс-шараларды іске асыру көзделген болатын. Олардың ішінде Мемлекеттік су кадастрын құру және жер үсті су нысандарының сапа стандарттарын әзірлеу, төрт өзендердің бассейндер…
