Мазмұнға өту

Жаңа

Жас кәсіпкерлердің Қазақстан жастар конгресінің атқарушы директорымен кездесуі

«Өңіраралық жастар бизнес тағылымдамалары»  жобасыныың соңғы күні жас кәсіпккерлер  Қазақстан жастар конгресінің атқарушы директоры Айдын Маратұлы Сабитовпен кездесті. Кездесу барысында Елбасының жолдаулары, Бес институциялық реформалары және орта кәсіпті дамыту жайлы, елімізде кәсіпкерлерге жасалып жатқан қолдаулар, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының» мемлекеттік қолдауына ие болу жайлы сөз қозғалды. Еліміздің әр өңірінен келген жас кәсіпкерлер өз сөздерінде ұйымдастырушыларға алғыстарын айтып, елімізде орта кәсіптің дамуына үлес қосып келетінін айтап өтті.

«Өңіраралық жастар бизнес тағылымдамалары» «Қазақстан жастарының конгресі» және ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және «Казка» Қазақстан кәсіпкерлер ассоциациясының» қолдауымен  27 маусым күні   өз бастамасын алған еді. Бес күн ішінде жас кәсіпкерлер Астана қаласының табысты бизнесмендерімен кездесуге мүмкіндік ала отырып, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, «Казка» Қазақстан кәсіпкерлер ассоциациясының» жобаларымен танысты. Жоба аясында қатысушылар шағын және орта бизнес кәсіпорындарында тағылымдамалардан өтіп, жұмыс барысының ерекшеліктерін үйренді. Бұдан басқа, жоба қатысушылары кәсіби мастер-класстарға қатысып, өз ісінің дамуына қажетті кеңестер алды

0
0
696

Жемқорлыққа төзбеушілік идеясы – қозғаушы фактор ретінде

А.ж. 16 қыркүйегінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Ақмола облысы бойынша департаментінің қызметкері А. Хамитов Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті ұжымымен « Свыбайлас жемқорлықты кешенді құбылыс ретінде түсіну және жемқорлыққа төзбеушілік идеясы» тақырыбында семинар  өткізді.

Кездесу барысында дәріскер мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын мемлекеттік бақылау мәселелерін түсіндірді.

Өз сөзінде лектор айтылды жүргізілген тексерулердің бойынша мемлекеттік мекемелер туралы заңнаманың сақталуына мемлекеттік көрсетілетін қызметтер 2016 жылдың 8 айдың қорытындысы нәтижелері.

Кездесудің соңында Департаментің қызметкерлеріне Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнаманы қолдануға қатысты қойылған сұрақтарына жан-жақты  жауап берілді.

Іс-шараға 20 адам қатысты.

Департамент госслужбы

0
0
5304

Н.Назарбаев: Қазіргі Алматы – Қазақстанның батыл әрі қарқынды дамуының көрінісі

Қазақстан Президенті Алматы қаласының 1000 жылдығын мерекелеуге арналған салтанатты концертке қатысты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Іс-шараға 7 мыңнан астам қала тұрғыны мен қонақтары қатысты. Жиналғандарға арнаған сөзінде Мемлекет басшысы барша қазақстандықтарды Алматының мыңжылдық мерекесімен құттықтап, осы оқиғаның тарихи мәнін атап өтті.

«Бұл дата ЮНЕСКО-ның Адамзаттың атаулы және мерекелік күндері күнтізбесіне енген. Аталған шешім Алматының өңірлік және жаһандық дамудағы бірегей рөлінің айрықша екенін көрсетеді. Алатау бөктеріндегі қастерлі өлке өз тарихында көп нәрсені басынан өткерді. Бұл жерден алып Еуразияның Шығысы мен Батысын, Солтүстігі мен Оңтүстігін жалғаған алғашқы сауда жолы және жалпы адамзаттық магистраль – Ұлы Жібек жолы өткен. Бес жүз елу жыл бұрын Жетісу Қазақ хандығының бесігі болды. Бұл жерде бүкіл Орталық Азия аймағының урбанистік мәдениетінің басты ошағының бірі пайда болды», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы Алматының ХХ ғасырдағы оқиғалар тізбегінде айрықша рөлге ие екеніне назар аударды.

« Қала 1929 жылы Қазақстанның кезекті астанасына айналып, кейіннен миллиондаған тұрғыны бар мегаполиске дейін өсті. Алматыға егемен Қазақстанның алғашқы астанасы болу мәртебесі бұйырды. Сондықтан біз бүкіл халық болып қаланың мыңжылдығын Отанымыздың Тәуелсіздігінің 25 жылдығы белесінде мерекелеудеміз. 1995 жылы жалпы халықтық референдумда республика Конституциясы қабылданды. Осы қалада «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі туралы» заң қабылданды. Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Нақ осы жерде жаңа елорда – Астана туралы тарихи қаулы қабылданды», – деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев мегаполистің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері әрқашан мемлекеттің басты назарында екенін атап өтті.

« Былтыр қаланың 2020 жылға дейінгі даму бағдарламасы қабылданды. Ол тұрғындардың өмірін, қаланың экологиялық жағдайын жақсарту, бизнес үшін қолайлы жағдайлар туғызу жөніндегі нақты шараларды қамтиды. Қазіргі Алматы – Қазақстанның батыл әрі қарқынды дамуының көрінісі. Соңғы 5 жылдың өзінде қала аумағы 2 есе өсті. Тұрғындардың жалпы саны – бір миллион жеті жүз адам. Алматы метрополитені қазірдің өзінде 30 миллионнан астам жолаушы тасымалдады. 2017 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Үлкен Алматы айналма жолының құрылысы басталады. Ол «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық магистралінің бір бөлігі болмақ. «Инновациялық технологиялар саябағы» арнайы экономикалық аймағы құрылып дамытылуда», – деді Мемлекет басшысы.

Бұдан бөлек, Қазақстан Президенті республикадағы барлық кәсіпкерлік сектордағы өндірілетін өнім мен көрсетілетін қызметтің төрттен бірі тиесілі шағын және орта бизнес субъектілерінің маңызды рөлін атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ Универсиадаға дайындық халықтың көбірек жұмыспен қамтылуына, қаланың туристік саласының дамуына жаңа серпін бергеніне назар аударды.

« Оның бірегей нысандарының құрылысына 107 миллиард теңге инвестиция тартылды. Соның арқасында мың жарым шағын және орта бизнес субъектілері жұмыспен қамтылып, 30 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылды. Қысқы Универсиадаға 57 елден 2 мыңнан астам спортшы қатысады. Алматының туристік кластерін дамыту арқылы 90 мың қала тұрғыны жұмыспен қамтамасыз етіледі», – деді Елбасы.

Соңында Қазақстан Президенті барша қазақстандықтарды олардың сүйікті әрі әсем де теңдессіз қаласының мыңжылдығымен тағы да құттықтап, зор денсаулық, бақ-береке және табыс тіледі.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
300

2018 жылдан бастап Ұлттық қордан қаражат тарту қысқартылады – Бишімбаев

Биылғы жылдың соңына дейін Ұлттық экономика министрлігі Ұлттық қордың қаржысын басқару тұжырымдамасын әзірлейді, деді Мәжілістің үкімет сағатында Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев.

«Мұнайдың төмен бағасын ұстап тұру тәртібінде   Ұлттық қорды сақтауды қамтамасыз ету маңызды. Біздің базалық жоспар бойынша  Ұлттық қордан бөлінген  жыл сайынғы трансферттің көлемі   2017 жылы 1,4 трлн теңгеден  және 2018-2019 жылдары 1,0 трлн теңгеден артық болады. 2018 жылдан бастап  Ұлттық қордан тартылатын қаражат айтарлықтай қысқартылады», - деді Қ.Бишімбаев.

Оның айтуынша, қазіргі таңда ведомствода  Ұлттық қордың қаражатын басқарудың жаңа тұжырымдамасы бойынша жұмыс жүргізілуде.

«Концепция жылдың соңына дейін әзірленіп,  Үкіметтің қаралуына ұсынылады», - деді ол.

««Нұрлы жол» бағдарламасы аясында инфрақұрылым мен тұрғын үйдің ауқымды құрылысына  байланысты құрылыс көлемі 6,7% -ға өсті. Тұрғын үйді пайдалануға беру қаңтар-тамыз айларында 14 пайызға өсті, яғни 6,37 млн шаршы метрге көбейді. Көппәтерлі тұрғын үйлердің көлемі 26,7 пайызға өсті – 3,1 млн шаршы метрге дейін, жеке тұрғын үй 4 пайызға өсті – 3,3 млн шаршы метрге дейін»,-деді Қ.Бишімбаев.

Минстрдің айтуы бойынша, мемлекеттің қаражаты есебінің арқасында салада оң динамика сақталған және оған 507 мың шаршы метр тұрғын үй салынды.

Министрліктің мәліметі бойынша, тұрғын үй құрылысының артуы Павлодар облысында – 42,9 пайыз, Ақмолада – 42,8 пайыз, Оңтүстік Қазақстанда-38,7 пайыз және Солтүстік Қазақстан облысында 33,1 пайызға өскені  байқалады. Сонымен қатар, Қостанай облысында 8,7 пайызға төмендеу тіркелген.

«2015-2016 жылдары тұрғын үй инфрақұрылымын жинау үшін 151,2 млрд теңге бөлінген»,-деді министр.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, жекешелендіру  үрдісін жақсарту үшін Үкіметпен 2016-2020 жылдарға арналған жекешелендірудің кешендік жоспары бекітілді. Оған 783 жекешелендіру нысандарының тізімі, сонымен қатар ТОП-65  ірі компаниялар кіреді. Бұлар мұнай-газ, темір жол, атом, энергетикалық және тағы да басқа ұйымдар»,-деді Қ.Бишімбаев.

Министрдің айтуы бойынша, бүгінгі күні тауар нарықтарының талдауы аясында квазимемлекеттік сектор компаниялары анықталуда және олар бәсекелестік ортада жұмыс істейді.

«Бәсекеге қабілетті ортаға тарату мақсатында министрліктер мен ведомстволардың ведомстволық бағынышты ұйымдарына қайта түгендеу  жұмыстарын жүргізу керек. Осылайша, жекешелендіру нысандарының тізімі толығып отырады. Оның басты мақсаты – экономикаға мемлекеттің қатысуын төмендету», - деді министр.

Ведомство басшысының айтуы бойынша, халықаралық тәжірибе көрсетіп отырғандай, жекешелендіру 30-40%-ға капитал мен инвестициялардың қайтару деңгейін арттырады.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
485

Қ.Бишімбаев: 8 ай ішінде өңдеу өнеркәсібінің өсімі 0,7%-ды құрады

Экономикалық өсім шикізат секторымен қамтамасыз етілуде. 8 ай ішінде өңдеу өнеркәсібінің өсімі 0,7%-ды құрады, деді Мәжілістің үкімет сағатында ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев.

«Экономикалық өсім барған сайын шикізат секторымен қамтамасыз етілуде. 8 ай ішінде өңдеу өнеркәсібінің өсімі 0,7%-ды құрады. Металлургия өнімдерінің өндірісі 8,3 пайызға, азық-түлік 3,8 пайызға, мұнай өңдеу 0,6 пайызға, пластмасса 2,4 пайызға, сонымен қатар фармация 2,5 пайызға өсті»,-деді Қ.Бишімбаев.

Министрдің айтуы бойынша, шикізат тауарлары  үшін экспорттың құрылымы да ұлғайтылды.

«Жоғары өңделген өнімдердің экспорты өсті – бұл тамақ өнеркәсібі: қант және тәтті тағам өнімдері  17,2 мың тоннаға дейін, яғни 84,0 пайызға  май және тоң май 26,9%, ет және ет өнімдері 12,5 пайызға өсті, химиялық тыңайтқыштар: 82,2 пайызға (114,5 мың тоннаға дейін), тоқыма материалдар 4,4 пайызға, дайын метал өнімдері: мойынтірек 51,2 пайызға өсті»,-деді министр.

Ведомство басшысы айтып өткендей, өңір бойынша өнеркәсіптің өсуі 9 аймақта байқалса, кему 7 аймақта тіркеліп отыр.

«Өнеркәсіп өндірісінің жоғары өсімі Оңтүстік Қазақстанда 4,5 пайызға, Ақмолада 4,2 пайызға және Шығыс Қазақстан облысында 4,1 пайызға жетті. Ал,  мұнай өндірудің    азаюына   орай, Қызылорда облысында 10,6 пайызға және Маңғыстау облысында 3,9 пайызға төмендеу байқалады. Қостанай облысында 4,1 пайызға төмендеу байқалады»,-деді ол.

«Мемлекет басшысы 2018 жылға қарай үш ауысымды оқытуды жою, апаттық жағдайдағы мектептердің санын қысқарту және 2020 жылға қарай 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды толығымен мектепке дейінгі білім берумен қамтамасыз ету бойынша тапсырма берді. 2015-2016 жылдары 77,3 млрд теңге бөлінді, 2015 жылы – 19,4 млрд теңге, 2016 жылы- 57,9 млрд теңге 96 білім беру нысандарының құрылысы үшін бөлінді. Олардың ішінде -77 мектеп және 19 балабақша бар»,-деді Қ.Бишімбаев.

Оның айтуынша, бүгінгі күні білім берудің 41 нысаны пайдалануға берілді, оның ішінде 21 мектепті үш ауысымды оқытуды жою үшін пайдалануға берді, 6 мектеп апаттық  жағдайда тұрған мектептерді ауыстырды  және 14 балабақша ел игілігіне тапсырылды.

«Жылдың соңына дейін қосымша 8 мектеп пен 4 балабақша салынатын болады. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін 2017 жылы біз Ұлттық қордан қосымша 71,7 млрд теңге беруді қарастырдық, сондай-ақ мектептерді сейсмикалық нығайтуға 8,3 млрд теңге қарыстырылған»,-деді министр.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
551

«Өңіраралық жастар бизнес тағылымдамалары» жобасы аясында жас кәсіпкерлер бас қосты.

2016 жылдың 27 маусым күні сағат 10:00-де «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының конференц залында «Қазақстан жастарының конгресі» және ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және «Казка» Қазақстан кәсіпкерлер ассоциациясының» қолдауымен «Өңіраралық жастар бизнес тағылымдамаларының» ашылуы өтті. Жобаның ашылуына жас кәсіпкерлер, шараның ұйымдастырушылары және серіктестері, сонымен қатар, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының» өкілдері қатысты.

«Өңіраралық жастар бизнес тағылымдамалары» маусым айының 27-нен шілденің 3-ші аралығында Астана қаласында өтеді. Тағылымдамалардың қатысушылары – жіберілген өтінімдер бойынша іріктелген жас кәсіпкерлер. Бес күн ішінде жас кәсіпкерлер Астана қаласының табысты бизнесмендерімен кездесуге мүмкіндік ала отырып, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, «Казка» Қазақстан кәсіпкерлер ассоциациясының» жобаларымен, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының» мемлекеттік қолдауына ие болу мүмкіндіктерімен танысады. Жоба аясында қатысушылар шағын және орта бизнес кәсіпорындарында тағылымдамалардан өтіп, жұмыс барысының ерекшеліктерін үйренеді. Бұдан басқа, жоба қатысушылары кәсіби мастер-класстарға қатысып, өз ісінің дамуына қажетті кеңестер алады.

0
0
717

БҰҰДБ: Қазақстанның сулы-батпақты алқабының бай биологиялық түрлілігі табиғи қалпына келтірілуде

1992 жылдан бастап БҰҰДБ ерекше қорғалатын табиғи аумаққа қолдау көрсетіп келеді, бүгінгі күні барлық 14 ЕҚТА Ғаламдық экологиялық қор үлесінің арқасында жұмыс істейді. БҰҰДБ осы бағыт бойынша жұмысын жалғастырады. Соңғы жылдары Қазақстанның ЕҚТА аумақтары 1 млн га жерге кеңейтілген. Бұл туралы Қазақстандағы БҰҰДБ Тұрақты өкілінің орынбасары Мунхтуя Алтангерел Strategy2050.kz АА берген сұхбатында мәлімдеді.

Қазақстанның сулы-батпақты алқабының аумағындағы маңызды экологиялық теңгерімсіздік нәтижесінде  елімізде БҰҰДБ/ҒЭҚ және Қазақстан Үкіметі бірлесіп сулы-батпақты алқапты сақтау бойынша бағдарлама жасады. Аталмыш аумақтағы жағдай экологиялық есеңгіреу нәтижесінде болып отыр.Көбінесе ол ауыл шаруашылық өндірісіне қатысты болды.

Аталмыш жоба үш ауданда тиімді және тұрақты басқару моделін қалыптастыруға бағытталған: шығыстағы Алакөл, орталық бөліктегі Теңіз-Қорғалжын және батыстағы Орал өзені.

Жобаның жұмысы экологиялық және экономикалық мәселелерді шешуде қол ұшын беруге бағытталған. Мысалы, браконьерлік, су ресурстарын басқару және туризммен қатысты істер.

«Бұл біз үшін маңызды жұмыс және оны соңғы 20 жылда іске асырып келеміз. 1992 жылдан бастап Қазақстанда БҰҰДБ ЕҚТА-ны қолдап келеді. ЕҚТА-ның әрбір тәжірибесі біздің жобалардың арқасында болып жатыр деп сеніммен айта аламын. Барлық 14 ЕҚТА ҒЭҚ жарнасының арқасында жұмыс жасауда . Сол себепті алдағы уақытта ЕҚТА-мен жұмысты жалғастырамыз және соңғы жылдары ғана ЕҚТА аумағы 1 млн га жерге ұлғайды»,-деді Мунхтуя Алтангерел.

Сарапшының айтуы бойынша, аталмыш жұмыс жалғасатын болады және жергілікті елді мекенді қолдау үшін барлық жұмыстар жасалатын болады.

«Біз оларды қайта оқытамыз. Оның барлығы жастарда жұмыстын болуы үшін жасалады»,-деді ол.

М. Алтангерелдің айтуы бойынша, БҰҰДБ еліміздің Су кодексіне өзгерістер енгізуге көмек көрсетті. Сонымен қатар, жаңа заңнамалық акті қабылданды.

«БҰҰДБ көптеген іс жасады: біріншіден, ең маңыздысы – қорықтарды кеңейтті. 2009 жылы екі есеге ұлғайдық. 2004 жылдан 2006 жылға дейін зерттеу жұмыстары жасалды»,-деп Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорының экологиялық оқыту бөлімінің бастығы Ольга Кошкина Strategy2050.kz АА берген сұхбатында айтты.

Айта кететін жайт, жалпы алғанда, ерекше қорғалған аудандағы биологиялық түрлілік 500-ден астам өсімдіктен және 1400-ден астам су және жер бетiндегi жануарлардан тұрады. Құстардың сулы-батпақты кешені Теңіз-Қорғалжын өзенінде 112 түрден тұрады.

«Қорғалжын қорығын дамытуға үлкен қаражат салдық. Нақты айтқанда 30 млн доллар. Қазіргі күні «Алтын Емел» қорғаныстағы аймақ бойынша жұмыс жасаудамыз және осы жұмыстарымыздың арқасында табиғаттың қандай да бір бөлігін сақтап қалғымыз келеді»,-деді Мунхтуя Алтангерел.

Бағдарламаның тағы бір нәтижесі, ол жұмыспен қамту мәселесін жақсарту болды. Шешім қабылдайтын жетекші сарапшылар мен лауазымды тұлғалар, сонымен қатар мемлекеттік орган қызметкерлері жер және мониторинг технологиясын қорғау жөніндегі кешендік оқытудан өтті.

Сонымен қатар, үш туристік орталық құрылды. Оған 2009 жылы Қорғалжын орталығы да кіреді. Бұл орталық қазіргі заманға лайықты технологиялармен жабдықталған және Орталық Азияда инновациялық орталық болып есептеледі. Жоба аясында қоршаған ортаны қорғау мен биологиялық түрлілік бойынша оқу курстары жасалған. Сонымен қатар, Қазақстандағы мектептер үшін мультимедиялық жәрдем жаслаған.

О.Кошкинаның айтуы бойынша, бұрындары Қорғалжын қорығының аумағында туризм дамымаған болды.

«Сулы-батпақты жерлерді сақтау бойынша  БҰҰДБ жобасы – қорықтарға көп жұмыс жасаған жоба, көбінесе эко-туризмді дамыту бойынша. Жоба 2004 жылдан бастап істеді және 2011 жылы жұмысын аяқтады – бұл табиғи-қорғау жобалары бойынша ең ірі жоба болды және ол 4 құрамдас бойынша жұмыс жасады. Тұжырымдама жобаның қаражаты мен жағдайы бойынша дайындалды және шамамен 18 млн теңгені құрады»,-деді О. Кошкина.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
1251

Р.Жақыпов: Қазақстанда қару-жарақты заңсыз сатып алудың кез келген мүмкіндігін болдырмау қажет

Қазақстанда қару-жарақты заңсыз сатып алудың кез келген мүмкіндігін болдырмау қажет.Министрлік аң ату қаруының данасын 10-нан 4 бірлікке дейін қысқартуды Қазақстанда лаңкестік болмаған жағдайда енгізбес еді, деді Ішкі істер министрінің орынбасары Рашид Жақыпов Мәжілістегі лаңкестік пен экстремизмге қарсы күрес заң жобасының талқылануы барысында.

«Мемлекет пен тұрғындардың қауіпсіздігін қамту үшін біз азаматтық қаруды  4 бірліктен асырмау туралы шешімді қайта талқылауға келіп отырмыз. Біз қару-жарақты заңсыз қолдану  бойынша мысалдар келтірдік. Егер бір үйден 10 қару шығатын болса, 10 лаңкес қару-жарақпен қамтылды деп есептеуге болады», - деді Р.Жақыпов.

Министрдің орынбасары айтып өткендей, болашақта мемлекет заңсыз қолданылатын қарудың кез келген мүмкіндігін болдырмауы керек.

«Біз адамдардың қару сатып алғанына қарсы емеспіз, бірақ олардың саны 10 емес төрт болуы керек.  Меніңше, аң аулаудың да әр түрлі түрі бар. Біз бұл тәртіптерді Қазақстанда лаңкестік орнамаған жағайда енгізбесте едік», - деді Р.Жақыпов.

Айта кетейік, Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» үкіметтік заң жобасының таныстырылған болатын.

Заң жобасына енгізілетін түзетулер қару-жарақтың заңсыз айналымы, заңсыз көші-қон және есірткі бизнесі саласындағы қылмыстар бойынша балама тергеуді енгізуге, қару-жарақ айналымына, оны сақтау тәртібіне бақылауды күшейту, оның ішінде азаматтық және қызметтік қару-жарақ пен оқ-дәрілердің айналымы саласында жұмыс істейтін, сондай-ақ күзет қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік бақылаудың ерекше тәртібін жүзеге асыруға бағытталған.

Сонымен қатарқұжаттаэкстремизм мен терроризмге ықпал ететін діни топтар мен бірлестіктердің іс-әрекеттеріне тыйым салу да қарастырылған.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
422

ШҚО-да ШОБ аясында қаржыландырылатын басым жобалар анықталды

Шығыс Қазақстан облысы мен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ арасында шағын және орта кәсіпкерлік бойынша өңірлік қаржыландыру бағдарламасын жүзеге асыру үшін меморандумға қол қойылды.

Тиімді пайыздық көрсеткішпен  кәсіпкерлерге  7 жылға несие беріледі, деп хабарлады ақпараттық орталық.

Бағдарлама жергілікті атқарушы органдар мен «Даму» қоры есебінен жүзеге асырылады. Сонымен қатар, әкімдіктер мен Қордың бірлесіп қаржыландыруы 1:1 өзара қатынасына бөлінеді. Бағдарлама әрбір аймақта ШОБ-тың жобалық қаржыландырудың басым секторларын айқындауға мүмкіндік береді.

Аймақ басшысы Даниал Ахметов айтып өткендей, ШҚО-да шағын және орта бизнес субъектілерін аймақтық қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде негізгі сүйеніш ауыл шаруашылығы өнімдерінің кооперативтік маркетингісіне, сүтті-тауарлы фермалардың құрылысын ұлғайтуға, ағаш өңдеу және туризмге жасалатын болады.

Жиналыс барысында облыс әкімі жұмыс тобын құруға тапсырма берді және басшылықпен осы бағыт бойынша жобалар іске асырылатын болады.

«Біз 4 ірі бағытты анықтадық және олар тиісті жобалармен жұмыс істейді. Ауданның және қаланың әрбір әкімі өздерінің ұсыныстарын дайындауы тиіс. Сонымен қатар, басқа бағыттар бойынша да жобалар қарастырылады. Бүгінгі күні 7 жылға 8,5 пайызбен несие беру тиімді болып табылады. Біз өзіміздің облысымыздың кәсібін керегінше қаржыландыруға дайынбыз»,-деді ол.

Қамтамасыз етудің жетіспеушілігі жағдайында, сіз «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде ішінара кепілдендіру құралын пайдалана аласыз.  Қаражаттың мақсатты пайдалануын «Даму» қоры қадағалайды.

Айта кететін жайт, бағдарламаны іске асыру аясында 2016 жылдың басынан бастап Қормен Қазақстанның барлық аймағына 10,9 млрдл теңге тартылған.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
331

ШҚО әкімі білім беру нысандарын жөндеуге кешенді түрде қарауға тапсырма берді

Шығыс Қазақстанда «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында биыл білім берудің 139 нысаны жөнделді. 2017 жылы осы жұмысты жалғастыру барысында, аймақ басшысы Даниал Ахметов білім беру нысандарын жөндеуге кешенді түрде қарауға тапсырма берді, деп хабарлады ақпарат орталығы.

Биыл Шығыс Қазақстанда «Жаңару» бағдарламасына бөлінген қаржының шамамен 90 пайызы  мектептердің жөндеу жұмысына бағытталған. Жалпы, 139 нысан қайта жаңартылды және оған 2,2 млрд теңге жұмсалды. Алдын ала деректер бойынша, 2017 жылы ШҚО аудандарының 115 мекемесіне жөндеу жұмыстарын жүргізу керек болады.

Жиналыс барысында аймақ басшысы аталмыш мәселеге кешенді түрде қарауға тапсырма берді.

Білім беру басқармасының талдамасы көрсетіп отырғандай, Шығыс Қазақстанда жыл сайын бір мектепке жөндеу жұмыстары жасалынып тұрады. Осыған орай, «Жаңару» бағдарламасы бойынша салынған қаржыдан әсер азайады.

«Біз әрдайым жөндеу жұмыстарын жүргізе алмаймыз. Бұл жерде кешендік сипат болу керек»,-деді Д.Ахметов.

Аймақ басшысының тапсырмасы бойынша, 2016-2017 жж. «Жаңару» бағдарламасының барлық ресурстары білім беру нысандарының жөндеу жұмыстарына бағытталатын болады.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
433