Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Арқар атқандар ұсталды

Арқар атқандар ұсталды

http://mangystautv.kz/kz/news/society/arkar-atkandar-ustaldy

 

Арқар атқан браконьерлер ұсталды. Олар осы заңсыз әрекетімен мемлекетке 12 млн. теңге шығын келтіріп отыр.

0:09
0:49
21:28, 12 тамыз 2016    Табиғат қорғау полициясы бөлімшесінің қызметкерлері аңшыларды Маңғыстау ауданындағы №6 бекет маңынан байқап, қолға түсіреді. Ұсталған 4 күдіктіден бас-сирағы кесілген, ішек-қарындары ақтарылған 4 арқар тәркіленді. Мұнымен қоса 4 дана қару, бірнеше оқ-дәрі мен 2 дүрбі мемлекет пайдасына алынды. Құқық қорғаушылардың айтуынша, мұндай қылмыс соңғы 15 жылда тіркелмеген.

Жандос Сүлейменов - облыстық ІІД ЖПБ табиғатты қорғау полициясы бөлімшесінің инспекторы

ҚР ҚК 287-бабы қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізілуде.

 
1
0
459

Осы тақырып бойынша

Арқар атқандар ұсталды - Yvision.kz