Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

«Қазақстан дауысы». 5 миллион теңге кімге бұйырады?

Қазір 16 әншінің ішінен көпшіліктің таңдауы бойынша 4 өнерпаз ғана қалды.

Жарты жылға созылған еліміздегі айтулы ән бәсекесі «Қазақстан дауысының» үшінші маусымы шешуі сынға таяды.

Бірнеше аптадан бері «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының тікелей эфирінде көрерменнің дауыс беруімен үздіктер іріктелуде.

Қазір 16 әншінің ішінен көпшіліктің таңдауы бойынша 4 өнерпаз ғана қалды. Алдағы жексенбіде осы төрттіктің арасынан кімнің жеңімпаз атанып, бас жүлде 5 млн теңгені иеле нетіні анықталады. Бәсекенің финалдық сайысы өте тартысты әрі қызықты болады. Үміткерлер бірнеше ән шырқайды. Алғашқы кезеңде еліміздің танымал жұлдыздарымен жұп болып өнер керсетсе, екінші кезеңде тәлімгерлерімен қосылып ән салады. Ал үшінші сында жеке-жеке шеберлігін сынайды. Бұл жолы тәлімгерлер шәкірттеріне көмектесе алмайды. Жеңімпаздарды тек көрермен дауыс беру арқылы шешеді.

Рүстем Нұржігіттің тобынан қытайдан келген қандасымыз Жәннат Әділханқызы бақ сынайды. Оның реттік нөмірі - 9. Мәдина Сәдуақасованың шәкірті Ербол Тәжібаев, реттік нөмірі - 16. Нұрлан Албанның шәкірті Мұратбек Хайролда 3-ші реттік нөмір бойынша сынға түседі. Алмас Кішкенбаевтың шәкірті Диана Исмаилованың нөмірі -7.

Лайықты өнерпазды әділ анықтауға ат салысыңыздар. Тікелей эфирдегі тартысқа толы ән сайысын «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан осы жексенбіде сағат 21:00-де тамашалай аласыздар.

 
0
0
401

Осы тақырып бойынша

«Қазақстан дауысы». 5 миллион теңге кімге бұйырады? - Yvision.kz