Жылдамдықты асырған жүргізушілер жауапқа тартылды
Жылдамдықты асырған жүргізушілер жауапқа тартылды
«Кендірлі - Жаңаөзен» тас жолындағы қозғалыс тәртібін қадағалау күшейтілді. Айта кетейін, бұл бағытта ірі апаттар жиілеп кеткен болатын. Мәселен, өткен апатада ғана жол-көлік оқиғасынан он адам зардап шегіп, ауруханаға түсті. Осыған орай, облыс орталығынан жол-патрульдік арнайы ротасының инспекторлары барып, ереже бұзатын көлік жүргізушілерді жауапқа тартты. Жарты-ақ сағаттың ішінде жылдамдықты асыра жүйіткіген үш жүргізуші тоқтатылды. Оған куә болған әріптесім Сәуле Жолманбетқызы айтып берсін.
Шомылу маусымы күндері Кендірлі - Жаңаөзен тас жолында көлік ағымы еселене түседі. Сәйкесінше, осы уақытта жол тәртібін сақтамайтын жүгенсіз жүргізушілердің де қатары артады. Өткен түні көлік қозғалысы аз болды. Десек те, санаулылардың өзі бірінен соң бірі ереже бұзды. Қатарласып келе жатқан тойота мен нексия сағатына жүз сегіз шақырым жылдамдықпен радарға түсті. Ал, ланд крузер жүз жиырма жетімен. Жол белгісі бойынша тоқсаннан асырмау қажет. Алайда мұны елеп жатқан жүргізушілер жоқ. Байқамай қалдық деп ақталды олар.
« Жаңаөзен - Фетисово тас жолында 162 шақырымда шектеу жылдамдықты асырып, көлік құралын басқарып келе жатсыз. ҚР 592 бабының бірінші бөлігін бұзып келе жатсыз. Сондықтан сізді тоқтатып жатырмыз. Ж: байқамай қалдық».
Ережеге бағынбағандарға он айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 21 210 теңге айыппұл салынды. Енді олар жеті тәуліктің ішінде төлесе, елу пайызын өтейді. Он екі айдың ішінде тағы да жол ережесін бұзса сексен төрт мың теңгеге шығындалады. Аталған тас жол инспекторлардың жіті бақылауында. Жол қозғалысын қадағалау, көлік апатының алдын алу және болдырмау бағытында арнайы рота тәулік бойы жұмыс істейді.
Марат Сенгеров - Ақтау қалалық ІІБ жол-патрульдік арнайы ротасының инспекторы
«25 - 28 шілде аралығында жол қауіпсіздік шаралары жүріп жатыр. қазіргі таңда «Жаңаөзен - Кендірлі» тас жолында рейдтік шараларда болып келдік. Шектеу жылдамдықты асырып ҚР ӘҚБтК 592 бабын өрескел бұзып, көлік құралдарын басқарады. Республикалық маңызы бар тас жолында 24 сағат бойы жұмыс атқарылады».
