ru
Мемлекет
Мемлекет
2 220 жазбалар14 тіркелуші
0

Қазақстанның әскери қызметшілері «Бейбіт миссия – 2016» оқу-жаттығуына қатысу үшін Қырғыз Республикасына келді

Қырғыз Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Балықшы қаласындағы «Эдельвейс» полигонында Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы мүше мемлекеттерінің «Бейбіт миссия – 2016» бірлескен әскери лаңкестікке қарсы командалық-штабтық оқу-жаттығуының ресми ашылуы өтті, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

Салтанатты іс-шараға бес елдің, яғни, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери контингенттері қатысты.

Жалпы алғанда, оқу-жаттығуға 2 мыңға жуық әскери қызметші, шамамен 300 бірлік әскери техника, олардың біршамасы жаңғыртылған және заманауи қондырғымен жабдықталған, сондай-ақ, жерүсті әскерлердің іс-қимылын қалқалауды қамтамасыз етуге арналған 40-қа жуық бірлік жауынгерлік авиация тартылды.

«Мұндай оқу-жаттығулардың өткізілуі қазіргі заманның шынайылығымен қабылданған және ШЫҰ жауапкершілік өңірінде және жалпы әлемде қалыптасқан халықаралық жағдай негізінде өзінің өзектілігі мен маңыздылығын бірнеше мәрте дәлелдеп те қойған», - деп «Бейбіт миссия – 2016» бірлескен оқу-жаттығуының жетекшісі полковник Р. Мұқамбетов атап өтті.

«Оқу-жаттығудың қойылған мақсаттарына қол жеткізу үшін барлығымыз бірге барынша күш-жігерімізді салатынымызға сенімдімін. Себебі, қазіргі оқу-жаттығулар өзінің арналуынан, «жауыздықтың үш күшімен», яғни, лаңкестік, экстремизм және сепаратизммен күресуден басқа, мемлекеттеріміздің қарулы күштерінің анағұрлым тығыз әскери ынтымақтастығына ықпал етеді», - деп ол сөзін жалғады.  Қазақстаннан оқу-жаттығуға ҚР ҚК Аэроұтқыр әскерлерінің әскери қызметшілері қатысуда.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz