Бас прокуратура үлескерлер ақшасын заңсыз иемденгені үшін іздеуде жүрген адамды экстрадициялады
Бүгін Бас прокуратураның қызметкерлері Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Қазақстан елшілігінің қолдауымен,ҚР ҚК 176-бабының 3-бөлігі «б»-тармақшасы (Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету) бойынша қылмыс жасағаны үшін іздеудегі 45-жасар Мирхат Әлімбетовті Біріккен Араб Әмірліктерінен Астанаға жеткізді.
