Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сингапурді қазақ болмысымен тану

Сингапурді бәріміз білеміз де, білмейміз де.

Ұнатамыз да, жақтырмаймыз да.

Барғымыз-ақ та келеді, бармасақ та өзіміздің Түркия, Дубайымыз жетіп жатыр.

Алайда, бұл ел келуге тұрарлық па екен?

Асырмай, жасырмай, ақ пен қараға бөлмей, сыншыл турист ретінде сіздерге бір шолу жасап өтейін.

Бұл елдің берері де көп, алары да көп. Жалпы, сұмдық жап-жасыл аймақ пен инфрақұрылыстық алыптарына ақша құртуға ерікті болсаңыз, алға!

Кез келген барған жерімізде таюиғаттың тылсым көркем қырларына ғана көзіміз тойып келетін болса, мында неше түрлі ғимараттардың "швед үстеліне" түскендей боласыз. Шын  мәнінде, мында табиғат пен адамның бірлік пен байланыста әсем үйлесім тауып, көптеген түрлі-түрлі халықтардың ауыз біршілікте қоныс тепкен жері екенін танисыз. Кіп-кішкене ғана аралда-ақ орналасып, әлемдегі ең бай елдерінің қатарына кіріп қана қоймай, жоқтан бар жасап, қолда бардың бәрін пайдаға асырып отырған ел. Мәселен, бұл ел осыдан жарты ғасыр бұрын Малайзияның бөлігі еді. Ал ол, өз кезегінде, Ұлыбританияның отары болған-ды. Cондықтан да Англияға ұқсас жерлері баршылық: оң-жақты жол, тоғы үш қатарлы, т.б.

Қала-арал-мемлекет деген атағы бар Сингапур ылғалды, адамға лық толы, таза, тәртіпті қала болып көрінді маған бір қарағаннан. Тамақ жейтін орындар көптен көп және де бәрінде адамдар отырып, асыға және көңілдене шулап отырып біздің жейтін тамақтың үш-төртеуін сіміре де салады. Дүкендер де бұл адамдардың өмірлік серігі боп кеткен. Аттасаң болды, бірдеме әйтеуір сатып алуға шақырып тұрады. Қаласаң да, қаламасаң да алуға тура келтіреді.

Түрлі-түрлі заттарды жасап қойғаны-ай, көркіне тоймайсың! Ал адамдары маған өзінше жасқаншақтау, алайда көмегін беруге асығып тұратын сынды көрінді. Бәлкім,түріме қарап, өздерінің тұрғыны деп ойлаған шығар.
Не болғанымен де, мында заттардың және ойын-сауықтың, негізінен, бәрінің де бағасы ұшып тұр, сондықтан қалың қалтамен барғаныз жөн. Жол-жөнекей пәлсапалық ойыммен бөлісейін: сонда бір ғана адам қаншама адамның өмірін өзгерте салатын күші бар екен ғой. Бәрімізге де белгілі ғой Ли Кан Юдың осы елдің өркениетке айналуына, әлемдік картаға енгізілуіне, тарихының бағытын өзгертіп, адамдарды Момышұлы атамыз ұнататындай, тәртіпке келтіргені, болашағына бағдар көрсетіп, қаншама еңбек сіңіргені. Оны мында ерекше құрметтеп, қастерлейді. Бірақ, меніңше, оның басты жемісі- адамдары тәртіпке, ережеге шақыруында, заңға бағындыруында. Сонда, ол осы елдің әкесі боп кеткен ғой. Тура осындай рөл әрбір ата-анаға да берілген ғой, расында-да. Жалқаулық, ластық және керітартушылықты жойып, еңбекқор Сингапурге айналдырды ғой. Ақылды әке-шеше бұзық-тентек баласын дұрыс жолға сала білсе, ол да ерлік қой. Неге соларды әлемге жарып ешкім айтпайды екен?!

Жә-жә, оны басқа жолы қозғармыз. Сингапурге келейік: бұл елге дайын келу керек. Ыстыққа да шыда, ылғалға да төтеп бер, көрмеген нәрсе көрсең, қуан, айналаңды зертте, сыншыл түрде салыстырып, зертте, және ең бастысы, соны қабылдап, жақсының жақсысын үйрен де, жаманынан жирен. Бұны айтқан себібім, шет елде көп заттар ұнамай, соны айта беретін, «әуп» десе, зәресі ұшып, мастанып кететін жандарды да көрдім. Әрбір шақты пайдасына асырып өткізу керек емес пе? Көріп, сезіп, біліп зерттеген ол- өте-мөте сирек келетін мүмкіндік. Қасымыздағы профессорлардан не сұрасам да, жауаптары ойландарып, толғантып, мені терең ойға батырады.  Айнала толған жасылды-жасыл жаз, алуан түрлі ағаш-шөптер, көңілді маймылдар, спортқа берілген жас-қарттар, тамсандыратын табиғат кескіндері. Енді егер мында біздің қыздарды қалдырып кетсе, ай, шіркін, мың түрлі селфилер жасап тастайтын еді.Жұмыстан соң келіп, шаршап келіп, асықпай-саспай, күннің жайбаратақат бөлігінің дәмін татып, медитация жасап, шынығып, әбден құстардың әндеріне тойып алу үшін Сингапурдың ұсынары көп. Көңілім менің сонда жай жүріп, айналып шыққанға да қанды. 
Профессор біз тоқтағанымызда судың Сингапурге қандай жолмен келетінін, өзіндік әдіс-тәсілдерін түсіндірді. Судың қадірін нағыз, міне, түсінетін осы ел-ау өмірде. Бір тамшы болсын, босқа кетпейді. Қайта өңдеп, тазартып, жаңартып, аса қастерлеп тұрады екен. Оларда «жаман су» деген ұғым тіптен жоқ та. Біздің халық бұған келісер ма еді? Қалдықсыз технологияны біз жиі пайдаланар болсақ, өзімізді өзіміз сумен қамтамасыз етер болсақ, жиіркенбейді ма екен аса ысырапшыл халқымыз? Бұл елде халық түсінісшілдікпен қарайды, мемлкетті қолдайды, оның шешімдеріне жақсы сенім қалыптасқан. Өршеленіп, қасарысып, аргументсіз қасарысу деген бұларда жоқ. Ғылым мен техника-бұлардың наным-сенімі. Қытайлар ақшаны құдайындай көрсе, бұлар модернизацияны алға қойып, соған сенеді. Мүмкін, сол үшін де соғыс-қырқыс, ұлтаралық араздасу, терроризм деген атымен жоқ шығар? Дінді әркім әртүрліше түсінеді, ал ғылым бір жақты. Оны жеткізу оңай. Адамдарды сонымен-ақ көндіреді. Бұның мен қазір тек жақсы жақтарын байқап жатырмын. Бәлкім, ғылым да діннің бір ағымы боп шығатын түрі бар шығар болашақта. Бұл да басқа жолы қарастыратын тақырып қой.

Құрметті оқырман, айтқаным бір тоғыз, айтпағаным тоқсан тоғыз. Тұңғыш жазбам ғой менің. Көңілім менің өзіме аса қанбаса да, бастағаныма, әйтеуір осыған кіріскеніме қуаныштымын. Сіздердің де көңілдеріңізден шығу үшін әлі еңбек етуге шын ізгі ниетімді білдіремін. Бірге болыңыздар!

   
0
0
840

Осы тақырып бойынша

Сингапурді қазақ болмысымен тану - Yvision.kz