Мазмұнға өту

Жаңа

Есеп комитеті Ауыл шаруашылығы министрлігіндегі былықтың бетін ашты

Су шаруашылығы нысандарын салуға және жөндеуге деп бөлінген 103 млрд теңгенің 73 млрд-тан астамы босқа ысырап болды. Есеп комитеті еліміздің ауыл шаруашылығы министрлігіндегі былықтың бетін ашты. Нысандардың жобаларын тиісті орган емес, су ресуртары жөніндегі комитеттің өзі мақұлдап, бекіткен. Бұдан бөлек, мемлекеттік сатып алу туралы заңды сақтамаған. Осылайша қомақты қаражатты ешбір конкурсыз үлестіруді «Қаз-сушар» кәсіпорынының құзіретіне берген. Сөйтіп тапсырыс беруші де, оны мақұлдаушы да мемлекеттік кәсіпорынның өзі болған. Комитеттегі былық мұнымен шектелмейді. Осы күнге дейін жобаларға төленетін қаражаттың келісімшартын ерікті түрде жасалып келіпті. Ал мұның барлығын қадағалуы тиіс заңгер мен есепші мүлде жоқ екен. «Мұндай сұмдықты ешбір мемлекеттік органнан көрген жоқпыз», – дейді комиссия мүшелері. Ең қызығы бұл олқылықтар туралы комитет төрағасы бейхабар болып шықты.  Ислам Әбішев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің су ресурстары жөніндегі комитет төрағасы -Жаңа естіп, шашым тік тұрды. Бізде заңгер тұрақтамайды. Айлығы аз. Бір-екі ай жұмыс істейді де кетіп қалады. Қозы-Көрпеш Жаңбыршин, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы -Бірнеше жыл сіз комитетті басқарып жүрсіз. Қазір ғана сіздің көзіңіз ашылды. Бізде бухгалтерия, юристер жоқ екен дейсіз! Сіз сондай сөз айтуға ұялмайсыз ба?!

0
0
494

Агросектор. Қостанай облысының ауыл шаруашылығы қарқынды дамуда

Қостанай облысы тәуелсіздік жылдарында аграрлық секторды дамыту бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижелерін қорытындылауда. Ағымдағы жылы қостанайлықтар 5 млн тонна бидай жинады. Мұндағы ауыл шаруашылығы өндірушілері алатын субсидия көлемі 2003 жылдан бері 40 есеге өскен. Бүгінде фермерлер жыл сайын шамамен 19 млрд теңге көлемінде мемлекеттік қолдауға ие.

0
0
570

Тәуелсіздік нышандары

әуелсіздік – ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымызғасырлар бойы армандап күтумен өтті. El.kz редакциясы назарларыңызға тәуелсіздік нышандарының көрнекті топтамасын ұсынады.


0
0
2862

«Болашақ» тарихта қалады

Біреулер алаңға шығып қазақ тілі дейді, біреулер Светланаға қазақша сөйле деп ұрсады, енді біреулер әлеуметтік желіде ұрандатады. Иә, барлығының мақсаты қазақ тілін дамытып, жұртты қазақша ойландырып, қазақша түс көруге үйрету. Ниет жақсы. Бірақ қазір құр ұрандату пайда бермейді. Қазір ешкім ұранға еріп, қазақша сөйлеп кетпейді. Сөйлеп кеткендері де жоқ. Біздің ғасыр істің ғасыры. Ұран сөздерді сандыққа салып, қара құлыппен құлттан кілтін қара теңізге лақтыратын заман, қазір. Бүгінде тек іспен ғана жетістікке жетіп, белес бағындырып, жоспарыңды жүзеге асыра аласың. Қазақ тілінің бүгіні мен болашағы үшін уайымдап, шамасы келгенше тірлік істеп жүрген жандар жетерлік. Ал, осы істе «Болашақ» қауымдастығының орны ерекше.  Голливуд киноларын қазақшаға аударып, шетел актерларын ана тілімізде сөйлетіп жүр, олар. Бүгінге дейін 14 туындыны дубляждап үлгерді. Қаншама қазаққа өз еліндегі кинотеатрдан өз тілінде кино көрсетуде. Бұл өте үлкен іс. Тарихта қалатын үлкен жоба. Бүгін «Жұлдызды соғыстар: күштің оянуы» киносының көрсетілімі өтті. Орысшасын көрмесең қазақшасын түсінбейтін жылтырақ дүние емес. Өте сауатты. Актерлардың әзілдерін де ана тілімізге келістіріп аударыпты. Ойланбай күлесің. Голливуд киноларын қазақшаға дубляждап жүрген жаны жайсаң жігіттер мен қыздарға алғыс айтқым келеді. Істеріңіз берекелі болсын. Ерінбеңіздер, шаршамаңыздар! Айтпақшы,  голливуд киноларын қазақ тіліне дубляждау жобасына  «Нұр Отан» партиясы қолдау көрсетіп келеді. Бұл елімізде әлеуметтік маңызы өте жоғары жобалардың бірі де бірегейі.

p.s. Осы уақытқа дейін қазақшаға дубляждалған кинолардың дискісін сатып алып, үйде балаларға қазақша кино көрсетуге кеңес беремін.

2
0
654

Бүгін «Арнайы өкілдер» эфирге шығады!

Телехикаяның алғашқы 4 бөлімін бүгін сағат 21:00-де тамашалай аласыздар.

«Арнайы өкілдер» - Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті қызметкерлерінің жұмысы туралы баяндайтын туынды.

Детективті оқиғалар барысында бас кейіпкердің барлаушылық жоспарлары дәл келетін болжаушылық қасиеттері ашылады.  Көрермендерге нағыз патриот адамның бейнесі көрсетіледі.

Құқық қорғау органдары мен Қарулы Күштер қызметкерлерінің жағымды имидждік бейнесін қалыптастырып нығайтуға арналған туынды 8 бөлімнен тұрады.

Бүгін Ұлттық арнадан сағат 21:00-де «Арнайы өкілдер» телехикаясының 1-4 бөлімдерін тамашалай аласыздар.

0
0
414

«Таңшолпанда» — Майра Мұхамедқызы

ҚР Еңбек сіңірген әртісі, «Астана Опера» театрының жетекші солисі Майра Мұхамедқызы бүгін таңғы бағдарламада қонақта болып, сұхбат берді.

«Шетте жүрген қандастар Тәуелсіздіктің қадірін жақсы біледі. Егемендік алды дегенді естігенде бөркімізді аспанға атып, ерекше қуандық. 1994 жылдары елге келдім. Алматыдағы Абай атындағы опера-балет театрында 20 жыл қызмет еттім. Әлемдік театрларда да қазақтың қызы деген атпен танылдым.  Өнердегі 21-ші жылымды «Астана Опера» театрында бастап жатырмын»,-дейді Майра Мұхамедқызы.

«Мен ұлтжанды азаматтардың қатарындамын. Сол себепті, репертуарымда көптеген қазақтың халық әндері бар. Сондай-ақ, қазіргі заман композиторларының да туындылары жетерлік. Олардың бірі – Тәуелсіздікке арналған «Көк тудың желбірегені» әні.  Алмас Ахметбекұлының сөзіне жазылған Ермұрат Зейіпханұлының әні».

Әншінің орындауындағы «Көк тудың желбірегені» әнін «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

0
0
472

«Қазақстан» РТРК» АҚ Астанада «Қазақстан дауысы» жобасын қолдау мақсатында флешмоб өткізді

11 желтоқсан күні Астана қаласының ірі сауда ойын-сауық орталықтарының бірінде Қазақстанның бас вокалды жобасы «Қазақстан дауысын» қолдау мақсатында флешмоб ұйымдастырылды.

Флешмоб үдемелі музыка ырғағымен кенеттен басталып, сауда орталығына келушілердің назарын өзіне аударды. Сауда үйінің орталығына шыққан бишілер жұртшылықты таң қалдырды.

Қысқа уақыт ішінде сауда орталығының 30-дан астам қызметкерлері: сәнді киім сатушылары, күзетшілер және келушілердің өздері де ортаға шығып, әсерлі би биледі. Флешмоб «Қазақстан дауысы» жазбасы бар 50 шарды аспанға жіберумен аяқталды. Іс-шара ұйымдастырушылары көрермендерге жақсы көңіл-күй сыйлағаны сөзсіз.

Естеріңізге сала кетейік, «Қазақстан дауысы» бұл бүкіл әлемдік «Голос» байқауының қазақстандық баламасы. Елімізде үздік, дарынды, ең бастысы, бірегей, әрі мықты дауыс иесін таңдауға мүмкіндік беретін өз ұлттық байқауымыз бар. Бұл ретте аталған шоу еліміздің мықты дауыс иесін анықтап қана қоймай, кең байтақ Қазақстанның мақтан тұтар дарын иелерінің көп екенін көрсетеді.

 
0
0
265

Бүгін «Kazsport» ҚР қазақ күресі федерациясының І кубогын көрсетеді

Тараз қаласында Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына орайластырып ҚР қазақ күресі федерациясының І кубогы өтті. Клубтық командалар арасында алғаш рет ұйымдастырылған додаға еліміздің барлық аймағынан 16 клубтық команда қатысып, жүлделі орындарды сарапқа салды.

Жүлде қоры 20 миллион теңгені құраған қазақ күресінің аламанын өткізуге ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы, Жамбыл облысының әкімдігі қолдау көрсеткен.

Спортшылар 55, 60, 66, 74, 82, 90, 100 және + 100 келіге дейінгі салмақ дәрежелерінде сынға түсті. Кубоктың алғашқы күнінде 14 команда күш сынасса, олардың арасынан Жамбыл және Қызылорда облысының қазақ күресі клубтарына финалдық кезеңге іріктеусіз жолдама берілді. Алғашқы күнгі іріктеу сындарынан 6 команда сұрыпталды.

Осылайша финалдық белдесулерде бақ сынаған командалар:

Жамбыл облысы қазақ күресі клубы, «Алаш арландары» Қызылорда облысы қазақ күресі клубы, Алматы қаласы, Алматы облысы және Қарағанды облысы жоғары спорттық шеберлігі мектебінің командалары, Оңтүстік Қазақстан облыстық Ұлттық спорт түрлері бойынша мамандандырылған балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінің командасы, Семей мемлекеттік медицина университетінің командасы, ШҚО, Тарбағатай ауданы М.Имашев атындағы балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі командасы.

Айта кетейік, қазақ күресінен еліміздің ең мықты палуандарының бәсекесін бүгін, 15 желтоқсан, «Kazsport» телеарнасы сағат 19:00-де көрсетеді.

 
0
0
520

Денис Тенге арнап жанкүйері жасаған туынды Жапония мұражайына қойылмақ

Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің жанкүйерінің еңбегі Жапониядағы мұражайға қойылмақ.

Бойжеткен спортшының бейнесі бейнеленген панноны өз қолымен жасаған.  «Қонақ үйге келе жатқанымда Жапония мұражайында өтетін көрмеге қойылатын фотосуреттерді толтырып тастады. Жанкүйерлерімнің бірі менің бейнем бейнеленген туындыны ұсыныпты. Жапонияның Осака қаласында ҚР Тәуелсіздігі күні тамаша болды», - деп жазады Денис Тен Инстаграмдағы парақшасында.

Айта кетейік, Денис Тен Жапонияда өтетін «Christmas on Ice» шоуына әзірлік үстінде.

 
0
0
445

Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес 2015 жылдың үздігі атанды

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес америкалық басылым «Sports Illustrated» таңдауы бойынша 2015 жылдың үздік бапкері атанды.

Сондай-ақ, бұл аталымға Сауль Альварестің бапкері Эдди Рейносо,  Тайсон  Фьюридің бапкері Питер Фьюри, өз ұлымен жұмыс істейтін аға Флойд Мейвезер және Скотт Куигг бапкері Джо Галлахер үміткер еді.

Нәтижесінде, басылым журналистері отандасымыз Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчесті таңдаған.

   
0
0
447