Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Конференция барысында өзекті мәселелер талқыланды

А.ж. 16 қыркүйекте  Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының мәжіліс залында  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Ақмола облысы бойынша департаментінің (бұдан әрі - Департамент) басшысы Қ.Жапақовтың төрағалық етуімен  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін қамтамасыз ету, мемлекеттің әлеуметтік-мәдени функцияларын іске асыру негіздерінің бірі» тақырыбындағы облыстық коференция өтті.

Конференцияның мақсаттары мен міндеттері квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, мемлекеттік мүлікті басқару, мемлекеттің әлеуметтік-мәдени функцияларын іске асыру  ашықтығын қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау арқылы  сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту және сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатттың тиімділігін арттыруға бағытталған.

Модератор –  Департамент басшысы Қ. Жапақов. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының  стратегиялық мақсаттары мен міндеттері жөнінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы  коммерциялық емес қоғамы  Ақмола облысы бойынша филиалының халыққа қызмет көрсету орталығы департаментінің бқұжаттамалық және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы А. Құсайынов баяндады. Денсаулық сақтау  саласындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған  жұмыс  туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Г. Құлышева, білім саласындағы жұмыстың ахуалы туралы облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары В. Гамазов хабарлады.

Конференцияның соңында  «Жастар ресурстық орталығы»  КММ кеңесші-психологы Э. Куссиева «Сыбайлас жемқорлық  психологиясы: белгілері, диагностикасы және алдын алу» тақырыбына тренинг өткізді.

Конференцияның жұмысына квазимемлекеттік сектордың, облыстық денсаулық сақтау және білім басқармаларының, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, жалпы саны 110 адам қатысты.
Департамент госслужбы

0
0
357

Осы тақырып бойынша

Конференция барысында өзекті мәселелер талқыланды - Yvision.kz