Мемлекеттік қызметті модернизациялау туралы
А.ж. 16 қыркүйекте Ақмола облысының құрылыс басқармасында мемлекеттік қызметті рефомалау мәселесі бойынша түсіндіру жұмысы өткізілді.
«Қазақстанның мемлекеттік қызметін модернизациялау» тақырыбына департаменттің мемлекеттік қызмет басқармасы басшысының м.а. Р.Братаева дәріс оқыды.
Іс-шара барысында пікір алмасу болды, тыңдаушылар мемлекеттік қызмет саласындағы өзгерістерді қолдайтындарын айтты, туындаған сұрақтарына жауап алды.
Іс-шараға 21 адам қатысты.
