Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Бокс Лондондағы «О2» спорткешенінде өтеді.

Ең қызықты бокс жекпе жегі Геннади Голвокин мен Келл Брукпен кездесуін 10  қыркүйектен 11 қыркүйекке қараған түні Қазспорт пен Қазақстан телеарнасы көрсетеді екен. Сондай-ақ аталған арналардың интернет сайттарынан да бұл боксты тамашалауға болады. Ал бокстың өзі Лондондағы «О2» спорткешенінде өтеді. Ол жерге 20 мың адам жиналады деп күтілуде. Айта кету керек бұған дейін де қазспорт эфирінен Генна жерлесіміздің талай боксын тамашаладық. Мысалы сәуірдегі Доминик Уэйдпен Геннадий Головкиннің жекпе-жегі, оның алдындағы Давид Лемьемен болған жекпе-жекті айтсаңызшы. Айызымды қандырған жепе-жектер болды. Айтпақшы осы кездесуде сол кезде беймезгіл уақытқа қарамай 3,5 миллион адам, ал сайт арқылы 1 миллион адам  тамашалапты. Бұл жолы да осындай қызық күтеміз.

 
0
0
298

Осы тақырып бойынша

Бокс Лондондағы «О2» спорткешенінде өтеді. - Yvision.kz