Мазмұнға өту

Жаңа

Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес 2015 жылдың үздігі атанды

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес америкалық басылым «Sports Illustrated» таңдауы бойынша 2015 жылдың үздік бапкері атанды.

Сондай-ақ, бұл аталымға Сауль Альварестің бапкері Эдди Рейносо,  Тайсон  Фьюридің бапкері Питер Фьюри, өз ұлымен жұмыс істейтін аға Флойд Мейвезер және Скотт Куигг бапкері Джо Галлахер үміткер еді.

Нәтижесінде, басылым журналистері отандасымыз Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчесті таңдаған.

0
0
389

Жанат Чайкина: Біздің театр Тәуелсіздік мерекесіне үлкен абыроймен, табыспен келді

Қалибек Қуанышбаев атындағы академиялық қазақ музыкалық драма театрының актерлері бүгін «Таңшолпанда» қонақта болды. Актриса, «Құрмет» орденінің иегері Жанат Чайкина және актер, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Қуандық Қыстықбаев таңғы бағдарламаға келіп, ой-пікірлерімен бөлісті. «Кеңес одағы уақытында Қазақ ССР-нің Еңбек сіңірген әртісі атағын алғанмын. Содан бері міне, 25 жыл өткен екен. Еңбегімді елеп, «Құрмет» орденін алғаныма қуаныштымын»,-дейді Жанат Чайкина. Марапат алғандағы әсерімен Қуандық Қыстықбаев та бөлісті. «Осы марапатпен болдық, толдық емес. Бұл керісінше, бізге үлкен жауапкершілік жүктейді. Енді осы атаққа лайық болып, оны ақтау міндеті тұр»,-дейді актер. «Биылғы жыл біздің театр үшін өте табысты болды. Жуырда Атырау қаласында өткен республикалық театрлар фестивалінде «Көлең…

0
0
1595

«Таңшолпанда» — қолөнер шеберлері

Жанболат Тасболатұлы, Зият Берікұлы, Мұхтархан Атаханов Біріккен Араб Әмірліктерінде қазақтың салт-дәстүрін насихаттап, қолөнер туындыларының көрмесін өткізіп қайтты. Ағаш шебері Жанболат Тасболатұлы, зергер Зият Берікұлы, ағаш шебері Мұхтархан Атаханов бүгін «Таңшолпанда» қонақта болды. Шеберлер Біріккен Араб Әмірліктерінде қазақтың салт-дәстүрін насихаттап, қолөнер туындыларының көрмесін өткізіп қайтты. «Абу-Даби қаласында халықаралық «Мәдени мұра» фестиваліне қатысып қайттық. Онда Қазақ хандығының 550 жылдығы мен Ассамблея жылына орай үлкен көрме болды. Шарада бізге алғыс хат пен сертификат берілді. Қолөнер шеберлері Босния, Марокко, Египет, Ауғанстан және т.б. елдерден келді. Қазақтың өнері, қазақтың ұлттық тағамдары өзге елден кем емес екенін дәлелдеп қайттық»,-дейді Жанболат Тасбола…

0
0
884

«Таңшолпан» таңдайды!» байқауы жарияланды

Толық ақпаратты 8 (717) 2- 55-38-16 нөмірінен біле аласыздар.

«Таңшолпан» ақпаратты-сазды бағдарламасы кезекті байқауын жариялайды. 17-31 желтоқсан аралығында  тікелей эфирде 5-10 жас аралығындағы дарындардың бағын сынаймыз.

«Таңшолпан» таңдайды!» байқауында Сіздің де балаңыз топ жарып шығуы мүмкін.  Тікелей эфирге немесе WhatsApp нөміріне балаңыздың өнері жөнінде ақпарат жіберіңіз.

Толық ақпаратты 8 (717) 2- 55-38-16 нөмірінен біле аласыздар.

0
0
308

Қош келдік!

Сәлем,сәлем! Мен бүгіннен бастап YVISION.KZ әлеміндемін! Алдағы уақытта мәнді де мағыналы блогтарыммен,қызықты ақпараттарыммен бөлісетін боламын! маған қосылыңыздар!
Дидар Толқынбекқызы

0
0
420

Тойдың төресі – Тәуелсіздік күні!

Мемлекетіміз осыдан 24 жыл бұрын дәл осы күні өзінің тәуелсіздігін жариялаған болатын. 24 жыл бірімізге ширек ғасырға жуық уақыт болса, біріміз үшін 8766 күн ғана. Аз ба, көп пе, осы уақыт ішінде Қазақстанымыздың жеткен жетістіктеріне баршамыз куәміз. Осы уақыт ішінде жүрегімізде болашаққа деген нық сенім ұялады. Тыныштық ту тіккен жерде ғана той тойлап, мерекені берекелі өткізіп, мағыналы ғұмыр кешу мүмкін екенін ұқтық.  Баянды болашақтың кепілі – тәуелсіздік екені жадымызға мықтап жазылды.

Басымызға бұйырған осы бақыттың баянды, мемлекетіміздің мәңгілік ел болуын тілей отырып, «TOi BiZNES.kz» порталы ұжымының атынан барша Қазақстандықтарды «көппен көрген ұлы той» — Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз!

0
0
673

Шымбұлаққа бару үшін қанша теңге керек?

Алматыда бірнеше жыл тұрса да Шымбұлаққа барып сырғанамағандар көп. Солардың бірі мен. Неге деген сұраққа «Уақыт болмады, реті келмеді» - деп сылтау айтып жауап беруге болады. Бірақ шынын айтсам, Шымбұлақ байлардың ғана баратын орны деп ойлайтынмын. Шаңғы теуіп, тау баурайында отырып шәй ішуге 30-40 мың теңге кететініне өз-өзімді сендіріп, Медеуден ары аспайтынмын. Масқара. Қатты қателесіппін. Тарқатып айтайын. Бүгін достармен «Бісміллә, не де болса көрейік» - деп ат басын Шымбұлаққа бұрдық. Бағасы мен ойлағаннан әлдеқайда арзан екен. Мәселен аспалы жолмен тауға көтеріліп түскініңізге 20500 оййй кешіріңіздер, 2500 теңге төйлейсіз. Иә, таза ауамен тыныстап, тамаша табиғатты көріп, таулардың биіктігіне тамсану үшін бұл қымбат ақша емес. Оның үстіне сіз өзіңізбен алып барған шәй мен самсаны…

7
0
5885

Қаржы министрі Б.Т.Сұлтановтың Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтауы

Құрметті қонақтар! Құрметті әріптестер! Сіздерді еліміздің басты мерекесі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күнімен шын жүректен құттықтаймын! Жиырма жылдан сәл ғана асатын уақыт ішінде мықты мемлекет, жаңа экономика мен жаңа тұтас қоғам құрылды. Қазақстан алдына ауқымды міндеттер қойып отыр, оларды шешу ұзақ мерзімді болашаққа мемлекеттің дамуы үшін негіз болады. Мемлекет басшысының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Жолдауында одан әрі даму жолының нақты бағдарлары анықталған. Жарияланған Жолдаудың көпқырлылығы Президент идеяларының ауқымдығы мен тереңдігін бағалауға және дүниежүзілік дағдарысты жеңу бойынша таңдаған жолдың дұрыстығына көз жеткізуге мүмкіндік береді. Бүгінде мен сандарды келтірмей-ақ қояйын, жұмысымыздың алдын ала қорытындылары бар…

0
0
371

Бас прокуратураның веб-сайты үздіктер арасында екінші орын алды

Бас прокуратураның ресми веб-сайты мемлекеттік органдардың 2015 жылғы үздік интернет-ресурстары арасында екінші орынды иеленді.

«Қазконтент» акционерлік қоғамы өткізетін жыл сайынғы мониторинг қорытындылары бойынша ресми интернет-ресурстардың мазмұндық сипаты, дамуы және алға басуы сияқты негізгі көрсеткіштері бағаланды.

http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/akparaty/bas-prokuraturanyn-veb-sayty-uzdikter-arasynda-ekinshi-oryn-aldy-astana-k-2015

0
0
382

ИЫҰ 7-ші Министрлік конференциясы Астана қ. өтеді

Баспасөз хабарламасы 15.12.15 ж. Астана қ. Ү.ж. 14 желтоқсан күні Найроби қ. (Кения) халықаралық сауда ұйымының Министрлік конференциясының 10-шы сессиясы шеңберінде Ислам Ынтымақтастығының Ұйымына мүше мемлекеттерінің отырысы өтті. Қазақстанда құрылғалы отырған Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам Ынтымақтастығының Ұйымының мәселелері жөнінде ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Г. Исаева сөз сөйледі. Вице-министр азық-түлік қауіпсіздік мәселелерін шешуде Ислам Ынтымақтастығының Ұйымына мүше мемлекеттерін бірлесіп жұмыс жасауға шақырды. Ислам Ынтымақтастығының Ұйымына мүше мемлекеттерінің өкілдері ұйымның құрылу бойынша Қазақстанмен атқарылып жатқан жұмыстарымен хабардар етілді. Сондай-ақ, Азық-түлік қауіпсіздігі бойынша Ислам Ынтымақтастығының Ұйымының Бас Ассамблеясы 2016 жылы 26-28 сә…

0
0
285